"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 190 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 3680 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 26.02.2015 № 26 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы

Л. Қайырғалиева


2014 жылғы 31 қазандағы № 190
Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 31.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
      14. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында Бөкей ордасы ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малдарын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептілік ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      10) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру;
      11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      12) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      13) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      14) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      15) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      16) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      17) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      18) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргiзiлгеннен кейін тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      22) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ақпарат беру;
      23) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ұсыну;
      24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      27) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      31) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асыру;
      32) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүзеге асыру;
      33) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
      20. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;
      2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      5) мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
      7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, аудан әкімі орынбасарлары тапсырмаларының, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуына дербес жауап береді;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның бірінші басшысы реттеп отырады.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады