Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9711 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабы 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2014 жылғы 16 шілдедегі
  № 147 қаулысымен
  бекітілген

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Кіріспе алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, ұйымның жұмыс тәртібін және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктерін айқындайды.

      Қағидалардың уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылуына байланысты тағайындалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындауы үшін көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – уәкілетті орган мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкімшілік);

      2) уақытша әкімшіліктің басшысы – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      3) уақытша әкімшіліктің мүшесі – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымы (бұдан әрі - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым) қызметкерлері.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.

      Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылған кезде уәкілетті орган тағайындайтын уақытша әкімшілік сақтандыру портфелі берілгеннен кейін өз өкілеттігін тоқтатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:

      1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;

      2) уәкілетті органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің күні және нөмірі;

      3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;

      4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, тегі, аты, болса әкесінің аты;

      5) уәкілетті органның уақытша әкімшілікке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау туралы тапсырмалары көрсетіледі.

      4. Уақытша әкімшіліктің құрамын уәкілетті орган ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай айқындайды.

      Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

      Көрсетілген кезеңде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдері сақталады.

      Уақытша әкімшілік басшысы болып жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі бар адам тағайындалады.

      Басшылықтың жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыруға көмек көрсететін уәкілетті орган қызметкерлерінің ұйымның үй-жайларына кіру және уақытша әкімшіліктің иелігіндегі құжаттарға қолжеткізу рұқсаты болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері бар банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді.

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымының қызметкерлері кіреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Лицензиядан айырылған және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-1-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң) 69-бабында және 72-1-баптың 6-тармағымен көзделген салдар басталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уақытша әкімшілік уәкілетті орган оны тағайындаған күні өз міндеттерін орындауға кіріседі. Уәкілетті органның Банктер туралы заңның 48-бабына және Сақтандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қабылданған ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешімдерінің көшірмелерін уақытша әкімшілік дереу ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жібереді. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы уақытша әкімшіліктің басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырылады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберіледі. уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімдерін қол қойдырып тапсыруға және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкіндігі болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмауы немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімдерімен танысып шығудан бас тартуы, оның ішінде уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімін электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.

      Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көзделген іс-қимылдар жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшіліктің жұмысын басқарады және үйлестіреді, мүлкін сақтауды және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады, уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі.

      Міндеттерді бөлуді уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығару және олардың өкілеттіктерін бекіту арқылы жүзеге асырады.

      Уақытша әкімшілік басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін басшы уақытша әкімшілік мүшелерінің қатарынан тағайындаған оның орынбасары атқарады.

      9-1. Ұйымның филиалдары не өкілдіктері болған кезде филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша уақытша әкімшіліктің басшысына есеп беретін уақытша әкімшілік бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) құрылады.

      Бөлімшені уақытша әкімшіліктің басшысы уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкімшіліктің мүшелері қатарынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады.

      Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және өзіне уақытша әкімшіліктің басшысы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

      Бөлімше басшысы бөлімшенің жұмысын басқарады және үйлестіреді, ұйымның әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі мүлкінің және кепіл беруші ұйымның иелік етуіне берген кепіл мүліктің сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Уақытша әкімшілік ұйым басшысынан (оның орнындағы адамнан) және ұйымның материалдық жауапты өзге адамдарынан ұйымның барлық мөрлерін (бар болса), мөртабандарын, клишелерін, кілттерін, пломбаларын және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды дереу өткізуін талап етеді.

      Уақытша әкімшілік ұйым басшысы (оның орнындағы адам) және ұйымның материалдық жауапты өзге адамдар мөрлерді (бар болса), мөртабандарды, клишелерді, кілттерді, пломбирлерді және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды өткізбеген жағдайда Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес уақытша әкімшіліктің жұмысты жүзеге асыруына кедергі ету туралы актіні (бұдан әрі - кедергі ету туралы акт) жасайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қажетті мөрлердің, мөртабандардың, клишелердің, кілттердің және пломбирлердің телнұсқаларын дайындау бойынша шаралар қабылдайды.

      Уақытша әкімшілік мөрдің телнұсқасын әзірлеген күннің алдындағы жұмыс күнінен кешіктірмей, мөрдің телнұсқасының және мөрдің телнұсқасы бедерлемесін әзірленгендігі туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауымен байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және орындауға, кредиторлық берешекті кез келген нысанда өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерін орындауына, қарсы біртекті талаптарды жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде мыналарға:

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит сомасын және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиторға қатысты кредитор немесе кепілгер болатын банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызуды жүзеге асыруға;

      мүлікті бағалау үшін "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушымен (бұдан әрі – бағалаушы) жасалған шарт негізінде барлық мүлікті немесе оның бір бөлігін бағалау жүргізуге;

      Қағидалардың 51-тармағында көзделген талаптарға сәйкес 1 (бір) бірлік үшін бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлікті өткізуге жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Уақытша әкімшілік шығыстарды барынша азайту мақсатында уәкілетті органды хабардар ете отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.

      Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.

      Уақытша әкімшіліктің жалға беру шартын жасауы уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне шектеулер қоюға жалға алушының келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155-тармақтарына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалардың және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптардың 82-2, 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтарына сәйкес шарт жасалады.

      Ұйымның бұрынғы қызметкерлері, ұйымның кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ ұйымның уақытша әкімшілігінің төрағасы, мүшелері және жұмысқа тартылған қызметкерлері тендерге қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Уақытша әкімшілік өзінің қызмет жасау мерзімі аралығында ұйымның барлық үй-жайына кедергісіз кіре алады, қызметтік үй-жайларды, байланыс құралдарын (автомобиль көлігі мен өзге де техникалық құралдар) (бұдан әрі – қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдықтары) уақытша әкімшілік қызметін жүзеге асыруға арналған тиесілі ұйымдарды пайдалана алады.

      Уәкілетті органның уәкілетті бөлімшесі ұйымның қызметті қамтамасыз ету құрал-жабдығының жоқтығынан немесе оларды пайдалану мүмкіндігі жоқтығынан уақытша әкімшіліктің кіріс және шығыс хат-хабарларын қабылдауды және жіберуді жүзеге асырады, сондай-ақ уақытша әкімшілік уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарға кіру рұқсатын ұсынады.

      14. Уақытша әкімшілік ұйымның мүлкін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ақшасы бар болса:

      1) үй-жайлардың, ғимараттардың, қақпалардың, металл шкафтардың, сейфтердің (бұдан әрі – арнайы құрылғылар) құлыптарын, кілттерін арнайы кіру құрылғыларын пайдалана отырып, ауыстыруды жүзеге асырады;

      2) қажет болғанда күзет қызметін (ғимараттар, үй-жайлар, ұйымның мүлкі) көрсететін ұйыммен жасалған шартты бұзып, күзету қызметін ұсынатын басқа заңды тұлғалармен шарт жасайды.

      Уақытша әкімшілік уәкілетті органға уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің электронды құжаттарды сақтау мен ұйымның автоматтандырылған жүйесіне кіру рұқсаты үшін пайдаланатын кілттер мен парольді ауыстыру жөніндегі өтінішпен хабарласады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні мынадай іс-қимылдарды атқарады:

      1) ұйымның басшысына лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін табыс етеді және лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесін ұйым клиенттерінің шолып шығуы үшін қол жетімді орынға орналастырады;

      2) ұйымның басшысынан және өзге адамдардан ұйымды тіркеуге байланысты құжаттарды, ұйымға берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа заңды тұлғалардың құжаттамалық нысанда шығарған бағалы қағаздарын, ұйым меншік иесі болып табылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттарын, кіру кодын, ақпаратқа рұқсат беру мақсатындағы парольдерге байланысты барлық құжаттарды оларға дереу өткізуді талап етеді және оларды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды;

      3) ұйымның кассаларын, банкоматтарын, оның филиалдарындағы, өкілдіктеріндегі және өзге де бөлімшелеріндегі бар барлық ақшаны және өзге құндылықтарды тексеруді (ревизияны) бастайды және оны үш жұмыс күні ішінде аяқтайды;

      4) ұйымда банктік шоттардың болуын анықтайды және банктерді лицензиядан айыру және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы уәкілетті органның шешімін, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тек уақытша әкімшілік жүргізетіндігін және банктік шоттар бойынша үзінді көшірмелер ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

      5) осының алдында ұйымның атынан берілген сенімхаттарды жояды, сондай-ақ бұл туралы сенімхатта көрсетілген заңды және жеке тұлғаларды хабардар етеді;

      6) Банктер туралы заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен, Сақтандыру туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 6) тармақшасымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;

      7) уақытша әкімшілік тағайындалған күні электронды түрде бар автоматтандырылған жүйенің есепті деректерін жеке электронды тасымалдағышқа көшірме (резервтік көшірме) жасай отырып, бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады (банктер үшін - баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - бас бухгалтерлік кітап). Электронды түрдегі осы ақпарат болмаған кезде осы аталған күнгі қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады.

      16. Уақытша әкімшілік мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;

      2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар жаңа құжаттарды банктерге және банктің корреспонденттік шоттары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады;

      банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және салыстыру қорытындысы бойынша акт жасайды;

      мүлікті және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" (бұдан әрі – орталық депозитарий), "Қазақстан қор биржасы" және кредиттік бюроларға уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және ұйым мүлкінің сақталуын және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер өтетін уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдері жайында хабарлайды;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы хабарлайды;

      3) ұйымның акционерлеріне, кредиторларына және дебиторларына уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерін ұйымның интернет-ресурсында уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап Астана қаласының уақытымен сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарландыру жариялау арқылы жібереді;

      4) банктің мүлкін сәйкестендіру үшін мамандарды және (немесе) сарапшыларды тарта отырып активтерге, міндеттемелерге (баланстағы және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүлік пен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізеді;

      5) толық материалдық жауапкершілігі бар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізетін адамдардың және автоматтандырылған ақпараттық жүйеге рұқсаты бар адамдардың ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасау бойынша аясын анықтайды;

      6) ұйымның активтерін анықтайды;

      7) ұйымның мүлкіне ауыртпалық қойған органдарға орындалған міндеттемелер бойынша ауыртпалықты алып тастау туралы өтінішхат береді;

      8) қолма-қол ақшаны ұйымның банктік шотына одан әрі есепке алу үшін қолма-қол ақшаның инкассациясын ұйымдастырады;

      9) уақытша әкімшілік жұмыс істеген кезеңде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттігі жоқ болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын тоқтатады;

      10) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарттарын бұзады;

      12) егер олардың іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) ұйымға зиян келтірілген болса, ұйымның атынан соттарға шағым түсіреді, оның ішінде ұйымның органдары мүшелерін, бас бухгалтерін және өзге тұлғаларын жауапкершілікке тартады;

      13) өз функцияларын жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың қылмыстық белгісі бар іс-әрекет жасағаны анықталса, құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға ақпарат жібереді;

      14) ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу аяқталған соң уақытша әкімшілік тарату комиссиясына уақытша әкімшіліктің жұмысты орындау туралы есебін бекітуге уәкілетті органға ұсынады;

      15) мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша сыйақы есептеуді тоқтатады және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша провизиялар құрады;

      16) Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін кредиторлармен және дебиторлармен жұмыс жүргізеді;

      17) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымда көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.11.2023 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңның 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізілімін, сондай-ақ банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күні қабылдау-өткізу актісі жасала отырып қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік өтемақысының есебін жібереді;

      2) тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұйымның шоттары ашылған шетелдік банктерге уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес нотариалды куәландырылған, аударылған және апостильденген, қолтаңбалардың үлгілері бар құжаттарды жібереді;

      3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18303 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілген Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігімен не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру операциясын жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      5) банкке келiп түсетiн ақшаның, оның iшiнде қарыз алушылардың бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, қарыздар бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды;

      6) "Мерзiмiнде төленбеген төлем құжаттары" шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады;

      7) банктің клиенттеріне банктің сейфтік ұяшықтарында орналастырылған мүліктерін қайтарады;

      8) № 207 қағидаларда айқындалған тәртіппен банк клиенттерінің ағымдағы шоттарын жабады;

      9) банктің банк шоттарын салыстырып тексереді, шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттардан ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттарға аударады және шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттарды жабады;

      10) егер Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, ұйымда белгіленген тарифтер мен мөлшерлемелерге сәйкес ұйымның қызметі үшін ақы алады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай іс-әрекеттер жасайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Қор туралы заң) сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;

      2) Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) береді;

      3) Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша Қордың кепілдік төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерінің бланкілерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;

      5) орналастырылған сақтандыру резервтері мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кірістерде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерін, дебиторлық берешегін, айыпақы, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның есепке жазылуын бақылайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.11.2023 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18-1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым Қор туралы заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттеме қабылдайды.

      Қор туралы заңның 15-бабының 1-тармағында айқындалған кредиторлардың кепілдік төлемін алуға құқығы бар.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18-1. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Егер ұйымның басшылары және қызметкерлері немесе олардың тапсыруы бойынша әрекет ететін өзге адамдардың заңсыз әрекет жасауы немесе әрекет етпеуі арқылы уақытша әкімшілік оған жүктелген қызметтерді толық немесе ішінара жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасаса, уақытша әкімшілік кедергі ету туралы актіні жасайды.

      Кедергі ету туралы акт кедергі ету фактісі анықталған күні жасалады және оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Уақытша әкімшілік кедергі ету туралы акт жасау күні 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес кедергі ету туралы актіні әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

      Өңірде уақытша әкімшілік мүшесі жасаған және қол қойған кедергі ету туралы актінің көшірмесі уақытша әкімшіліктің басшысына жіберіледі.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Уақытша әкімшіліктің шығыстарын жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат ұсыну

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Лицензиядан айырған және уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап ұйым Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қаржылық қызметті, оның ішінде бар шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес уақытша әкімшіліктің шығыстары Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      Шығыстар сметасы жоспарланатын ай сайынғы шығындарға сүйене отырып жасалады және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей түсіндірме жазбамен бірге уәкілетті органға ұсынылады.

      Бұдан кейін шығыстар сметасы ай сайынғы негізде жоспарланатын кезеңнің алдында айдың жетісі күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылады.

      Филиалдық желісі бар ұйымда уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшілік бөлімшелерінің шығыстар сметасын жасау бойынша қызметін үйлестіреді және шығыстарды уақытша әкімшілік бөлімшелері бойынша бөлігінде шығыстардың шоғырландырылған сметасының жасалуын қамтамасыз етеді.

      23. Уақытша әкімшілік, уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын жасау, қарау және бақылау кезінде шығыстардың нақтылығы, негізділігі, мақсатқа сәйкестігі және шынайылығы қағидаттарын басшылыққа алады.

      Шығыстардың нақтылығы қағидаты, шығыстар сметасын жасау кезінде ұйымның нақты қаржылық жағдайына, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлеміне сүйену қажеттігін білдіреді.

      Шығыстардың негізділігі қағидаты уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асырудың белгілі бір кезеңіндегі болжанатын шығындардың объективті қажеттілігін ұғыну қажет.

      Мақсатқа сәйкестігі қағидаты уақытша әкімшілік жасайтын шығындар алдыға қойған мақсатқа сәйкестігін білдіреді, яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

      Шығыстардың шынайылығы қағидаты уақытша әкімшіліктің жасалған (жоспарланған) шығындарының құжаттық расталуын білдіреді.

      24. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасымен көзделген ақшаның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

      Ұйымның нақты қаржылық жағдайын негізге және уақытша әкімшілік орындайтын жұмысты есепке ала отырып бекітілген шығыстар сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар сондай-ақ сметаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      Егер уақытша әкімшіліктің басшысы бекіткен шығыстар алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаған болса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттігі бар болса, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстары сметасына енгізілуі тиіс.

      25. Шығындар сметасында шығындардың мынадай баптары көзделеді:

      1) еңбекке ақы төлеу шығындары;

      2) бюджетке аударым жасау;

      3) әкімшілік шығындары;

      4) тауар-материалдық құндылықтар иелену бойынша шығындар;

      5) іссапар шығындары;

      6) қате нұсқаулар бойынша келіп түскен ақшаны қайтару бойынша шығындар;

      7) банктің активтер және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру бойынша операцияларды жүргізуге шығындар;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығындары;

      9) күтпеген шығындар.

      Екінші бап бойынша үнемдеу есебінен шығындардың бір бабы бойынша артық шығындануға рұқсат етілмейді.

      26. Еңбекақы төлеу шығыстары ұйымның бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындарын көздейді.

      Еңбекақы төлеу бөлігіндегі шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.

      Қызметкерлерге еңбекақы төлеу талаптарын өзгертуді уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

      28. Әкімшілік шығыстар уақытша басқару шығынының негізгі бөлігін білдіреді. Осы шығыстар:

      жасалған шарттардың талаптары (көлікті күзету, мүлікті бағалау және т.б.);

      заңнама талаптары (жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдарды төлеу - салық заңнамасына сәйкес);

      құжаттамалық расталған алдыңғы кезеңдегі және айдан айға қайталанып тұратын шығыстар (шот-фактуралар негізіндегі коммуналдық қызметтер) ескеріле отырып, жоспарлануы тиіс.

      29. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Қаржы ұйымының қаражатын үнемдеу мақсатында уақытша әкімшілік Қағидалардың 25-тармағында көзделген шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдайды.

      31. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Уақытша әкімшілік сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.

      Жанар-жағар май материалдарының мақсатты әрі орынды пайдаланылуына бақылау болмаған кезде уақытша әкімшілік бақылау жүйесін әзірлеуі (жол парақтарын және талондарын жүргізуі) не жанар-жағар май материалдарын тұтыну лимиттерін белгілеуі қажет.

      33. Уақытша әкімшілік басшыларының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Осы шығыстар:

      1) іссапарда болғанда күнтізбелік күнге, оның ішінде жолдағы уақытқа тәуліктік;

      2) тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша шығындарды;

      3) іссапар орнына және одан кері көлік шығыстарын құрайды.

      Қызметкерлер мәселені қашықтықтан шешу (байланысты пайдаланумен) немесе адамдарды жергілікті жерлерде тарту мүмкін болмаған жағдайда іссапарға жіберіледі.

      34. Қате көрсетілу бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      35. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 25- тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банк үшін – 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жоспарланбаған шығындарын білдіреді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Уақытша әкімшілік жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге де растаушы құжаттарды ұсыну арқылы растайды.

      37. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады.

5-тарау. Ұйымның ақша қаражатын және басқа құндылықтарын тексеру (ревизия), ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеу, қабылдау-өткізу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Ревизия сақтау орындарындағы (кассалардағы, банкоматтардағы, қоймалардағы, жеке материалды жауапты тұлғалардағы (сейфтердегі және құндылықтарды сақтаудың басқа орындарындағы) барлық банкноталарды, монеталарды, қатаң есептегі бланктерді, өзге құндылықтарды және құжаттарды тексерумен жүргізіледі. Ревизияның нәтижелері актімен ресімделеді.

      Қолма-қол ақшаның және (немесе) құндылықтардың кем шығуы расталғанда материалды жауапты тұлға уақытша әкімшіліктің басшысына түсіндірме жазба ұсынады.

      Қолма-қол ақшаның кем шығуы жөніндегі бұзушылық фактісі анықталғанда материалды жауапты тұлға ревизия нәтижелері бойынша акті ресімдеу күні құралған қолма-қол ақшаның кем шығуын өтейді.

      Материалды жауапты тұлға қолма-қол ақшаның кем шығу сомасын өтей алмаған (өтеуден бас тартқан) жағдайда осы факті бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына немесе сотқа тапсырылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Ұйымның бас офисінде, филиалдарында және өзге құрылымдық бөлімшелерінде қолма-қол ақшаны және өзге құндылықтарды тапсыруға уәкілетті тұлғалар болмаған кезде және (немесе) оларға кілттер (кіру кодтары) болмағанда уақытша әкімшілік акт жасайды және құндылықтарды сақтаудың көрсетілген орындарын ашу мақсатында ұйымның уақытша әкімшілігінің мүшелерінен, ұйым қызметкерлерінен комиссия құрады.

      40. Ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері, бас бухгалтер және ұйымның қызметкерлері кіреді. Түгендеу комиссиясының құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.

      Уақытша әкімшілік түгендеу басталған күннен бастап бір ай бойы түгендеуді жүргізуді. Түгендеуді жүргізу мерзімі жұмыстың сипаты мен көлемі ескеріле отырып, уәкілетті органның келісімімен ұзартылады. Түгендеу жүргізу кезінде уақытша әкімшілік сатуға жарамды мүлікті айқындайды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Уақытша әкімшілік түгендеуді жүргізу алдында:

      1) бөлек кіретін және шығатын есіктері бар қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және мүлікті сақтаудың басқа да орындарын пломбалайды;

      2) түгендеу кезінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.

      42. Уақытша әкімішілік түгендеуді жүргізу кезінде уақытша әкімшіліктің басшысымен бекітілген түгендеу тізімдемелерінің нысандарын басшылыққа алады. Түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемелерімен ресімделеді, олар екі данада жасалады және оған түгендеу комиссиясының мүшелері мен материалды жауапты тұлғалар қол қояды.

      43. Түгендеу нәтижелері бойынша уақытша әкімшілік ұйымның мүлкі мен құжаттарын түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, оларды қабылдайды, ал ұйымның басшысы, бас бухгалтері және қызметкерлері тапсырады.

      Ұйымның бұрынғы басшылығынан уақытша әкімшілік басшысына ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу 3 (үш) данада жасалатын қабылдап-өткізу актісімен ресімделеді. Бір қабылдап-өткізу актісі уәкілетті органға жіберіледі.

      Ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу актісі ұйымның бұрынғы басшылығына актіні алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын қол қою мерзімімен жіберіледі.

      Ұйымның бұрынғы басшылығы қабылдап-өткізу актісіне қол қоймаған жағдайда бұл туралы белгі қойылады және Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес кедергі ету туралы акті жасалады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және ұйымның өзге де қызметкерлері мүлікті, бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы толық көлемде бермесе, уақытша әкімшілік басшысы уақытша басқарушыға берілмеген мүлікті және құжаттарды көрсете отырып олардың жоқ екендігі туралы акт жасайды.

      45. Егер ұйымның басшысы және (немесе) бас бухгалтері және өзге де қызметкерлері ұйымның мүлкі мен құжаттарын беруден бас тартса, уақытша әкімшілік басшысы қарсылық білдіргендігі туралы акт жасайды.

      46. Түгендеу өткізу және ұйымның мүлкі мен құжаттарын ұйымның бұрынғы басшылығынан қабылдап-өткізу аяқталғаннан кейін ұйымның мүлкі мен құжаттары табылған жағдайда уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшілік мүшелерінің және ұйым қызметкерлерінің қатысуымен олардың анықталған орнын және анықталу себебін, олардың сақталу жағдайын, тізімдемесінің болуын, жүйеге келтірілгендігі, сақталу талаптарын көрсете отырып мүлік пен құжаттардың анықталғандығы туралы акт жасайды.

5-1 тарау. Ұйымның мүлкін сату және активтеріне билік ету тәртібі

      Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46-1. Уақытша әкімшілік мүлікке жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша мүлікті қабылдап-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін барлық мүлікке бір мезгілде не оның бір бөлігіне бағалау жүргізу үшін бағалаушыны тартады.

      46-2. Ұйымның барлық мүлкін не оның бір бөлігін, оның баланстық құнына қарамастан, бағалау үшін бағалаушыны таңдау бағалау компанияларының олардың қызметтеріне баға ұсыныстарын қарау арқылы жүзеге асырылады. Бағалау компанияларынан алынған баға ұсыныстарының нәтижелері бойынша неғұрлым тиімді шарттарды (көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушыда филиалдық желінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Баға ұсынысын беру шарттарын ұйымның уақытша әкімшілігінің басшысы айқындайды және ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын бағалаушылардан баға ұсыныстары қабылданбайды".

      46-3. Уәкілетті орган лицензиядан айырғанға дейін орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалуы және құжаттамалық ресімделуі ұйым лицензиядан айырылған күнге дейін аяқталмаған, лицензиядан айырылған ұйымның қатысуымен жасалған мәмілелер өтпеді деп есептеледі.

      46-4. Ұйымның мүлкін сату кезінде уақытша әкімшілік мынадай шарттарға сүйенеді:

      1) сатылатын мүлікке осы өңірдегі мүліктің ұқсас түрлеріне нарықтық бағадан кем емес баға белгілеу;

      2) мүлікті ең жоғары баға бойынша сату;

      3) мүлікті сатудан болатын шығындарды азайту.

      46-5. Мүліктің 1 (бір) бірлігі үшін бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі ұйымның мүлкі жария сауда-саттық өткізбей, бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатылады.

      Ұйымның жылжымалы мүлкін сату туралы ақпарат сату бағасын, оның техникалық сипаттамаларын (ол бар болса) көрсете отырып, ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

6-тарау. Уақытша әкімшілік қызметінің аяқталуы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен немесе сақтандыру портфелін берген және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезден бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкiлеттiгiнен босайды және Банктер туралы заңда, Сақтандыру туралы заңда белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте мүлiкті, мүлікті бағалау туралы есепті (ол бар болса) және құжаттарды (ұйымның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасын, мөрлерiн (бар болса), мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкiн) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 58 қаулысына
қосымша
  Банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымының уақытша әкімшілігін
(уақытша басқарушысын)
тағайындау және олардың
өкілеттіктері қағидаларына
қосымша
  Нысан
  "Бекітілді"
Уақытша әкімшілік басшысы
____________________________
(қолы)
20___ жылғы "____" _________

жылы _____ айы____________ ____________________________________________________ ұйымның атауы уақытша әкімшілігі шығыстарының сметасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

1

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу


1.1

Ұйымның еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу


1.1.1

Лауазымдық жалақы


1.1.2

Табыс салығы


1.1.3

Міндетті зейнетақы жарналары


1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу


1.2.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу


1.2.2

жеке табыс салығы


1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары


2

Бюджетке аударымдар


2.1

Әлеуметтік аударымдар және салықтар, оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар


2.2

Салықтар


2.3

Төлемдер


2.4

Өзге де аударымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер


3

Әкімшілік шығыстар


3.1

Қызметтік және шаруашылық қажеттікке арналған көлікті жалдау қызметтері


3.2

Байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефон, телеграф пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу шығыстары, пошта және анықтамалық қызметтері көрсететін қызметтер)


3.3

Үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілге қойылған) күзету және сигнализация қызметтері


3.4

Көлікті күзету қызметтері


3.5

Көліктерге арналған тұрақтар ұсыну қызметтері


3.6

Көлік тіркеу қызметтері


3.7

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметтері


3.8

Көлікті сақтандыру қызметтері


3.9

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері


3.10

Коммуналдық қызметтер


3.11

Мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды және тауар-материалдық құндылықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарап тексеру) жұмыстары


3.12

Үй-жайды жалдау


3.13

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу қызметтері


3.14

Мүлікті бағалау қызметтері


3.15

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері


3.16

Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметтері


3.17

Сантехникалық жұмыстар


3.18

Мүлікті сақтау қызметтері


3.19

Құжаттарды нотариаттық куәландыру және апостильдеу қызметтері


3.20

Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері


3.21

Аукциондарды (сауда-саттықты) ұйымдастыру және өткізу қызметтері


3.22

Инкассациялау қызметтері


3.23

Сараптама жүргізу қызметтері


3.24

Аудит жүргізу қызметтері


3.25

Құжаттарды аудару қызметтері


3.26

Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру және аудару


3.27

Орталық депозитарий қызметтері


3.28

Банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қызметтер


3.29

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа өткізу қызметтері


3.30

Жеке сот орындаушыларының қызметтері


3.31

Коллекторлық қызметтер


4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары


4.1

Офистік жабдықты жұмыс күйінде ұстау шығыстары


4.2

Көлік құралдарын күтіп-ұстау шығыстары


4.3

Үй-жайларды күтіп-ұстау шығыстары


4.4

Қағаз және бланк өнімдерін сатып алу шығыстары


4.5.

Кеңсе тауарларын сатып алу шығыстары


4.6

Жанар-жағар май материалдарын сатып алу шығыстары


5

Іссапар шығыстары


6

Қате нұсқау бойынша келіп түскен ақшаны қайтару шығыстары


7

Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру бойынша операцияларды жүргізуге арналған банк шығыстары


8

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығыстары


9

Көзделмеген шығыстар


Бір айдағы жиынтығы


      Бас бухгалтер ________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                  (қолы)

      Орындаушы __________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                   (қолы)

      Телефон нөмірі __________________________________


  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2014 жылғы 16 шілдедегі
  № 147 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 115 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1557)), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 9 жарияланған).

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамыздағы № 14 және "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 тіркелген).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 516-521 (27594) жарияланған).

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады