Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің 2014 жылы 8 желтоқсандағы № 170 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 3714 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Чапаев ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чапаев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      жобалық көшесі № 7 - "Ынтымақ";
      жобалық көшесі № 8 - "Еуразия";
      жобалық көшесі № 9 - "Бейбітшілік";
      жобалық көшесі № 10 - "Сарайшық";
      жобалық көшесі № 11 - "Бірлік";
      жобалық көшесі № 35 - "Арман";
      жобалық көшесі № 49 - "Болашақ";
      жобалық көшесі № 50 - "Тәуелсіздік";
      жобалық көшесі № 51 - "Астана".
      2. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бибулат Бахитжанович Зейнуллин осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі К. Габдушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады