"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV Курчатов қалалық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/151-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 3231 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV Курчатов қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-бөлімдегі 4-тармақтың 4-азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. Дмитропавленко





Курчатов қалалық


мәслихатының хатшысы

Г. Қарымбаева


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады