"Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 2525 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 шілдеде № 3397 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 95 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V Заңының талаптарына сәйкес келтірілуіне байланысты Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1609 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2013 жылдың 23 қаңтарында № 2839 тіркелген, № 4 "Пульс Зыряновска" и "Көктас таңы" гезеттерінде 2013 жылдың 31 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зырян ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады