"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 268 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 3511 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2015 № 244 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 14 шілдедегі № 190 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi 3445, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 94 (17031) "Дидар", 2014 жылғы 18 тамыздағы № 94 (19541) "Рудный Алтай" газеттерiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
       9-тармақтың үшінші бөлігі алынсын;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында және қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.";
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
       8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада көрсетілген.";
       8-тармақтың үшінші бөлігі алынсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында және қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.";
       қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде
       8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада көрсетілген.";
       8-тармақтың үшінші бөлігі алынсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында және қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.";
       қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Облыс әкімінің
 
міндетін атқарушы
Е. Көшербаев

      

 

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 10 " қазандағы
№ 268 қаулысына 1 қосымша

 

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға лицензия
беру және қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3 қосымша

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

      


2. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

      


Шартты белгілер:

      


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

 

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 10 " қазандағы
№ 268 қаулысына 2 қосымша

 

  "Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде

      


Шартты белгілер:

      


 

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 10 " қазандағы
№ 268 қаулысына 3 қосымша

 

  "Ветеринариялық анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2 қосымша

"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде

      


Шартты белгілер:

      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады