"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы N 24/306-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда N 3630 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Завьялов
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы Г. Пинчук

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
10 желтоқсандағы № 24/306-V
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары,* теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

80,8

2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

232,3

3
Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

65,4

4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

65,4

5
Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

24,3

6
Су көлігі

теңге /1000 т. км

8,9

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

74,4

8
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 тек.м

205,3

9
Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 тек.м

59,0

10
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 тек.м

56,4

11
Су энергетикасы

теңге /1000 кВт.сағ.

21,8

12
Су көлігі

теңге /1000 т. км

6,4

      *Ескерту: төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады