Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10305 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 № 305 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген

Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың және сот сараптамасын бір реттік тәртіпте жүргізетін басқа да адамдардың сот сараптамасы объектілерін ұсынудың, қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және кері қайтарудың тәртібін белгілейді.

      1.2. Сот сараптамасы объектілері болып, заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізілетін істердің материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі - Сот сараптамасы объектілері) жатады.

2. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі

      2.1. Сот сараптамасы объектілері сот сараптамасы органына немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамға тікелей сот сараптамасын тағайындайтын адам, не оның уәкілетті өкілі поштамен, арнайы байланыс арқылы жолдайды.

      Пошта арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат бұйымдар, құнды қағаздар, шығу тегі биологиялық үлгілерді олардың табиғи күйінде жіберуге жол берілмейді.

      2.2. Сот сараптамасы объектілері олардың зақымдануы, ауысып кетуі, өзгеруі мүмкіндігін болдырмайтын және істер мен материалдар бойынша объект мағынасын беріп отырған белгілері мен қасиеттерінің, сонымен қатар ондағы іздердің сақталуын қамтамасыз ететін орауышқа салынады.

      Сот сараптамасы объектілерін тасымалдау кезінде олар өз қасиеттері мен пішіндерін жоғалтпайтындай етіп орау қажет, сондай-ақ оларды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау керек.

      Әрбір тасымалдаушы-бұйым мен заттардың үлгілері жеке ыдысқа орап салынады.

      Сот-гистологиялық сараптамасының (зерттеулерінің) объектілері үшін бір ыдысқа орап салуға жол беріледі.

      Биологиялық текті объектілерді олардың табиғи күйінде тасымалдау өзінің алғашқы қасиеттерінің өзгеруіне жол берілмейтін жағдайларда қамтамасыз етіледі.

      2.3. Зерттелуге тиіс материалдардың ерекшеліктеріне сай, сот сараптамасы объектілерін олардың көлемдері мен өлшемдеріне байланысты сот сараптамасы органдарына тікелей ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасын тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектісі тұрған орынға жеткізуді және сот сарапшысының оларға кедергісіз қол жеткізуін және сот-сараптамалық зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

      2.4. Орауышта сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, алу шарттары, объекті табылған және алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер, сот сараптамасы объектісін табу, алу және орау кезінде қатысқан адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, сот сараптамасын тағайындаған лауазымды тұлғаның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.

      Биологиялық текті объектілер үшін орамада сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, объектіні алуды жүргізу орны, объектіні алу жүргізілген немесе мәйітінен объектіні алу жүргізілген (өлген) адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер (объектілер анықталмаған адамнан немесе мәйіттен алынған жағдайда ерекше белгілері және тіркеу журналында көрсетілген нөмірі көрсетіледі), сот сараптамасы объектісін орау кезінде қатысқан адамдардың қолдары, алуды жүргізген немесе сот сараптамасын тағайындаған лауазымды тұлғаның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.

      2.5. Сот сараптамасы объектілерін сот сараптамасын тағайындаған адам немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған жағдайда, сот сарапшысы ұсынылған объектілердің сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген сот сараптамасы объектілерінің тізбесіне сәйкес келуін тексереді.

      Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген объектілер тізбесінің сәйкес келмеуі, ораманың тұтастығының бұзылуы анықталған кезде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада сараптамаға (зерттеуге) келіп түскен объектілер мен материалдарды қарау актісі (бұдан әрі - Қарау актісі) жасалады. Қарау актісіне ұсынылған объектілердің сәйкестігін тексерген сот сарапшысы және объектілерді жеткізген адам қол қояды.

      Объектілер почта арқылы жеткізілген жағдайда, Қарау актісіне аумақтық бөлімшенің басшысы, сот сарапшысы қол қояды.

      Қарау актісінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған адамға немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі, екіншісі сарапшы қорытындысымен бірге бақылау өндірісінде сақталады.

      Биологиялық үлгілердің бұзылуына жол бермеу мақсатында, объектілер тізбесіндегі сәйкессіздік анықталған кезде, сот сараптамасы органдары немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам сараптама объектілерін (объектілердің қойылған сұрақтарды шешу үшін жарамдылығы шартымен) қабылдайды. Бұл ретте Қарау актісі жасалады.

      2.6. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Сот медицинасы орталығы мен оның филиалдарында сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша кеңседе тіркеледі.

      Сот медицинасы орталығының бөлімшелерінде, сондай-ақ ауданаралық және аудандық бөлімшелерде сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) осы Ережеге 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сот-медициналық сараптамасын жүргізуге арналған журналда тіркеледі, онда зерттеуге ұсынылған объектілер көрсетіледі.

      Біртекті бұйымдар болған кезде олардың саны, заттар үшін - түрі мен саны, мазмұндары бірдей құжаттар үшін - парақтарының саны көрсетіледі.

      Қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын алған кезде оның нөмірі, күдіктінің (күдіктілердің), айыпталушының (айыпталушылардың) немесе азаматтық істегі тараптардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), істің томдары мен парақтарының саны көрсетіледі.

      2.7. Сот сараптамасын тағайындауға қойылатын талаптардың процессуалдық нормалары бұзылған жағдайда объектілер мен іс материалдары Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес сот сараптамасын тағайындаған адамға орындаусыз кері қайтарылады.

      2.8. Сот сарапшысы зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот сараптамасын тағайындаған адамның немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен таразыға тартады, олардың көлемін өлшейді.

      Көрсетілген объектілерді қарау және өлшеу (көлемін өлшеу) нәтижелері Қарау актісінде көрсетіледі.

      2.9. Сот сараптамасы органдары есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, жарылғыш заттардың ірі жиынының объектілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ сот сараптамасына ақша қаражаттары, құнды қағаздар, зергерлік бұйымдар келіп түскен кезде Қарау актісі жасалады.

      2.10. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды тіркеу журналында тіркелуге тиіс.

      2.11. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иір ойықты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналында тіркелуге тиіс.

      2.12. Бағалы металдардан (осы бұйымдардың сынықтары), бағалы тастар мен інжуден жасалған бұйымдарды, сондай-ақ зергерлік қолөнер бұйымдарын, бағалы тастарды, бағалы металдардан жасалған ақшалар, ұлттық және шетел валюталары осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналында тіркелуге тиіс.

      2.13. Молекулярлық-генетикалық, сот-биологиялық сараптамалар (зерттеулер) жүргізу үшін тірі адамдардан биологиялық үлгілерді алу осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тірі адамдардан биологиялық үлгілерді алуды тіркеу журналында тіркеледі.

3. Сот сараптамасы объектілерін сақтау тәртібі

      3.1. Шығу тегі биологиялық емес сот сараптамасы объектілері, объектілердің жекелеген санаттарын сақтау ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы жабдықталған үй-жайларда (сот сараптамасының объектілерін сақтау камераларында) сақталады. Сақтаудың ерекше жағдайларын талап етпейтін объектілер металл шкафтарда және сейфтерде сақталады.

      Биологиялық текті сот сараптамасы объектілері олардың алғашқы қасиеттерінің өзгеруіне жол берілмейтін жағдайларда сақталады.

      Сот сараптамасы объектілеріне сот сараптамасының нөмірі, келіп түскен күні жазылған тақтайша ілінеді.

      3.2. Сот сараптамасы органдарында объектілердің сақтау камераларында сақталуына жауапты адамдар (бұдан әрі - Сақтауға жауапты адам) сот сараптамасы органы басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      3.3. Сақтауға жауапты адам сот сараптамасы органының сарапшысына сот сараптамасының объектілерін сақтау камерасынан беруді, сондай-ақ оларды сақтау камерасына қабылдауды жүзеге асырады, ол туралы осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және өткізуді тіркеу журналына жазба енгізіледі.

      3.4. Сот сараптамасын жүргізу кезеңінде сот сараптамасы объектілерінің сақталуына өндірісінде сараптама бар сарапшы жауапты болады.

      Егер сот сараптамасы объектілерінің көлемдері, өлшемдері мен қасиеттері мүмкіндік берсе, онда олар сейфтерде, металл шкафтарда сақталады.

      3.5. Сарапталар (зерттеулер) жүргізу кезінде сот сарапшысы Заңның 9-бабына сәйкес сот сараптамасы объектілерінің барынша сақталуын қамтамасыз ететін әдістерді қолданады.

      3.6. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) сот сараптамасы объектілерінің қасиеттерін өзгертуге, оларды ішінара немесе толық жоюға рұқсат болмаған жағдайда, сот сарапшысы үш жұмыс күні ішінде, көп объектілі сот сараптамалары бойынша - бес жұмыс күні ішінде аталған әрекетке рұқсат беру туралы сот сараптамасын тағайындаған адамға жазбаша өтініш жасайды.

      Одан кейінгі зерттеулер сот сараптамасын тағайындаған адамның тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.

      3.7. Сот сараптамасын жүргізу кезінде жұмсалған заттың мөлшері сарапшының қорытындысында сот-сараптамалық зерттеудің әр кезеңінде көрсетіледі. Қорытындының синтездеу бөлігінде сот сарапшысы жұмсалған және кері қайтарылатын заттың жалпы санын көрсетеді.

      3.8. Сарапшы осы Ереженің 2.9.- 2.12.-тармақтарында көрсетілген сот сараптамасы объектілерін жұмыс күні аяқталған соң осы Ереженің 3.3.-тармағына сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына өткізеді.

      3.9. Сарапшы сараптама өндірісі аяқталған соң биологиялық текті объектілерден бөлек, сот сараптамасы объектілері оралған (таңбаланған) және мөрленген күйінде заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына өткізеді. Орамаға келесі жазбалар енгізіледі: сот сараптамасының нөмірі, аяқталу күні, ораманың ішіндегісі, сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның қолы. Орама "Пакеттер үшін" дөңгелек мөрінің бедерімен мөрленеді.

      Сот-медицинасының объектілері оралып, мөрленеді (мәйіттен басқалары) және сараптаманы тағайындаған адамға берген немесе кеңсеге өткізген сәтке дейін объектілердің жекелеген санаттарын сақтау ерекшелігі ескеріле отырып бөлімшелерде сақаталады.

4. Сот сараптамасы объектілерін беру тәртібі

      4.1. Өздерінің алғашқы қасиеттерін сақтауды талап ететін биологиялық текті объектілерден бөлек, сот сараптамасына ұсынылған сот сараптамасы объектілері, сот сараптамасы органдарында немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдарда, сараптаманы тағайындаған орган (адам) белгілеген мерзімде тек олардың сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу уақытында ғана болады.

      4.2. Химиялық-токсикологиялық сараптаманың биологиялық текті объектілерінен бөлек, сот сараптамасы объектілері сот сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Бұл ретте осы Ереженің 2.6.-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында және бақылау өндірісінде сақталатын сот сарапшысы қорытындысының данасында алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, жеке куәлігінің немесе қызметтік куәлігінің, сенімхаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

      Осы Ереженің 2.6.-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында сот сараптамасы объектілерін беру кезінде сақтауға жауапты адам, ал сот-сараптама қызметі лицензия негізінде жүзеге асырылған жағдайда - сот сарапшысы "өзім алдым", "сенімхат бойынша берілді" деген белгілерді және материалдардың берілген күнін белгілейді.

      4.3. Бағалы заттар, қару, оқ-дәрілер, есірткі, улы, күшті әсер ететін, жарылғыш, жеңіл тұтанатын заттар мен пошта арқылы жіберілуге жатпайтын қолайсыз объектілер сот сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне қайтарылады, ол туралы адам үш жұмыс күні ішінде телефонхатпен хабардар етіледі.

      4.4. Сот сарапшысының қорытындысын пошта, арнайы байланыс арқылы сот сараптамасын тағайындаған адамға немесе оның уәкілетті өкіліне, олардың алғашқы қасиеттерін сақтауды талап ететін, өзінің табиғи күйіндегі биологиялық текті объектілерден бөлек, сот сараптамасы объектілерінсіз жөнелтуге жол берілмейді.

5. Мәйіттерді ұсынудың, қабылдаудың және тіркеудің тәртібі

      5.1. Мәйіт сот сараптамасы органдарына немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамға мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулымен және мәйіттің табылған (оқиға болған) орнында оны қарау хаттамасының көшірмесімен бірге жіберіледі.

      5.2. Мәйітті сот сараптамасы органдары немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам қабылдаған кезде өлген адамның киімін, құнды заттарын, құжаттарын және өлікпен бірге жеткізілген басқа да заттарын осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналына тіркейді және мәйітке оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы мен тіркеу нөмірі көрсетілген тақтайша не штампталған тіркеу нөмірі бар металл белгі ілінеді.

      5.3. Сот-медициналық сараптаманы тағайындаған адам мәйітті денсаулық сақтау ұйымынан сот сараптамасы органдарына немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамға жіберген кезде, сонымен бір мезгілде өлген адамның ауру тарихының түпнұсқасын және киімдерін де жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер киімдерді анықтау немесе тергеу органдары алған болса, не олардың рұқсатымен өлген адамның туысқандарына берілген болса, қаулыда тиісті жазба жазылады.

      5.4. Мәйітті және жолдау құжаттарын осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-медициналық мәйітханада мәйітті тіркеу журналында тіркейді.

      5.5. Сот-сарапшысының келісімі бойынша, жылдың жылы мезгілдерінде, құрғақ ауа райында және жұмыс үшін қажетті жағдай жасалған кезде, эксгумация жасалған мәйіттің сот-медициналық сараптамасын ашық далада жүргізуге жол беріледі.

      Қатып қалған мәйіттер, бөлме температурасында олар толық ерігеннен кейін ғана зерттеледі, жоғары температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуді жүргізуге жол берілмейді.

      5.6. Қосымша зертханалық зерттеулер үшін мәйіттік материалдарды алуды мәйіт сараптамасын жүргізетін сарапшы жүзеге асырады. Мәйіттік материалдардың үлгілері алынады, қапталады, таңбаланады және зерттеуге жолданады.

      Сот-биологиялық сараптамасын жүргізу үшін сот сараптама объектілерін алуды мәйіттің сараптамасын жүргізетін сот сарапшысы жүзеге асырады. Объектілер алынады, қапталады, таңбаланады және осы Ережеге сәйкес жолданады.

      Сот сарапшысының жолдамасы және мәйіттен алынған объектілер сот-биологиялық бөлімдерде (бөлімшелерде) осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәйіттен алынған биологиялық объектілерді тіркеу журналында тіркеледі.

      5.7. Мәйітті зерттеу аяқталғаннан кейін сот сарапшысының бақылауымен, зертханалық зерттеу үшін алынған биологиялық үлгілерден бөлек, барлық органдары мәйітке салынады және оны тігеді, сонымен қатар қосымша кесілген орындары да тігіледі.

      Мәйіттің қуысына сіңіргіш шүберектен бөлек, оған тиесілі емес органдарды немесе бөтен заттарды салуға жол берілмейді.

      5.8. Мәйітке, оны бұзылудан сақтайтын заттарды мәйітті зерттеу аяқталғанға және материалды зертханалық зерттеулер үшін алғанға дейін енгізуге жол берілмейді. Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы аяқталғаннан кейін сот сараптамасы органында мәйітті консервациялау, тек сот сараптамасын тағайындаған адамның (органның) жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі. Жазбаша рұқсатта жазбаша рұқсат берген адам туралы мәліметтер, қызметтік куәлігінің нөмірі және сараптама тағайындаған адамның қолы болуы керек.

6. Мәйіттерді сақтау тәртібі

      6.1. Мәйіттің киімі мен онымен бірге жеткізілген басқа да заттар сот сараптамасы органдарына қандай күйде түссе, сол күйінде сот-медициналық сараптамасын жүргізу басталғанға дейін сақталады.

      6.2. Мәйіттер, сондай-ақ мәйіттердің бөлінген бөлшектері сот сараптамасы органдарында олардың алғашқы қасиеттерінің өзгеруіне жол бермейтін жағдайларда сақталады.

      6.3. Сот-медициналық сараптамасын жүргізу басталғанға дейін жарақаттарды (зақымдарды) қарау кезінде оларды зондымен тексеру және бастапқы түрін немесе зақымданудың қасиетін өзгертуге алып келетін басқа да әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ сараптамалардың басқа түрлері үшін олар да заттай дәлеледемелер болып табылатын ұсақ бөлшектерді (шынының, металдың сынықтары, ыс және тағы басқалар) жоюға жол бермес үшін кепкен қанды, шығындыны жуу, сүрту және өзге де жолмен оны жоюға жол берілмейді. Мәйіттің сот сараптамасына дейін, шегенделген зақымданулардағы құралды және жарақаттардағы заттарды алуға, қозғауға жол берілмейді.

      6.4. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа мәйіттерден оқшауланған түрде сақталады.

      6.5. Мәйіттер сот сараптамасы органдарында немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдарда сот-медициналық сараптамасы аяқталғаннан кейін он тәуліктен асырылмай сақталады.

7. Мәйіттерді қайтару тәртібі

      7.1. Мәйіттерді жерлеу үшін өлген адамның туыстарына, жақындарына немесе өзіне жерлеуді алған уәкілетті қоғамдық ұйымдарға (жергілікті ұлттық ғұрыптарға сәйкес жуылған және киіндірілген түрде) сот сараптамасын тағайындаған адамның жазбаша рұқсаты бойынша санитарлар береді. Киіндіру, қырындыру, бальзамдау, сондай-ақ өзге де ғұрыптық қызметтерді көрсету санитарлардың міндетіне кірмейді.

      7.2. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері, табытын ашу құқығынсыз жерлеу (кремациялау) орнына жеткізу үшін беріледі.

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Зерттеуге келіп түсетін объектілер мен материалдарды
қарау актісі

      Қабылдау уақыты:____________ Күні "__" ________ 20__ж.

      Біз, келесі құрамдағы төменде қол қоюшы комиссия:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      сараптама тағайындаған адамның (немесе оның уәкілетті өкілінің)

      қатысуымен:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қаулысында (ұйғарымында) ____________________________________________

      Қысқаша фабуласы:____________________________________________________

      _________________________________________________________жүргізу үшін

      Жалпы орауыштың және әрбір объектінің жеке алғандағы жай-күйі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қаулыға (анықтамаға) сәйкес зерттеу объектілері мен материалдарының

      тізілімі: ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өлшеулер (көлемін анықтау, санын есептеу) сараптаманы тағайындаған

      адамның немесе оның уәкілетті өкілінің(ол болған жағдайда) қатысуымен

      жүргізілді: _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Актіні келесі құрамдағы комиссия әзірледі:

      1.

      2.

      3.

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін
материалдарды тіркеу журналы

р/с

Сараптама нөмірі, келіп түскен күні

Сараптаманы тағайындаған орган, судьяның, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің) нөмірі мен санаты, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сараптама ның шифры, зерттеу объектіле рі

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алғандығы туралы белгі, қолы

Өтініш-хаттар туралы белгі: шығарған күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімдері

Статистикалық деректер

Сараптаманың тапсырылған күні, сарапшының қолы

Сараптаманы алғандығы туралы белгі, алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

Объектілердің саны

Сұрақтардың саны

Тұжырымдар саны

Кесімді

Болжамды

Қорытынды беру мүмкін емес

Сараптаманың мерзімі

Күрделілігі ь

Безендірулері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы (қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік істер)

Құжаттың кіріс нөмірі

Түскен күні

Материалдарды жеткізген адамның тегі, лауазымы немесе пошта түбіртегінің № және күні

Сараптаманы тағайындаған орган, сараптаманы (зерттеуді) тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

№ СДТБТ (Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесі)

Келіп түскен құжаттардың, заттай айғақтардың, салыстырмалы үлгілердің және зерттеу объектілерінің тізімі, парақтарының саны

Жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Материалды алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) күні, алғаны туралы таңба, қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы (қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік істер)

Материалдарды тапсыру күні және сарапшы қорытындысының №

Кіріс құжатының нөмірі және күні

Сараптаманы тағайындаған орган, сараптаманы (зерттеуді) тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Нөмір СДТБТ

(Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесі)

Материалдарды тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Келіп түскен құжаттардың, заттай дәлелдемелердің, салыстырмалы үлгілердің және зерттеу объектілерінің тізімі, парақтарының саны

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

"Сарапшы қорытындысын" алған адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлік №, (немесе пошта түбіртегінің № және күні)

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Заттай дәлелдемелер сараптамасын жүргізу үшін келіп түскен
материалдарды тіркеу журналы

Сараптаманың нөмірі/ процессуалдық мәртебесі

Кеңседе тіркелген күні/бөлімшеге түскен күні

Жәбірленуші, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сараптаманы тағайындаған орган, сараптаманы (зерттеуді) тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

№ СДТБТ

(Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесі)

Келіп түскен құжаттардың, заттай дәлелдемелердің, салыстырмалы үлгілердің және зерттеу объектілерінің тізімі, парақтарының саны тізімі

Қысқаша істің мән-жайы

Сарапшының тегі аты,, әкесінің аты (егер бар болса) алғаны туралы таңба, қолы

Өтініш-хаттар туралы белгі, шығару күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімі

Сараптаманы (зерттеу) жүргізу мерзімі

Қорытынды берудің мүмкін еместігі, орындаусыз кері қайтару

Күрделілік дәрежесі

Сараптаманы алу туралы таңба, алған тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (егер бар болса), қызметтік куәлік №, қолы

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сот-медициналық мәйітханада мәйіттерді тіркеу журналы

р/с

Сот-медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Мәйіттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туылған күні

Жынысы

Мәйіттің мәйітханаға әкелінген

Қайтыс болған адамның тұрақты мекен-жайы мен жеке куәлігінің нөмірі

Мәйіт мәйітханаға қайдан әкелінді (үйден, көшеден және т.б.)

Сараптаманы жүргізу туралы қаулыны кім, қашан шығарды

Сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда) және сараптаманы жүргізу уақыты

Қайтыс болу себебі (қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікке, перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлікке сәйкес қысқаша сот-медициналық диагнозы)

Қорытынды сот-медициналық диагноз з

Зертханалық зерттеуге жіберілген объектілердің тізімі

Сот-медициналық сараптаманың аяқталған күні

"Сот-медициналық сарапшының қорытындысы" қашан, кімге жолданды немесе берілді, алғаны туралы қолхат

Мәйіттің берілген немесе жерленген күні, қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің №

Мәйіт кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке куәлігінің №, мекен-жайы) жерленген жері

уақыты

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Сот-наркологиялық сараптамасын жүргізуді тіркеу журналы

Сараптама нөмірі/процессуалдық мәртебесі

Кеңседе тіркелу күні/ бөлімге келіп түсу күні

Жәбірленуші, күдікті, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы, жасы

Сараптаманы тағайындаған орган, сараптаманы (зерттеуді) тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Диагноз

Қорытынды

Медициналық сипаттағы ұсынылған шаралар

Сараптаманы жүргізу мерзімі

Сараптаманы алу туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), қызметтік куәлік №, қолы

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Жәбірленуші, айыпталушы және басқа тұлғалардың
сот-медициналық сараптамасын тіркеу журналы

"Сот медициналық сарапшы қорытындысының" №

Сараптаманы тағайындаған орган, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесі) санаты, нөмірі

Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, жынысы

Жеке басын куәландыратын құжат, қашан және кім берді

Үйінің мекен-жайы, тұратын жері

Ұсынылған құжаттардың тізімі

Сараптама жүргізу мерзімі

Сараптаманың түрі (куәландыру, жыныстық жағдайы бойынша, медициналық құжаттар мен іс материалдары бойынша)

Тексерудің қосымша әдістері, тексеру кезінде алынған объектілердің тізімі

Сараптама нәтижелері

Сот-медициналық сарапшының Т.А.Ә

"Сарапшы қорытындысын" алған адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлік №, оның қолы, күні (немесе пошта түбіртегінің № және күні)

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Комиссиялық сот-медициналық сараптамаларды тіркеу журналы

"Сот-медициналық сарапшы қорытындысының" №

Кеңседе тіркелу күні/ бөлімге келіп түсу күні

Сараптаманы тағайындаған орган, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесі) санаты, нөмірі

Жәбірленушілердің, айыпталушылардың аты, тегі

Туылған күні, жынысы

Ұсынылған құжаттардың тізімі

Сараптаманы жүргізудің мақсаты, күрделілік дәрежесі

Комиссия құрамы

Іс бойынша баяндаушы

Сараптаманы жүргізу мерзімдері

Қысқаша сипаттамасы, сараптама нәтижелері

"Сарапшы қорытындысын" алған адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлік №, оның қолы, күні (немесе пошта түбіртегінің № және күні)

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Есірткі құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорларды
тіркеу журналы

№ р/с

Сараптама нөмірі, тіркелген күні

Сараптаманы тағайындаған орган, тергеуші тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, шені

Қылмыстық істің, ақпаратты тіркеу кітабының (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірі, ұсталғанның, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Пакеттердің саны, объектілердің түрі, салмағы, көлемі

Объектілерді кім әкелді, күні, қолы

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сараптаманы алған күні

Есірткі құралы, психотроптық зат және прекурсорлардың түрі, зерттеуге келіп түскен, шығындалған/қайтарылған заттың салмағы (көлемі)

Қорытындының кеңсеге тапсырылған күні

Сұрақтардың, жауаптардың саны, сараптама мерзімі

Сараптама мен объектіні алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қолы, қызметтік куәлігінің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Иір ойықты қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттар мен
құрылғыларды тіркеу журналы

№ р/с

Күні

Сараптаманың нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға берілгендігі туралы белгі сарапшының қолы

Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы
қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқа
мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналы

№ р/с

Күні

Сараптаманың нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға берілгендігі туралы белгі, сарапшының қолы

Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

Тірі тұлғалардан алынған биологиялық объектілерді тіркеу
журналы

№ р/с

Зерттелушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туылған күні

Жеке басын куәләндыратын құжат, қашан және кім берді

Сараптаманы жүргізудің негізі

Алынған объект

Биологиялық материалды алу күні

Биологиялық материалды алған адамның қолы

Биологиялық материалды алуға қатысқан адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды
және өткізуді тіркеу журналы

№ р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектіні алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға берілгендігі туралы белгі, сарапшының қолы

Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

Киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен
құжаттарды мәйітханада тіркеу журналы

№ р/с

Түскен күні

Мәйіттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Мәйітті кім жеткізді

Киетін киімдердің, заттай дәлелдемелердің және мәйітпен бірге әкелінген басқа заттардың тізімі және қысқаша сипаттамасы

Мәйітпен бірге әкелінген құнды заттар мен құжаттардың тізімі және қысқаша сипаттамасы

Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), қолы

Мәйітпен бірге әкелінген киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құжаттарды берудің негізі

Берілген заттардың, құжаттардың, құнды заттардың, заттай дәлелдемелердің тізімі, алушы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен №, тұрақты мекен-жайы, алушының қолы, күні

Мәйітханадан алынбаған киімдердің, заттай дәлелдемелердің, құжаттардың, құнды заттар мен басқа да заттардың тағдыры туралы мәліметтер

Мәйітті, киімдерді, құжаттарды, құнды заттарды әкелген адамның

Мәйітті, киімдерді, құжаттарды, құнды заттарды қабылдаған адамның

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
16-қосымша
  Нысан

Мәйіттен алынған биологиялық объектілерді сот-биологиялық
бөлімдерде тіркеу журналы

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы

Объектілерді жолдаған сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сот-медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Биологиялық объектіні алу күні

Бөлімге келіп түскен күні

Тізім, орамы, саны

Объектіні тіркеген түлға (қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады