"Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 108 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 3538 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 469 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 21.12.2016 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шыныбеков

  2014 жылғы 4 мамырдағы № 108
Сырым ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi

"Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 8.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады.
      14. Міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
      2) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
      6) өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
      7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
      8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
      9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру және жүргізу;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Сырым ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) орынбасарының және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Сырымский районный отдел предпринимательства"

Постановление акимата Сырымского района Западно-Казахстанской области от 4 мая 2014 года № 108. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 21 мая 2014 года № 3538. Утратило силу постановлением акимата Сырымского района Западно-Казахстанской области от 21 декабря 2016 года № 469

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сырымского района Западно-Казахстанской области от 21.12.2016 № 469 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Сырымский районный отдел предпринимательства".
      2. Государственному учреждению "Сырымский районный отдел предпринимательства" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Т. Турегалиева.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня первого официального опубликования.
      Аким района А. Шыныбеков

  Утверждено
постановлением акимата
Сырымского района
от 4 мая 2014 года № 108

Положение о государственном учреждении
"Сырымский районный отдел предпринимательства"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере предпринимательства.
      2. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением о государственном учреждении "Сырымский районный отдел предпринимательства" (далее-Положение).
      3. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 090900, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, Сырымский район, село Жымпиты, улица Казахстанская, № 8.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Сырымский районный отдел предпринимательства" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства".
      Если государственному учреждению "Сырымский районный отдел предпринимательства" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" осуществлять реализацию государственной политики поддержки и развития частного предпринимательства.
      14. Задачи:
      1) проведение государственной политики, направленное на эффективное развитие частного предпринимательства;
      2) создание условий для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории района;
      3) осуществление иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) участие в формировании и реализации единой государственной политики в области предпринимательства;
      2) обеспечивание создания и развития в районе объектов инфраструктуры поддержки малого предпринимательства и инновационной деятельности;
      3) осуществление взаимодействия с государственными органами, общественными объединениями, субъектами частного предпринимательства и другими организациями по вопросам развития частного предпринимательства;
      4) обеспечивания государственной поддержки на местном уровне частного предпринимательства;
      5) проведение мониторинга по развитию частного предпринимательства в районе;
      6) осуществление подготовки проектов нормативных правовых актов и правовых актов, в пределах своей компетенции;
      7) проведение информационно-разъяснительной работы среди населения, субъектов предпринимательства по вопросам законодательства о поддержке предпринимательства;
      8) организация и проведение районного конкурса "Лучший предприниматель";
      9) организация и проведение совещаний, семинаров, "круглых столов" по вопросам развития частного предпринимательства;
      10) выполняет иные функции, возложенные на него действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) выработка предложений по вопросам развития частного предпринимательства;
      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      3) взаимодействие с государственными учреждениями, предприятиями и общественными объединениями по вопросам развития и поддержки частного предпринимательства;
      4) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные действующими законодательными актами.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" назначается на должность и освобождается от должности акимом Сырымского района, в соответствии с действующим законодательством.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства":
      1) определяет обязанности и полномочия заместителя и сотрудников государственного органа;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает на должности и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства", решает вопросы трудовых отношений, которые отнесены к его компетенции;
      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения сотрудников государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства";
      4) подписывает приказы отдела;
      5) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в данном направлении;
      6) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущества, закрепленное за государственным учреждением "Сырымский районный отдел предпринимательства", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Сырымский районный отдел предпринимательства" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Сырымский районный отдел предпринимательства" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.