Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 811 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қыркүйекте № 3485 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 28.12.2020 № 846 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18- бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 2 тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 25.03.2016 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сай азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ю.В. Шматкоға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Риддер қалалық
      мәслихатының хатшысы И. Панченко
      "21" тамыз 2014 жыл

  Риддер қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "21" тамыз
№ 811 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары: мамандар (бас, аға), оның ішінде: медициналық бике, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, тәрбиеші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, оқытушы, үйірме жетекшісі;

      2) техникалық орындаушылар, оның ішінде: іс жүргізуші, тәрбиешінің көмекшісі.

      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары: мәдениет ұйымдастырушысы, кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады