Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 30-4/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда N 3639 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-6/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 4-6/3 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512 , 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2134, 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 319 қаулыларына сәйкес;
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 2-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. 1 қосымшаға сәйкес ұсынылған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Е. Сихварт
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Р. Беспаев

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 30-4/2 шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі-Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2134, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 2-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 04.02.2015 № 31-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлер ұсынған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.
      Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады.
      Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін жергілікті атқарушы орган көрсетеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 2-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 319 қаулысымен бектілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 2-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
      8. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін қабылданады.
      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейді:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын, 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балаларды тәрбиелеумен айналысатың, аналарды;
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген.
      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. 
      12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
      13. Жылу энергиясын тұтынуды үйге ортақ есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары шегінде анықталады.
      14. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз етуді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.
      15. Үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған жағдайда жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
      1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда –баланың ата-анасының табыстары есептеледі.
      17. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз уәкілетті органның шешімі болып табылады.
      18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
      Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапты болады.
      19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай жиырма пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;
      3 адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
      4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 15 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға арналған шығын – 1 шаршы метрге 30 теңге; 
      3) айына 1 адамға газ шығыны – 6,5 кг.;
      4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт. 1 адамнан көп адам тұрған жағдайда - әр адамға 45 кВт, барлығы 300 кВт аспау керек.
      5) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      23. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      24. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Көпекті аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 30-4/2 шешіміне
2 қосымша

      Көкпекті аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
      1) Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетүдің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-105 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 34-35 "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2) Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 11-3/1 "Тұрғын үй көмегін көрсетүдің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2919 тіркелген, 2013 жылғы 14 сәуірдегі № 30 "Новая жизнь" және 2013 жылғы 28 сәуірдегі № 34 "Жұлдыз" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 21-5/1 "Тұрғын үй көмегін көрсетүдің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3175 тіркелген, 2014 жылғы 2 ақпандағы № 11 "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/1 "Тұрғын үй көмегін көрсетүдің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3255 тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы № 37 "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады