Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 452 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 3773 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 30 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Казталов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ғ. Бегжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
атқарушы
Н. Құтхожин

  2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 452 Казталов ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылысты мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес объектінің аумақтық орналасуы, құрылыстың үлгісі, объектінің түрі, объектінің қолайлылық дәрежесі, жалдаушының объектіні пайдалануы және жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін базалық мөлшерлеме мен қолданылатын коэффициент көлемі негізінде анықталады.
      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері мен құрылыстарын бір айға жалдау ақысының ең төменгі мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс.
      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың және құрылыс объектілерін жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жал = Бмк х Қ1 х Қү х Қ2 х Қ3 х Қ4 х Құқн х S, мұнда:
      Жал – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бмк - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткішке тең объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метріне жалдау ақысының базалық мөлшерлеме көлемі, бір жылға теңгемен;
      К1 – объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кү – құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициент;
      К2 – объектінің түрін ескеретін коэффициент;
      К3 – объектінің қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      К4 – жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент;
      Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
      S – жалға алынатын объектінің жалпы алаңы, шаршы метр.
      3. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жал = Ққ х Пм, мұнда:
      Жал – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтар, көлік құралдар және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттары) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
      Ққ – бухгалтерлік есеп деректері бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) қалдық құны, теңгемен;
      Пм – жалдаушының қызмет түріне қарай (салалар бойынша) жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін пайыздық мөлшерлеме, бір жылға пайызбен.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылыстарды, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жс = Жал/12/К/24, мұнда:
      Жс – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір сағатқа теңгемен;
      Жал – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
      К – объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

  Аудандық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу
қағидаларына
1-қосымша

Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын
емес қордың объектілерін және құрылыстарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру
кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу

Объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент, "К1"


Объектінің аумақтық орналасуы

К1

1

2

3


Аудан орталығы 

1,5 


Ауыл 

1,0 

Құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициент, Кү


Құрылыс үлгісі

Кү

1

2

3


Кеңселік 

1,0 


Өндірістік 

0,8 


Қойма, гараж, қазандық 

0,6 

Объектінің түрін ескеретін коэффициент, "К2"


Объектінің түрі

К2

1

2

3


Бөлек тұрған құрылыс (ғимарат) 

1,0 


Іргелес-жапсарлас салынған үй-жай, жапсарлас салынған үй-жай, осы кестенің 3-тармағын қоспағанда ғимараттағы үй-жайлардың бөлігі. 

0,9 


Астыңғы қабат (жартылай жертөле), жертөлелік үй-жай.

0,7 

Объектінің қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент, "К3"


Объектінің қолайлылық дәрежесі

К3

1

2

3


Абаттандырылған (барлық коммуникациялық жағдайлары бар болған кезде) 

1,0 


Инженерлік коммуникацияларсыз (сумен жабдықтау жүйесі, кәріз болмаған жағдайда), бірақ электр және жылу жүйелері болған кезде 

0,9 


Инженерлік коммуникацияларсыз 

0,8

Жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент, "К4"


Жалдаушының объектіні пайдалануы

К4

1

2

3


Халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, "Қазпошта" акционерлік қоғамының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін 

2,0 


Брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін. 

3,0 


Қоғамдық тамақтандыруды, сауда, қонақ үй қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін 

2,5

4
1)
2)
3)
4)
 
Мынадай салаларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру;
орта арнаулы, кәсіптік білім беру;
орта білім беру;
мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру. 

1,1

1,0

0,9

0,8 


Денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін 

0,9 

6
1)
 
2)
 
 
 
 
 
3)
 
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін:
кіруге шектеу қойылған мемлекеттік мекемелер
ғимараттарында;
жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беру
мекемелерінде:
асханалар: мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін
жеке тұлғалар үшін;
буфеттер: мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін
жеке тұлғалар үшін;
өзге де қызмет түрлер: асханалар;
буфеттер.

0,5

0,55

0,45

0,75

0,65

0,6

0,75


Халыққа қызмет көрсету (шаштараз, фотосурет, химиялық тазалау, кір жуу, киім, аяқ киім тігу және жөндеу, электр, радио, телеаппаратураларды және ұйымдастыру техникасын жөндеу) 

0,6

8
Тұтыну тауарларын, өндіріс-техникалық бағыттағы өнімдерді және қызметтерді өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу

0,5 

9
Өзге де қызмет түрлері (редакция, және осы кестегі 1-8 тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін)

1,9

Жалдаушының ұйымдық–құқықтық нысанын ескеретін коэффициент, "Құқн"


Жалдаушының ұйымдастыру–құқықтық нысаны

Құқн

1

2

3


Өндірістік кооперативтер құрмаған дара кәсіпкерлер үшін (сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, өндіріс қызметін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамытуға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 

0,9 


Мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) бар акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін 

0,8 


Осы кестенің 1-3 тармақтарында көрсетілген жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандарын қоспағанда, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандары үшін. 

1,0 

  Аудандық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу
қағидаларына
2-қосымша

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент мәні, "Пм"


Жалдаушының қызмет түрлері (салалар бойынша)

Пм, пайызбен

1

2

3


Тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру (асхана, буфет), тамақ өнімдерін өндіру, халыққа медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету, білім беру, спорт, мәдени-ағарту қызметі 

28


Тұтыну тауарларын өндіру, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер және қызмет көрсетулер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық-есептеу және ұйымдастыру техникасы, байланыс

33


Көтерме-бөлшек және комиссиялық сауда, қоғамдық тамақтану (мейрамхана, кафе, бар)

38

4
Осы кестенің 1-3 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағандағы, қызмет түрлері үшін

38

      

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 19 декабря 2014 года № 452. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 января 2015 года № 3773. Утратило силу постановлением акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 21 января 2016 года № 30

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Казталовского района Западно-Казахстанской области от 21.01.2016 № 30.
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 8 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" акимат Казталовского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов Казталовского района" в установленном законодательством порядке принять соответствующие меры по реализации данного постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бегжанова С. Г.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
акима района
Н. Кутхожин

  Утверждены
постановлением акимата
Казталовского района
от 19 декабря 2014 года № 452

Правила
расчета ставки арендной платы
при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

      1. Настоящие Правила расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 и определяют порядок расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда и сооружений, находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц, определяется на основании базовой ставки и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих территориальное расположение объекта, тип строения, вид объекта, степень комфортности объекта, использование объекта нанимателем и организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      Расчет годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда и сооружений осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс х К1 х Кт х К2 х К3 х К4 х Копф х S, где
      Ап - арендная плата за объекты государственного нежилого фонда и сооружения, находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, тенге в год;
      Рбс - размер базовой ставки арендной платы, равной 1,5 месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год, за 1 квадратный метр общей площади объекта, тенге в год;
      К1 коэффициент, учитывающий территориальное расположение объекта;
      Кт коэффициент, учитывающий тип строения;
      К2 коэффициент, учитывающий вид объекта;
      К3 коэффициент, учитывающий степень комфортности объекта;
      К4 коэффициент, учитывающий использование объекта нанимателем;
      Копф коэффициент, учитывающий организационно-правовые форму нанимателя;
      S – общая площадь арендуемого объекта, квадратный метр.
      Минимальный размер арендной платы в месяц при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда и сооружений не должен быть ниже размера 1,5 - кратного месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год.
      3. Расчет годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей), находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц, осуществляется согласно приложению 2 к настоящим Правилам по формуле:
      Ап = С х Пст, где
      Ап – арендная плата за оборудование, транспортные средства и иное недвижимое имущество (вещи), находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, тенге в год;
      С – остаточная стоимость оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей) по данным бухгалтерского учета, представленных в имущественный наем (аренду), тенге;
      Пст – процентная ставка за имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей) в зависимости от вида деятельности нанимателя (по отраслям), в процентах в год.
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей) с начисленным износом 100 процентов остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей).
      4. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда и сооружений, а также оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей) осуществляется по следующей формуле:
      Ач = Ап /12/Д/24, где
      Ач – арендная плата за объекты государственного нежилого фонда и сооружения, а также оборудование, транспортные средства и иное недвижимое имущество (вещи), находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, тенге в час;
      Ап – арендная плата за объекты государственного нежилого фонда и сооружения, а также оборудование, транспортные средства и иное недвижимое имущество (вещи), находящиеся на балансе районных коммунальных юридических лиц, тенге в год;
      Д – количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем (аренду).

        Приложение 1
к Правилам расчета ставки
арендной платы при передаче
районного коммунального
имущества в имущественный
наем (аренду)

Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем
(аренду) объектов государственного нежилого фонда и сооружений, находящихся
на балансе районных коммунальных юридических лиц
Коэффициент, учитывающий территориальное расположение объекта, "К1"


Территориальное расположение объекта

К1

1

2

3


Районный центр 

1,5 


Село (аул) 

1,0 

Коэффициент, учитывающий тип строения, "Кт"


Тип строения

Кт

1

2

3

1
Офисное 

1,0 

2
Производственное 

0,8 

3
Складское, гаражное, котельная 

0,6 

Коэффициент, учитывающий вид объекта, "К2"


Вид объекта

К2

1

2

3

1
Отдельно стоящее строение (здание)

1

2
Встроенно-пристроенное помещение, пристроенное помещение, часть помещений в здании, за исключением пункта 3 настоящей таблицы.

0,9

3
Цокольное (полуподвальное), подвальное помещение

0,7

Коэффициент, учитывающий степень комфортности объекта, "К3"


Степень комфортности объекта

К3

1

2

3

1
Благоустроенное (при наличии всех коммунальных удобств)

1

2
Без инженерных коммуникаций (при отсутствии водоснабжения, канализации), но при наличии электро и теплоснабжения 

0,9

3
Без инженерных коммуникаций

0,8

Коэффициент, учитывающий использование объекта нанимателем, "К4"


Назначение и использование нанимателем здания (помещение)

К4

1

2

3

1
Для расчетно-кассовых центров банков, акционерное общество "Казпочта" для обслуживания населения.

2,0

2
Для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор

3,0

3
Для организации общественного питания, торговли, гостиничных услуг

2,5

4
1)
2)
3)
4)
 
Для организация услуг в области:
науки и высшего образования;
среднего специального, профессионального образования;
среднего образования;
дошкольного образования, дополнительного образования.

1,1

1,0

0,9

0,8

5
Для организации услуг в области здравоохранения, культуры и спорта

0,9

6
1)
 
2)
 
 
 
 
 
3)
Для организации общественного питания:
в зданиях государственных учреждениях с ограниченным доступом;
в общеобразовательных школах, в средне специальных учебных заведениях:
столовые: для негосударственных юридических лиц для физических лиц;
буфеты: для негосударственных юридических лиц для физических лиц;
для остальных: столовые буфеты 
 

0,5

0,55

0,45

0,75

0,65

0,6

0,75

7
Оказание услуг населению (парикмахерская, фотография, химчистка, прачечная, ремонт и пошив одежды и обуви, ремонт электро, радио, телеаппаратуры и оргтехники)

0,6


Производство потребительских товаров, продукции и услуг производственно-технического назначения, переработка сельскохозяйственных продуктов.

0,5


Для видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 1-8 настоящей таблицы 

1,9

Коэффициент, учитывающий организационно-правовые формы объекта, "Копф"


Организационно-правовая форма нанимателя

Копф

1

2

3


Для индивидуальных предпринимателей без образования юридического лица, хозяйственных товариществ, производственных кооперативов, относящихся к субъектам малого предпринимательства (для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности) 

0,9 


Для акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) с государственным пакетом акций (долей участия) 

0,8


Для организационно-правовых форм нанимателя, за исключением организационно-правовых форм нанимателя, указанных в пунктах 1-3 настоящей таблицы 

1,0

  Приложение 2
к Правилам расчета ставки
арендной платы при передаче
районного коммунального
имущества в имущественный
наем (аренду)

Расчет годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду)
оборудования, транспортных средств и иного недвижимого имущества (вещей),
находящихся на балансе районных коммунальных юридических лиц

Значение коэффициента, учитывающего вид деятельности нанимателя, "Пст"


Вид деятельности нанимателя (по отраслям)

Пст, в процентах

1

2

3


Бытовое обслуживание, коммунальное хозяйство, общественное питание (столовая, буфет, кафетерий), производство продуктов питания, оказание медицинских услуг населению, лечебно-профилактическая, образовательная, спортивная, культурно-просветительская деятельность

28


Производство потребительских товаров, продукции и услуг производственно-технического назначения, переработка сельскохозяйственных продуктов, сельское хозяйство, строительство, информационно-вычислительная и оргтехника, связь 

33


Оптово-розничная и комиссионная торговля, общественное питание (ресторан, кафе, бар) 

38 


Для видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 1-3 настоящей таблицы. 

38