"Зырян ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Зырян ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы N 2599 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда N 3456 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      1994 жылғы 27-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №31/6-V шешімімен бекітілген Зырян ауданының басқару тәсімі шеңберінде Зырян ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Зырян ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Зырян ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) қайта құрылсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөлім туралы ереже бекітілсін.
      3. Бөлім басшысы Бөлімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан шығатын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары О.М.Нұрмұханға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 12 тамыздағы
№ 2599 қаулысымен бекітілген

"Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрі - Бөлiм) Зырян ауданы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әрекет ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемесі болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ әрекеттегі Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгіде бланкісі, Қазынашылық бөлімінде шоты бар.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан кіріседі.
      5. Бөлім заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар жағында мемлекеттің атынан болып шығуға құқығы бар.
      6. Бөлім заңнамасымен белгіленген тәртіпте, бөлімнің басшысымен рәсімделген бұйрықтарымен өз құзырет мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды.
      7. Бөлім штаттық санының құрылымы мен лимиті әрекеттегі заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070804, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесi, 18.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекеме.
      10. Әрекеттегі Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылады.
      12. Бөлім міндеттері болып табылатын, міндеттерді атқару мәніне кәсіпкерлік субъектілеріне шартты қатынастарына кіруге болмайды.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

2. Мемлекеттік органның міндеті, негізгі мақсаттары, қызметтерi мен құқықтары

      14. Бөлім міндеті: Зырян ауданының аумағында сәулет; қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру.
      15. Мақсаттары:
      1) толыққанды тiршiлiк ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттiк және қала құрылысы шешiмдерiн әзiрлеу мен iске асыру және Зырян ауданы аумағын сәулеттiк-қала құрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтiк-экономикалық кешендi мiндеттердi шешуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) жаңа және ескi құрылысты жобалау кезiнде аудандағы елді мекендердің сәулеттiк келбетiнiң сақталуын ескерумен кешендiлiктi қамтамасыз ету;
      3) жерлердi, табиғи және материалдық ресурстарды тиiмдi және үнемдi пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қала құрылысының жаңа ұстанымдары мен тәсiлдерiн енгiзу;
      4) ауданның елді мекендерінде қоғамдық орталықтар, алаңдар, көшелер, жаяу жүргiншiлер аймақтары, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендердiң аяқталған сәулеттiк ансамбльдерiн құру.
      16. Бөлім қызметi:
      1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауданның ауылдық елдi мекендерінiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
      2) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер береді;
      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыруды қамтамасыз етеді;
      4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдерді қабылдау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) тiркеу және есебiн жүргiзу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң және өзге де ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      8) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жобаларын iске асырады;
      9) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзеді;
      10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;
      11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      12) құрылыс үшін жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді;
      13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтар мен міндеттер:
      Бөлім:
      1) Аудан басшылығының қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;
      2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау және бірлесіп орындау үшін ауданның жергілікті атқару органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыруға;
      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізуге бастама жасауға;
      4) басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен оның басшыларынан, азаматтардан өзінің міндеттерін орындауға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы құзыреттілігі шегінде сұрауға құқылы.
      Бөлім:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
      2) заңды және жеке тұлғалардың ресми сұрауы болған жағдайда өз құзыретінің шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпараттар беруге;
      3) Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілер этикасын сақтауын қамтамасыз етуге;
      4) Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлім басшысының құзыреті:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
      6) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыретті жүзеге асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады