"Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-252/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3354 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-262/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 25-262/VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-132 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2011 жылдың 10 қарашасында 95 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары және Үржар ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы".

      2. Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


Үржар аудандық


мәслихаттың хатшысы

М. Бітімбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады