"Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-5-V шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3279 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 27-6-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2838 нөмірімен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 10 (310), «Пульс района» газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 10 (6629) сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
       шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағиданы бекіту туралы»;
       шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережелер», «Ережеде», «Ереженің», «Ережесін», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше «Қағидасы», «Қағида», «Қағидалар», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидасын», «Қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
       шешімнің 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
      Ереженің 2-тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «5) Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер менбайланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «3) өтініш берушінің тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын ауыл және кент әкімінің анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекен-жайы туралы анықтама;»;
      Ереженің 4-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «9) Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.».
      Ереженің 4-тармағы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
      Ұсынылған жұмыстан және жұмысқа орналасудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі немесе қоғамдық жұмыстардан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлықтан, кәсіптікті жоғарылатудан дәлелсіз себептермен немесе өз еркімен халықтың әлеуметтік-әлсіз тобын белсенді формалармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жұмысынан бас тартқан азаматтар өздерінің тұрғын үй көмегін алу құқықтарын жоғалтады.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

Р. Бергенев
У. Майжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады