Шемонаиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 94 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3266 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 29.09.2016 № 231 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1- бабы, 34-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 тіркелген, "Уба-информ" газетінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесінде:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына" сөздері алынсын.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмiнiң орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсiн.
      Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады