Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9898 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесі (түрлері) бекітілсін:
      1) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет;
      2) жеке тұлғалардың кепілдіктері мен кепілдемелерін сақтандыру;
      3) брокердің клиенттің тапсырмаларына сәйкес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауын жорамалдайтын шарттың негізінде көрсетілетін брокерлік қызметтер, олар бойынша есеп айырысуды брокер брокердің клиентке қайтарымдылық және төлемділік шарттарында берген ақшаны немесе бағалы қағазды пайдаланумен жүргізеді (маржиналдық мәмілелер).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады