"Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V Курчатов қалалық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 28/193-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 3506 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VI шешімімен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/153-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 381-бабы, 386-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 17-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V Курчатов қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2828 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1-қосымшаға сәйкес Курчатов қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Курчатов қалалық

мәслихатының хатшысы

Х. Түсіпбаев


Г. Қарымбаева


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады