Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылын тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 286 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 3 қарашадағы № 20-6 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 3682 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 810 және Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы № 28-2 «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылын тарату туралы» бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылы таратылсын.
      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі
      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат
      хатшысы

Н. Ноғаев
А. Зинуллин
 
М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады