Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 17 қазандағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9889 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 01.06.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қабылдануына байланысты және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4), 4-1) тармақшаларын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7425 тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық іс жүргізу, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару, 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде (бұдан әрі – органдар) өтініштерді қарау мәселелерін нақтылайды.";

      келесі мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген тәртіпте қаралады";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Прокуратура органдарында өтініштерді есепке алуға және тіркеуге қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 3 қазандағы № 118қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару ережелерімен реттеледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс қағаздарын жүргізу басқармасы Бас прокуратураға келіп түскен өтініштерді Бас прокуратура басшылығына мәлімдейді немесе мәселенің мән-жайы бойынша Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, қолдағы материалдар мен қадағалау іс жүргізулері зерделене отырып беріледі.

      Төменгі тұрған прокуратураларда өтініштерді прокуратура басшылығына баяндауды немесе құрылымдық бөлімшелеріне жолдауды осы міндет жүктелген тұлғалармен жүзеге асырылады.";

      23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ҚІЖК 423, 488-баптарының, АІЖК 391, 388-баптарының талаптарына сәйкес келмейтін қылмыстық және азаматтық істер бойынша қадағалау наразылық келтіру туралы өтініштер (қолдаухаттар).

      Егер қылмыстық және азаматтық істер бойынша қадағалау наразылықтарын келтіру туралы қолдаухаттар ҚІЖК 423, 488-баптарының, АІЖК 391-бабының талаптарына сәйкес келмейтін болса, ол тиісінше ҚІЖК 489-бабында, АІЖК 392-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес қараусыз кері қайтарылады. Бұл ретте қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш берген тұлғаға өтінішін кері қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойған соң Бас прокуратураға қайта өтініш жасау беруге немесе тікелей Жоғарғы Сотқа қадағалау сот тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы өтініш беру құқығы түсіндіріледі.

      АІЖК 388-бабының 1-бөлігімен және ҚІЖК 487-бабымен көзделген қадағалау наразылығын келтіру мерзімдері өтіп кеткен сот актілеріне қадағалау наразылығын келтіру туралы қолдаухаттар тиісті заң түсіндіріле отырып, қараусыз кері қайтарылады;";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді беру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылы 3 қазандағы № 118қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органадарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      49-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Егер өтініш берушінің қайта жазған өтінішінде жаңадан анықталған басқадай уәждер мен жағдайлар болмаса, алдыңғы өтініші бойынша жан-жақты тексеру материалдары болса және өтініш берушіге прокуратура органының бірінші басшысы белгіленген тәртіпте жауап берген болса, өтініш берушімен хат алмасу тоқтатылады.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекеме басшыларына және облыстық және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.

      3. Бұйрық:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

      2) Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен мекемелерінің басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А.Дауылбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады