Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8235 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 3578 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 29-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының кәсіпкерлік сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      15-тармақта:
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;";
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 21 апреля 2014 года № 4852 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска"

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 13 ноября 2014 года № 8235. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 декабря 2014 года № 3578. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 24 мая 2016 года № 369

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 24.05.2016 № 369.
      В соответствии с пунктом 29 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления", статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Усть-Каменогорска "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска" от 21 апреля 2014 года № 4852 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3314, опубликовано 22 мая 2014 года в газетах "Өскемен", "Усть-Каменогорск") следующие изменение и дополнение:
      в Положении о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска", утверждҰнном указанным постановлением:
      в пункте 15:
      подпункт 25) изложить в следующей редакции:
      "25) разработка проектов нормативных правовых актов акима и акимата города в пределах компетенции учреждения;";
      в пункте 16:дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) осуществлять права владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, субъекта права государственных юридических лиц, в том числе на принятие решений, аналогично компетенции уполномоченных органов соответствующей отрасли согласно законодательству Республики Казахстан о государственном имуществе;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города
      Усть-Каменогорска Т. Касымжанов