Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10146 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 64 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.06.2021 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5795 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 150 (1573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесінде:

      3-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:

      шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;

      валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.".

      2. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады