"2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі N 205 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 01 тамызда N 3433 болып тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты)

     Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес және «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы»
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3235, 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 45 (16982) «Дидар», 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 45 (19492) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімінің міндетін
      атқарушы

Е. Көшербаев

   


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы « 29 » шілдедегі
№ 205 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 75 қаулысына
2 қосымша

Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі
 
 

р/с

Қалалардың, аудандардың атауы

Субсидия көлемі,
мың теңге

1

Семей

53741

2

Бородулиха

35670,5

3

Глубокое

49649,4

4

Ұлан

50056,22

5

Үржар

8158,5

6

Зайсан

1125


Облыс бойынша

198401

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады