"Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5–IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 3224 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 26/9-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 05.07.2018 № 26/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381, 386-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6–бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 17 бабының 3)-тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-147 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2011 жылы 21 сәуірде № 16 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Боровиков

Шемонаиха аудандық


мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады