"Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде, әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына және "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 ақпанда № 10330 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6855 нөмірімен тіркеліп, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 4 жинағында 2011 жылғы 25 наурызда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықта:
      16-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген ҰҚБЖН-ның бастапқы нұсқасын жариялау;»;
      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
      «6. Ұшу-қону жолағына санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу.
      39. Ұшу-қону жолағына (бұдан әрі - ҰҚЖ) санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінде қолданылатын қағидаттарды ескере отырып әзірленеді және орындалады.
      Көрсетілген бағдарлама радиотелефондық фразеологияны, тілдік құзыреттілікті, жабдықты, жарық-техникалық құралдар мен әуеайлақтың таңбаларын, әуеайлақтық карталарды, пайдалану аспектілерін, жағдай туралы хабардар болуды және адами факторды қоса алғанда, ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.
      40. ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу үшін орташа жылдық ұшу қарқындылығы тәулігіне 50 ұшу-қону операциясынан асатын әуеайлақтарда ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топтар құрылады.
      Осындай топтардың мақсаты:
      1) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;
      2) азаматтық авиация ұйымдарының басшылық құрамымен ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кірудің әлеуетті проблемалары бойынша консультациялар жүргізу және қауіпті жою мен қалдық тәуекелдерді азайту бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.
      41. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топқа әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің, әуеайлақты пайдалану қызметінің, әуе кемелері пайдаланушылары мен азаматтық авиацияның басқа да мүдделі ұйымдарының өкілдері кіруі тиіс. Топ мәжілістерін өткізу жиілігін оның басшысы айқындайды.
      42. ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кірудің жалпы санын, оның салдарларының күрделілік үлгілері мен дәрежесін анықтағаннан кейін ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ шешілуі ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін арттыратын міндеттерді анықтауы, оның ішінде:
      1) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдауды және таратуды жетілдіруі;
      2) белгі мен таңбаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес болуын және ұшқыштар мен жүргізушілерге көрініп тұруын тексеру;
      3) кейіннен әуеайлақ карталарында жариялау үшін ҰҚЖ-дағы қауіпті учаскелерді анықтауы, олардың дәлдігін тұрақты тексеруі, қажеттілігіне қарай қайта қарауы;
      4) байланыс стандарттарын арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеуі;
      5) ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кіру ықтималдығын төмендетуі мүмкін әлеуетті жаңа технологияларды анықтауы;
      6) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша білім беру-оқыту материалдарын әзірлеуі және әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, ұшқыштары және әуеайлақ аумағында көлік құралдарын басқаратын персонал арасында олардың таратылуын қамтамасыз етуі тиіс.
      43. Қауіпті учаскелерді анықтағаннан кейін қауіпті факторларды жою бойынша тиісті шараларды қабылдау және егер оны дереу жүзеге асыру мүмкін болмаса, осы тәуекелді бақылау және төмендету керек. Көрсетілген шаралар мыналарды қамтуы мүмкін:
      1) ақпараттық-ағартушылық кампаниялар;
      2) қосымша көзбен шолатын құралдар (белгілер, таңбалау және жарық-техникалық құралдар);
      3) баламалы қозғалыс бағыттарын пайдалану;
      4) жаңа рульдеу жолдарын салу;
      5) әуеайлақтық диспетчерлік пунктте «өлі аймақтарды» азайту.
      44. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі кемшіліктерді азайтуға бағытталған іс-қимылдар тізбесін және олардың орындалуы үшін жауапты тұлғаларды (ұйымдарды) қамтитын жоспарды әзірлейді. Көрсетілген іс-қимылдар әуеайлақтың нақты талаптарын ескеруі және осы әуеайлақтың ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді немесе проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.
      Жоспар әуеайлақтың немесе ондағы құралдардың физикалық сипаттамаларын қозғайтын ұсынылатын өзгерістерді, әуе қозғалысына қызмет көрсету рәсімдерін, бақыланатын аймаққа рұқсатты реттейтін талаптарды, ұшқыштар мен көлік құралдары операторларының хабардар болу деңгейін және қауіпті учаскелер көрсетілген карталарды шығаруды қамтуы мүмкін.
      45. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ мерзімдік негізде іске асырылған және/немесе орындалған жоспар тармақтарының тиімділігін бағалауды жүргізеді.
      46. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган озық практиканы енгізу мақсатында ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ қызметінің нәтижелерін жүйелендіреді және қорытындылайды.»;
      2) «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7006 нөмірімен тіркеліп, 2011 жылғы 29 шілдеде № 108(1924) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      20-1) ӘҚҚ хабарлауларын жинау пункті – ӘҚҚ-ға және ұшып шығу алдында ұсынылатын ұшу жоспарларына қатысты хабарлауларды алу мақсатында құрылатын ӘҚҚ органы.
      ӘҚҚ-ны жинау пункті аэронавигациялық ақпаратпен қызмет көрсету функцияларын қамтуы мүмкін;
      20-2) әуеайлақтың бақылау нүктесі (бұдан әрі - ӘБН) – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын шартты нүкте;»;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) әуеайлақтағы атмосфералық қысым (QFE) – ұшу-қону жолағының жұмыс шегі деңгейінде сынап бағанасында миллиметрде (бұдан әрі – сын. бағ.мм.), миллибарда (бұдан әрі – мбар) немесе гектопаскальда (бұдан әрі – гПа) атмосфералық қысымның мағынасы;»;
      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «38-1) бақыланбайтын әуеайлақ - әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету ұйымдастырылмаған әуеайлақ (уақытша әуеайлақты қоспағанда);»;
      71)102) және 103) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «71) көрінушілік – авиациялық мақсаттар үшін көрінушілік мынадай анағұрлым көп шамаларды білдіреді:
      ашық реңде бақылау кезінде жерге жақын орналасқан қолайлы өлшемдердегі қара объектіні ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;
      жарық емес реңде жарық күші шамамен 1000 кандел (кд) болатын оттарды ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;»;
      «102) тау әуеайлағы (гидроәуеайлақ) – жер бедерімен қиылысатын және әуеайлақтың (гидроәуеайлақтың) бақылау нүктесінен 25 километр (бұдан әрі – км) радиустан астам және салыстырмалы түрде 500 қатыстық биіктіктері бар жерде орналасқан немесе теңіз деңгейінен 1000 метр және одан астам биікте орналасқан әуеайлақ (гидроәуеайлақ);»;
      «103) таулы жер – қиысқан рельефпен 25 км. радиустағы 500 м. және одан астам салыстырмалы биіктікпен, сондай-ақ теңіз деңгейінен 2000 м. және одан астам биіктікпен жер;»;
      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жарты жылдық бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету қауіпсіздігінің мерзімдік талдауын ұсынады. Жүргізілетін талдаудың құрылымы мен бағыттары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» аэронавигациялық қызмет көрсету ережелері (DOC PANS-ATM 4444) құжатының ұсынымдарын ескере отырып айқындалады.»;
      33-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ШДП және МДП арасындағы – әрбір әуеайлақта қонуға кіру түрі (аспаптар бойынша ұшу қағидалары – АҰҚ, қонуға көзбен шолып кіру – ҚКК) бойынша нақтыланады:
      АҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде:
      ҰҚЖ табанынан қашықтау бойынша;
      магнитті қону бағытынан алынған секторды көрсету бойынша;
      КҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде биіктік диапазоны бойынша:
      әуе кемесінің тікелей қону алдындағы түзуде табылу сәтінде;»;
      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      «34-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету әуе кемесі ӘҚҚ органына бекітілген әуе кеңістігіне кірген кезде басталады және әуе кемесі одан шыққан кезде аяқталады.
      Жекелеген жағдайларда әуе қозғалысына қызмет көрсетуді беру шебі әрбір нақты жағдайда уақыты бойынша немесе екі аралас ӘҚҚ органдары арасында келісілген нүктеге жылжуы мүмкін.»;
      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «104. Егер ұшу жоспарында бастапқы кезеңде ұшу бақыланбайтын, ал кейінгі бөлігі – бақыланатын болатыны көрсетілсе, әуе кемесінің экипажына бақыланатын әуе кеңістігіне кіретін есепті уақытқа дейін 5 минут бұрын кімнің жауапкершілік аймағында бақыланатын ұшу басталса, сол ӘҚҚ органынан диспетчерлік рұқсат алуы қажет.»;
      мынадай мазмұндағы 265-1-тармақпен толықтырылсын:
      «265-1. Ұшу жолағындағы жұмыстардың басшысымен байланыс тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, ҰҚЖ оттарымен жыпылықтау ҰҚЖ-ны дереу босату қажеттілігі туралы дабыл болып табылады;»;
      298-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қалыптасып отырған әуе жағдайына, әуе кемесін немесе әуеайлақты пайдаланумен байланысты жергілікті жағдайларға және рәсімдерге қарай басқа да әуе кемелері;»;
      мынадай мазмұндағы 311-1-тармақпен толықтырылсын:
      «311-1. ҰҚЖ-да кедергілердің жоқ болуы:
      1) көзбен шолып қараумен (көрінушілік шегінде);
      2) ұшу алаңын шолу локаторының индикаторы бойынша бақылаумен (бар болған кезде);
      3) әуе кемелері экипаждарының ҰҚЖ-ны босату туралы хабарлаулары бойынша;
      4) көрінбейтін учаскелерде, күрделі метеожағдайларда және түнде ҰҚЖ-ны тексеру кезінде әуеайлақ қызметі мамандарының хабарлаулары бойынша анықталады.»;
      331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «331. RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін әуе кемелері ұшудың барометрлік биіктігі туралы деректерді хабарлайтын қабылдау-жауап беру құралдарымен жарақталады.
      Әуе жағдайының индикаторында көрсетілген ұшудың берілген эшелонынан (биіктігінен) рұқсат етілген ауытқу көлденең ұшу режимінде анықталады және:
      410 ұшу эшелонынан және одан төмен әуе кеңістігінде ұшу кезінде ±60 метрді (±200 фут);
      410 ұшу эшелонынан жоғары ұшу кеңістігінде ±90 метрді (±300 фут) құрайды.
      Жасалған келісімге сәйкес ӘКҚ органы RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде рұқсат етілген ауытқулардан асып кету туралы мәліметтерді өңірлік мониторингтік агенттікке жібереді.»;
      334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «334. Эшелонды әуе кемесінің қамту өлшемі анықталған кезде 410 және одан төмен эшелонынан әуе кеңістігінде ±60 метр (±200 фут), 410 ұшу эшелонынан жоғары әуе кеңістігінде ±90 метр (±300 фут) болып табылады.»;
      343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «343. Бақылау жүйелері аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді, келу диспетчерлік қызмет көрсетуді және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.»;
      410-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «410. ӘҚҚ органдары ұшу жоспары бақыланбайтын әуе кеңістігінде жабылатын ережелерді қоспағанда, ұшу жоспарын ұсынуға, толтыруға, орындауға және жабуға қатысты ережелерді әуе кемесі экипажының сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) мыналарды:
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                       Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады