"Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 1505 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 3638 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 156 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Глубокое ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Глубокое аудандық әкімдіктің
2014 жылғы "25"
желтоқсандағы
№ 1505 қаулысымен
бекітілді

"Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасынының индустриалды-инновациялық стратегияны, өнеркәсіп әлеуетін дамыту, жеке кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді дамыту салаларында жетекшілік етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес казынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің тарапынан азаматтық-құқықтық қатынастарға мәлімдеме жасауға құқығы бар.
      6. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. ""Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі 11а, индексі 070500.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ауданның индустриалды-инновациялық кешенін, ішкі және сыртқы ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастыру. Халықаралық сапа стандарттарына сай келетін, импортты алмастыратын, экспортқа шығаратын өнімге бағытталған, инновациялық өніммен келісілген экономиканың нақты секторын тұрақты дамыту.
      14. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте, индустриалды-инновациялық даму, өнеркәсіп, мемлекеттік сауда саясаты, туризм саласында мемлекеттік саясатты қолдау және жеке кәсіпкерлікті дамытудағы жүзеге асыруға қатысу; 
      2) өз құзыреті аясында сауда қызметі субъектілерінің жұмысын реттеуге қатысу;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      4) ауданда жеке кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылым объектілерін және инновациялық қызметті құру және дамыту;
      5) Қазақстан Республикасының үдемелі индустириалды-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу;
      15. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) Глубокое ауданын үдемелі индустриалды дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізу;
      2) "Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинау, талдау және беруді жүзеге асыру; 
      3) Глубокое ауданының кәсіпкерлік мәселелері бойынша Эксперттік кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      4) ауданда өнеркәсіптің, сауданың, нарық конъюктурасы мен туризмнің даму динамикасына мониторинг жүргізуге қатысу;
      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған меморандумдарға мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;
      6) "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша актілердің жобаларын әзірлеу;
      7) жоғары тұрған мемлекеттік органдар үшін "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін салалар бойынша аналитикалық және ақпараттық материалдар дайындау;
      16. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамада берілген құзыретке сәйкес, бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      2) "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін кәсіпорындардың және ұйымдардың (келісім бойынша) жобалық-сметалық, технологиялық және атқарушы құжаттамаларына кеңес беруге және танысуға;
      3) басымдылықтарды, мақсатты бағдарламаларды, аналитикалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажетті жағдайда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды (келісім бойынша) тартуға;
      4) "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретінің мәселелеріне қатысты өткізілетін отырыстарға, жиналыстарға және кеңестерге қатысуға;
      5) салалардың жұмыстарын жетілдіру мен жақсарту жөніндегі мәселелерді аудан әкімдігінің отырысына қарау үшін ұсыныс енгізеді;

3. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      19. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзінің құзыретіне сәйкес, біркелкілік қағидасымен және дербес түрде мекеме қызметі мәселелерін шешеді;
      2) қолданыстағы заңнамада белгіленген құзырының аясында мәселелерді шешу және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрауға және алуға;
      3) мекеменің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі кеңеске мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерін тарта отырып, бекітілген тәртіпте шақырады;
      4) мекеме қызметшілерінің өкілеттіктерін анықтайды.
      "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға атқарады.

4. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, оған меншік иесі берген және басқа да жерлерден өткізілген мүліктерден құрылады.
      21. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада басқа көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату.

      23. "Глубокое ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады