Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 ақпанда № 10327 тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) мыналарды:

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрық көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдары және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж.Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 55 бұйрығымен
бекітілген

Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-20) тармақшасына сәйкес әзірленді, жолаушыларға теміржол вокзалдарында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасында теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) қосымша қызметтер – теміржол вокзалдарында теміржол вокзалдарының класына байланысты халыққа ұсынылатын, жолаушылар тасымалдау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылмайтын қызметтер;

      2) қызметтерді жеткізуші – теміржол вокзалының иесімен жасалған шарттар негізінде теміржол вокзалында жолаушыларға (халыққа) қызмет көрсететін тұлға;

      3) теміржол вокзалының класы – орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты айқындалған теміржол вокзалының мәртебесі;

      4) теміржол вокзалының иесі – жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленетін және теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыратын тұлға.

2. Теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметін тәулік бойы жүзеге асырады.

      4. Теміржол вокзалдары орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне, жолаушылар ағыны мен техникалық жабдықталуына байланысты кластарға бөлінеді.

      5. Теміржол вокзалының технологиялық мақсаты жолаушылардың теміржол станцияларына келуі, тұруы және жөнелтілуі кезінде оларға қауіпсіз, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету және халыққа қызметтер көрсету болып табылады.

      6. Теміржол вокзалының билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлары, санитарлық–тұрмыстық үй-жайлары, оның ішінде мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына арнайы әлеуметтік жабдықталған үй-жайлары, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт және көліктегі ішкі істер органдары үшін үй-жаймен болуға тиіс.

      7. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында қосымша қол жүгін сақтау камерасы, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері, тамақтану орындары, шаштараз, дүкендер, сауда дүңгіршіктері, пошта бөлімі, ақша айырбастау орны, дәріхана, банкомат, төлем терминалдары, интернет (WI-FI) болуға тиіс.

      Барлық қызмет көрсету орындары тәулік бойы жұмыс істеуге және мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына оңай қолжетімді болуға тиіс.

      8. Вокзалдар мынадай тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады:

      1) жарықтандыру;

      2) үздіксіз электрмен қоректендіру жүйесі;

      3) өрт сигнализация жүйесі (авариялық хабарландыру, персоналды және келушілерді эвакуациялауды басқару, автоматты өрт сөндіру және түтінді кетіру);

      4) вокзалдардың периметрінің сыртқы қоршауы;

      5) көліктегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне мониторларды шығара бейнебақылаумен;

      6) инженерлік қорғаныс (турникеттер, темір іздейтіндер).

      9. Сервистің барлық пункттері мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына жеңіл қолжетімді болуы тиіс.

      9-1. Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:

      1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;

      2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

      3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

      5) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

      6) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       10. Күту залдары перронға шығатын кіреберіске жақын орналасуы тиіс.

      11. Билет кассалары күту залынан оқшауланған жеке кабина түрінде жасалады. Жолаушыларға қызмет көрсетудің санаты бойынша біріктіріліп, оларды топтап орналастыру қажет.

      12. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.

      13. Теміржол вокзалдарында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз ету үшін үй-жайлар ұсыну барлық тасымалдаушыларға немесе тасымалдаушы уәкілеттік берген тұлғаларға тең негізде жүзеге асырылады.

      14. Теміржол вокзалдарында медициналық пункттердің болуын медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу арқылы вокзал иелері қамтамасыз етеді.

      15. Тасымалдау процесімен байланысты анықтама-ақпараттық қызметтер тұрғындарға тегін көрсетіледі, атап айтқанда:

      1) ақпараттық стендтер, табло арқылы көзбен шолу ақпараты арқылы:

      жолаушылар және қала маңы поездарының келуі және жүруі туралы ақпарат;

      жолаушылар және қала маңы поездарының жүру кестесі;

      жолаушылар және қала маңы тасымалын орындайтын тасымалдаушылар туралы мәліметтер;

      теміржол вокзалындағы жолаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат.

      2) ақпараттық қызмет бойынша ауызша және (немесе) радиотрансляциялық ақпарат арқылы:

      жолаушылар және қала маңы поезының нақты келу, жүру және (немесе) бөгелу уақыты;

      жолаушылар және қала маңы поезының берілетін және жүретін жолы туралы.

      Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайл шрифтін, түйсіну қатынасын, ірі шрифтті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтары үшін де қамтамасыз етіледі.

      16. Тасымалдау процесімен және жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтерді вокзал қызметкерлері тұрғындарға тегін көрсетеді:

      1) перронда жолаушыларды поезд вагондарына қауіпсіз отырғызуды/түсіруді ұйымдастыру;

      2) жолаушылар және қала маңы поездарының кешігуі туралы актілерді жасау;

      3) мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарын жолаушылар (қала маңы) поездарына отырғызу/шығаруға сүйемелдеу.

      17. Теміржол вокзалында класқа байланысты ақылы негізде қосымша мынадай қызметтер көрсетіледі:

      1) жолаушылардың, күтіп алушылардың немесе шығарып салушылардың өтініші бойынша дауыс зорайтқышпен хабарландыру;

      2) тасымалдаушылардың қызметі және теміржол вокзалында орналасқан коммерциялық құрылымдардың қызметтері туралы жарнамалық сипаттағы хабарландыру;

      3) анықтамалық ақпаратты қағаз тасығышта ұсыну;

      4) жолаушыларға арналған демалу бөлмелері, оның ішінде бала мен ана бөлмесі;

      5) балама ақысыз дәретханалар болғанда қоғамдық дәретханалар.

      18. Көліктегі ішкі істер органдары үшін арналған үй-жайлар коммуналдық төлемдерді, байланыс төлемдерін қоспағанда, өтеусіз ұсынылады.

      19. Теміржол вокзалдарында:

      1) күту залдарында поездың келуін күту қамтамасыз етіледі;

      2) жолаушыларға қызмет көрсетумен және тасымалдаумен байланысты қызметтер көрсету үшін үй-жайлар ұсынуға рұқсат беріледі;

      3) вокзал ғимаратына, перрондарға кіретін/шығатын өтпелерді, отырғызу платформаларын, жаяу жүргінші көпірлерін, төсеніштерді, тоннельдерді қол жүгімен, багажбен, басқа заттармен бөгеуге жол берілмейді;

      4) вокзал аумағында кәмелетке толмаған адамдардың ересектердің қарауынсыз болуына жол берілмейді;

      5) жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды оларға қызмет етумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді;

      6) медициналық пункттер бірінші қабатта орналастырылады және перрондарға, вокзал маңындағы алаңдарға және жолаушылардың күту залдарына еркін кіруге болады. Есік пен өтпелердің орналасуы, ені медициналық зембілмен қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

      7) вокзал ғимаратына кіру/шығу және вокзал аумағында жолаушылардың (тұрғындардың) еркін қозғалуына вокзал перрондарында павильондар мен дүңгіршектерді жолдан кемінде 2,5 метр кедергі келтірмейтін орындарда орналасуы тиіс;

      8) жолаушыларға арналған, жолаушылар платформалар мен құрылыстарға қараңғы уақыт тәулігінде жарық түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.

      20. Теміржол вокзалының иесі жолаушыларға жалпы пайдаланылатын үй-жайларға (ақылы қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлардан басқа, фойеге, күту залдарына, касса залына, жерасты өтпелеріне, жолаушылар платформаларына (перрондарға), қоғамдық дәретханаларға және т.б.) ақысыз кіруді қамтамасыз етеді.

      Теміржол вокзалын күтіп ұстауға байланысты оның иесінің шығыстарын тасымалдаушы:

      1) анықтама-ақпараттық (өлшем бірлігі - қызмет көрсетілген жолаушылар поезы);

      2) ақылы қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлардан басқа, тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын теміржол вокзалының алаңдарын ұсыну (өлшем бірлігі - жолаушылар вагоны) қызметтеріне ақы төлеу арқылы өтейді.

      Бұл ретте, осы аталған пункттегі тасымалдаушының шығындары билет құнына енгізу жолымен өтеледі.

      21. Вокзалдардағы теміржол көлігі қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қажетті қолайлы жағдай жасауға, мәдениетті түрде қызмет көрсетуге, теміржол көлігі қызметтерін пайдаланатын барлық адамдармен қатынаста сыпайы және жайдары болуы және олардан қолданыстағы теміржол көлігі талаптарын орындауды талап етуі тиіс.

      22. Теміржол вокзалдарында жұмыстар жүргізу теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуі, теміржол көлігі қозғалысында үзілістердің туындауына әкелмеуі тиіс.

      23. Теміржол вокзалдарының аумағына өрттерді, аварияларды және басқа да дүлей апаттарды жою үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлік жасақтары, жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергісіз жіберіледі.

      24. Теміржол вокзалдарында жолаушыларға және тұрғындарға вокзалдардың технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты қызметтің қосымша түрлері көрсетілуі мүмкін.

      25. Тасымалдау процесіне байланысты қызмет көрсету мақсатында теміржол вокзалдарының иелерінің өткізілген конкурс қорытындысы бойынша тасымалдау процесіне қатысушылармен шарт жасасуына рұқсат етіледі.

      Бұл ретте теміржол вокзалдарының иелері мен тасымалдау процесіне қатысушылар арасында шарттар жасасу мынадай қағидаттар негізге алына отырып, жүзеге асырылады:

      1) қызметтерге тұтынушылардың тең қол жетімділігі;

      2) тең жағдайлар ұсыну;

      3) қызметтерді жеткізушілердің барлығына қатысты бірыңғай тариф саясатын жүргізу;

      4) қызметтерді жеткізушілердің жолаушылар мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұлжытпай сақтауы.

      26. Теміржол вокзалдарының технологиялық мақсатына байланысты емес қызметтер көрсету мақсатында теміржол вокзалының иесімен сауда негізінде вокзалдардың технологиялық белгілеріне байланысты емес жайларды жалға беру туралы шартты жасауға рұқсат етіледі (бірлік өлшемі шаршы м.).

Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2015 года № 10327

      В соответствии с подпунктом 34-20) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации деятельности железнодорожных вокзалов.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление копии приказа на официальное опубликование в средства массовой информации и в информационно-правовую систему "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Касымбек Ж.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 23 января 2015 года № 55

Правила
организации деятельности железнодорожных вокзалов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации деятельности железнодорожных вокзалов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 34-20) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте", определяют порядок организации деятельности железнодорожных вокзалов в Республике Казахстан, направленный на обеспечение безопасного и качественного обслуживания пассажиров на железнодорожных вокзалах.

      2. В настоящих Правилах использованы следующие определения:

      1) дополнительные услуги – услуги, оказываемые населению на железнодорожных вокзалах в зависимости от класса железнодорожных вокзалов, которые не являются неотъемлемой частью процесса перевозки пассажиров;

      2) поставщик услуг – лицо, оказывающее услуги пассажирам (населению) на железнодорожном вокзале на основании заключенных договоров с владельцем железнодорожного вокзала;

      3) класс железнодорожного вокзала – статус железнодорожного вокзала, определенный в зависимости от объема выполняемых работ (предоставляемых услуг) и технической оснащенности;

      4) владелец железнодорожного вокзала – лицо, владеющее на праве собственности или иных законных основаниях железнодорожными вокзалами и организующее деятельность железнодорожных вокзалов.

2. Порядок организации деятельности железнодорожных вокзалов

      3. Железнодорожные вокзалы являются неотъемлемой частью перевозочного процесса и осуществляют деятельность круглосуточно.

      4. В зависимости от объема выполняемых работ (услуг), пассажиропотока и технической оснащенности железнодорожные вокзалы подразделяются на классы.

      5. Технологическим назначением железнодорожного вокзала являются обеспечение безопасного, качественного обслуживания пассажиров при прибытии, нахождении и отправлении их с железнодорожной станции и предоставление населению услуг.

      6. Железнодорожный вокзал должен иметь билетные кассы, помещения для ожидания, санитарно-бытовые помещения, в том числе специально оборудованные для инвалидов и маломобильных групп населения, комнату матери и ребенка, объекты информационного обслуживания (в том числе объекты, связывающие пассажиров с единым справочно-информационным центром), медицинский пункт и помещениями для органов внутренних дел на транспорте.

      7. Внеклассные и железнодорожные вокзалы 1-го класса дополнительно должны иметь камеры хранения ручной клади, комнаты длительного отдыха транзитных пассажиров, пункты питания, парикмахерские, магазины, торговые киоски, почтовое отделение, обменный пункт, аптеки, банкоматы, платежные терминалы, интернет (WI-FI).

      Все пункты сервиса должны работать круглосуточно и быть легкодоступными для инвалидов и маломобильных групп населения.

      8. Железнодорожные вокзалы оборудуются системой жизнеобеспечения:

      1) освещением;

      2) бесперебойным электропитанием;

      3) пожарной сигнализацией (аварийное оповещение, управление эвакуацией персонала и посетителей, автоматическое пожаротушение и дымоудаление);

      4) ограждением внешнего периметра вокзалов;

      5) видеонаблюдением, с выводом мониторов в дежурные части для органов внутренних дел на транспорте;

      6) инженерной защитой (турникеты, металлоискатели).

      9. Все пункты сервиса должны быть легко доступными для инвалидов и маломобильных групп населения.

      9-1. Для доступа инвалидов к услугам в сфере железнодорожного транспорта на железнодорожных вокзалах должны быть обеспечены:

      1) выделение мест с установкой специальных дорожных знаков для парковки автотранспортных средств инвалидов;

      2) приспособление зданий, подъезда к зданиям (входа в здание, лестниц), путей движения внутри здания для маломобильных групп населения;

      3) оборудование информационными сигнальными устройствами и средствами связи, доступными для инвалидов с нарушениями зрения и (или) слуха, в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;

      4) наличие дежурной инвалидной кресло-коляски для обслуживания инвалидов с нарушениями опорно-двигательного аппарата и других маломобильных групп населения;

      5) оборудование общественных туалетов кабинами для лиц, перемещающихся на инвалидных кресло-колясках;

      6) установление специализированных таксофонов для лиц, перемещающихся на инвалидных кресло-колясках.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 9-1 в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 12.02.2016 № 185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

       10. Залы ожидания должны быть близко расположены к выходам на перрон.

      11. Билетные кассы должны устраиваться в виде индивидуальных кабин, изолированных от зала ожидания. Их надлежит располагать группами, объединяя по категориям обслуживания пассажиров.

      12. Переходы и выходы на пассажирские платформы и перроны должны быть доступны для инвалидов и маломобильных групп населения (оборудованы пандусами, специализированными лифтами).

      13. Предоставление помещений на железнодорожных вокзалах для обеспечения продажи проездных документов (билетов) осуществляется на равной основе всем перевозчикам либо лицам, уполномоченным перевозчиком.

      14. Наличие медицинских пунктов на железнодорожных вокзалах обеспечивается владельцами вокзалов путем заключения договоров с физическими и юридическими лицами, имеющими лицензию на занятие медицинской деятельностью.

      15. Справочно-информационные услуги, связанные с перевозочным процессом, оказываются населению бесплатно, а именно:

      1) посредством визуальной информации через информационные стенды, табло:

      информация о прибытии и отправлении пассажирского и пригородного поезда;

      расписание движения пассажирских и пригородных поездов;

      сведения о перевозчиках, выполняющих пассажирские и пригородные перевозки;

      информация о правах и обязанностях пассажиров на железнодорожном вокзале;

      2) через справочную службу посредством устной и (или) радиотрансляционной информации:

      фактическое время прибытия, отправления и (или) задержки пассажирского и пригородного поезда;

      о пути, на который подается или с которого отправляется пассажирский и пригородный поезд.

      Представление информации обеспечивается также для инвалидов и маломобильных групп населения с использованием языков, текстов, шрифта Брайля, тактильного общения, крупного шрифта, доступных мультимедийных средств.

      16. Услуги, связанные с перевозочным процессом и обслуживанием пассажиров сотрудниками вокзалов, оказываются населению бесплатно:

      1) организация безопасной посадки/высадки на перроне пассажиров в вагоны поездов;

      2) составление актов об опоздании пассажирских и пригородных поездов;

      3) сопровождение инвалидов и маломобильных групп населения на или из пассажирских (пригородных) поездов.

      17. В зависимости от класса железнодорожного вокзала на платной основе предоставляются дополнительные услуги:

      1) объявления по громкоговорящей связи по просьбе пассажиров, встречающих или провожающих;

      2) объявления рекламного характера о деятельности перевозчиков и услугах коммерческих структур, расположенных на железнодорожном вокзале;

      3) представление справочной информации на бумажном носителе;

      4) комнаты отдыха для пассажиров, в том числе комната матери и ребенка;

      5) общественные туалеты при наличии альтернативы бесплатного туалета.

      18. Помещения для органов внутренних дел на транспорте предоставляются безвозмездно, за исключением коммунальных платежей, платежей за связь.

      19. На железнодорожных вокзалах:

      1) обеспечивается ожидание прибытия поезда в залах ожидания;

      2) допускается предоставление помещений для оказания услуг, связанных с обслуживанием и перевозкой пассажиров;

      3) не допускается загораживание ручной кладью, багажом, иными предметами проходы в или из здания вокзала, на перроны, посадочные платформы, пешеходные мосты, настилы, тоннели;

      4) не допускается нахождение на территории вокзала несовершеннолетних лиц без присмотра взрослых;

      5) не допускается использование помещений, предназначенных для обслуживания пассажиров, для целей, не связанных с их обслуживанием;

      6) медицинские пункты располагаются на первом этаже и имеют свободный доступ на перроны, привокзальные площади и в залы ожидания пассажиров. Расположение, ширина дверей и проходов должны обеспечивать возможность движения с медицинскими носилками;

      7) допускается размещение на перронах вокзалов павильонов и киосков на расстоянии от пути не менее 2,5 метра в местах, не препятствующих свободному передвижению пассажиров (населению) по территории вокзала и прохождению в или из здания вокзала;

      8) обеспечивается освещение в темное время суток пассажирских платформ и сооружений, предназначенных для пассажиров.

      20. Владелец железнодорожного вокзала обеспечивает пассажирам бесплатный доступ к помещениям общего пользования (фойе, залы ожидания, кассовые залы, подземные переходы, пассажирские платформы (перроны), общественные туалеты и др., кроме помещений, предназначенных для оказания платных услуг).

      Расходы владельца железнодорожного вокзала, связанные с их содержанием, возмещаются перевозчиком путем оплаты услуг:

      1) справочно-информационных (единица измерения - обслуженный пассажирский поезд);

      2) предоставления площадей железнодорожного вокзала, используемых в целях обеспечения перевозочного процесса, кроме помещений, предназначенных для оказания платных услуг (единица измерения - пассажирский вагон).

      При этом затраты перевозчика, указанные в настоящем пункте, возмещаются путем включения их в стоимость билета.

      21. Работники железнодорожного транспорта на вокзалах должны обеспечивать безопасность пассажиров, создавать им необходимые удобства, культурно обслуживать, быть вежливыми и предупредительными в обращении со всеми лицами, пользующимися услугами железнодорожного транспорта, и одновременно требовать от них выполнения действующих на железнодорожном транспорте требований.

      22. Проведение работ на железнодорожных вокзалах не должно снижать безопасность движения на железнодорожном транспорте, приводить к возникновению перерывов в движении железнодорожного транспорта.

      23. На территорию железнодорожных вокзалов беспрепятственно пропускаются боевые расчеты пожарных и аварийно-спасательных команд для ликвидации пожаров, аварий и других стихийных бедствий, бригады скорой и неотложной медицинской помощи.

      24. На железнодорожных вокзалах могут оказываться дополнительные виды услуг, связанные с обслуживанием пассажиров и населения, в зависимости от технологической возможности вокзалов.

      25. В целях оказания услуг, связанных с перевозочным процессом, допускается заключение договоров владельцами железнодорожных вокзалов с участниками перевозочного процесса по итогам проведенных ими конкурсов.

      При этом заключение договоров между владельцами железнодорожных вокзалов и участниками перевозочного процесса осуществляется исходя из принципов:

      1) равного доступа потребителей к услугам;

      2) предоставления равных условий;

      3) проведения единой тарифной политики в отношении всех поставщиков услуг;

      4) неукоснительного соблюдения поставщиками услуг требований по обеспечению безопасности пассажиров и движения поездов.

      26. В целях оказания услуг, не связанных с технологическим назначением железнодорожных вокзалов, допускается заключение договоров владельцами железнодорожных вокзалов на аренду помещений на договорной основе (единица измерения кв.м).