Жәнібек ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 сәуірде № 3491 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданы аумағында сайлау учаскелерi қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. К. Абдоловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мұқаев

      КЕЛІСІЛДІ:
Жәнібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
_____________Кенжегалиев Жаныбек Мертенұлы
11.03.2014 ж.

  Жәнібек ауданы әкімінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 8 шешіміне қосымша

Жәнібек ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 10.12.2020 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. № 136 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі № 2, "Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жәнібек ауылы, Сарсенов көшесі, Нұрпейісова көшесі, Ниетқалиев көшесі, Тайманов көшесі, Жеңіс көшесі, Жароков көшесі, Жұмаев көшесі 2-70, 25-83, Шарафутдинов көшесі 29-131, 32-128, Байтұрсынов көшесі 68-132, Мәметова көшесі 1-9, Мусин көшесі 1-5, 2, Қараш көшесі 2-8, 1-43.

      2. № 137 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Абай көшесі № 1Г, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Жәнібек ауылы, Жұмаев көшесі 1-23, Шарафутдинов көшесі 1-27, 2-30, Байтұрсынов көшесі 1-65, 2-66, Мәжитов көшесі 1-87, 2-86, Абдрахманов көшесі 1-59, 2-86, Жәнекешев көшесі 1-5, 2-50, Өтемісов көшесі 1-15, 2-8, Халиуллин көшесі 1-11, 2-4, Абай көшесі, Жәнібек ауылының солтүстігіндегі жаңа тұрғын үйлер.

      3. № 138 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Жәнекешев көшесі № 72, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "№ 1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жәнібек ауылы, Байтұрсынов көшесі 67-131, Мәжитов көшесі 89-175, 108-176, Абдрахманов көшесі 97-181, 102-170, Жәнекешев көшесі 74-152, 97-191, Ықсанов көшесі 41-117, 90-152, Чурин көшесі 17-29, 84-124, Мусин көшесі 4-24, 7-27, Мәметова көшесі 2-18, 35-41.

      4. № 139 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі № 26, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жәнібек ауылы, Байтұрсынов көшесі 2-66, Мәжитов көшесі 88-106, Абдрахманов көшесі 61-95, 88-100, Жәнекешев көшесі 7-95, 52-72, Ықсанов көшесі 1-39, 2-88, Иманов көшесі 1-133, 2-178, Чурин көшесі 1-15, 2-82, Мәметова көшесі 11-33, Қараш көшесі 10-28, 45-57, Өтемісов көшесі 10-18, 17-27, Халиуллин көшесі 6-10, 13-23.

      5. № 140 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Қараш көшесі № 65, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жәнібек ауылы, Егізбаев көшесі, Оразбаева көшесі, Наурыз көшесі, Мир көшесі, Масин көшесі, Новостройка көшесі, Халиуллин көшесі 12-22, 25-33, Қараш көшесі 30-46, 65-71, Новая жизнь, Казарма, Абдуллин көшесі, Иманов көшесі 135-183, Водстрой көшесі, "Ұмтыл", "Откорм", "Стационар" қыстақтары.

      6. № 141 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ұзынкөл ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Ұзынкөл ауылы, "Абдолла", "Мұратсай", "Негмет", "Мыңжас", "Сабила", "Нұрберген", "Шамұрат", "Апақаш", "Азамат" қыстақтары.

      7. № 142 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Еңбекші ауылы, кітапхана ғимараты.

      Шекарасы: Еңбекші ауылы, "Бруцеллез", "Баймұрат", "Құбаш", "Алты кашар", "Тәни", "Бірінші", "Инженер", "Арашайым" қыстақтары.

      8. № 143 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақоба ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақоба ауылы, "Терек", "Ақкөл", "Передаточный", "Ордженикидзе", "Мангур", "Сарай -1", "Сарай - 2", "Кузнец", "Молотов-1", "Молотов-2", "Сүлеймен", "Пайыл", "Закария", "Жиенбет", "Дәулет", "Мишка", "Беркәлі", "Миян", "Оян", "Дружба" қыстақтары.

      9. № 144 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Өнеге ауылы, Мектеп көшесі № 31, "Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Өнеге бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Өнеге ауылы, "Құрманғазы", "Талас", "Комсомол", "Қызылоба", "Абдохай", "Арыстанғали", "Әліп", "Дәулет", "Темірғали", "Арық", "Өктеш шалашы", "Қантай" қыстақтары.

      10. № 145 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жасқайрат ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Жасқайрат ауылы, "Шошқа" қыстағы.

      11. № 146 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Құрсай ауылы, "Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Құрсай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Құрсай ауылы, Көлтабан ауылы, "Күйгенкөл", "Бескашар", "Төбебасы", "Саралжын", "Қоғалы", "Қарақұдық", "Бұқар", "Сарбоз", "Бассейн", "Астау салған" қыстақтары.

      12. № 147 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тау ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Тау ауылы, Жігер елді мекені, "Третий", "Жігер-1", "Жігер-2", "Нұғман-1", "Нұғман-2", "Қошақай", "Стандарт", "Сапи", "Басеке", "Шеген", "Жыра", "Ұмтыл" қыстақтары.

      13. № 148 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жұмаев ауылы, "Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің И.Жұмаев атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жұмаев ауылы, "Соналы-1", "Соналы-2", "Татран", "Марқа" қыстақтары.

      14. № 149 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қамысты ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Қамысты ауылы, "1 Май", "Әбен", "Насосный", "Желқалақ", "Жаңа тұрмыс", "Мәстек" , "Қамысты", "Көкатөлген" қыстақтары.

      15. № 150 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тегісшіл ауылы, "Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тегісшіл ауылы, "Таткен" қыстағы.

      16. № 151 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Борсы ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Борсы ауылы, "Алпауыз", "Бөгет", "Мұнара", "Қайдар шалашы" қыстақтары.

      17. № 152 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жақсыбай ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Жақсыбай ауылы, Ақадыр елді мекені, "Самат", "Жақсыбек", "Ертарғын", "Табылды", "Жақсылық", "Бөгет", "Ажігүл", "Жалпақбас", "Зәкір", "Айдарлы" қыстақтары.

      18. № 153 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Талов ауылы, мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Талов ауылы, "Комсомол", "Аманат" қыстақтары.

      19. № 154 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Майтүбек ауылы, медициналық пункт ғимараты.

      Шекарасы: Майтүбек ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады