"Бородулиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 21-11-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 26-5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 3519 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-12-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12-12-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бородулиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 21-11-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 11 мамырдағы 3302 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 38, "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 39 сандарында жарияланды) Бородулиха аудандық маслихатының шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Бородулиха аудандық мәслихатының регламентінің 20 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы мәслихатының нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментіне мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ю. Ковязин
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады