Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10355 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 243 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.02.2016 № 243 бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (C.C. Сарсенов):
      1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мерзiмдi баспасөз басылымында ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі                     Ә.Исекешев

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы      
№ 64 бұйрығымен бекітілген     

Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      Қағидалар Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Депозитарийді жүргізу сатып алған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленуші оны жоғалтқан жағдайда алмастыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік тіркелімді жүргізуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.
      4. Депозитарийді жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік техникалық қызмет жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін, олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      6. Мемлекеттік техникалық қызметтің депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.

2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу тәртібі

      7. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, осы мәліметтерді кейіннен жаңарта отырып енгізуді қамтиды.
      8. Жеке мемлекеттік емес қаражаттың есебінен әзірленген және құрылған электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер осы ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша Мемлекеттік тіркелімге тіркеледі. Мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жаңалау (өзекті ету) көрсетілген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
      9. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын, 30 наурыздан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдаланудың тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді. Уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметке жаңартулар және (немесе) тоқтату туралы ақпаратты жібереді.
      10. Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәліметтерді енгізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      11. Жаңартылған өтінім немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган оның меншік иесіне немесе иеленушісіне мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы тиісті ресми сұрау салуды жібереді.
      12. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және мемлекеттік техникалық қызмет Мемлекеттік тіркелімге тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді.
      13. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мемлекеттік тіркелімдегі мәліметтер қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлігінде Интернет желісінде орналасқан» Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік тіркелімі» веб-сайтында жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.
      14. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер электрондық ақпараттық ресурстардың және электрондық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде міндетті есепке алуға жатады.
      Олар бойынша мәліметтер электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық жүйе пайдалануға енгізілген сәттен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

3. Депозитарийді жүргізу тәртібі

      15. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы жинау, жүйелеу, жинақтау мен сақтау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізу депозитарийдің негізгі міндеттері болып табылады.
      16. Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық кодтар екі данада (нұсқасы мен көшірмесі) компакт-дискілерде ұсынылады. Нормативтік-техникалық құжаттама қағаз жүзінде екі нұсқада (түпнұсқасы мен көшірмесі), сондай-ақ электронды түрде компакт-дискілерде (түпнұсқасы мен көшірмесі) екі нұсқада ұсынылады.
      17. Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдері, бағдарламалық кодтары және нормативтік – техникалық құжаттары депозитарийге сақтауға ақпараттық жүйе пайдалануға енгізілген сәттен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
      18. Мемлекеттік бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік – техникалық құжаттардың меншік иелері немесе иенушілері, дипонеттеу объектілерінің толық жаңартылған (актуалданған) сипатының өзгерісі немесе себептердің қысқа мазмұндамасымен өнімді пайдалануға тоқтату туралы хабары болмаған жағдайда жылсайын 30 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органға барлық дипонеттеу объектілері комплектациясының және санының толық жаңартылуын ұсынады.
      19. Депозитке беру объектілерінің жаңа болжамы шығарылған (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген) жағдайда олардың меншік иесі немесе иеленушісі өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізгеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде құрамды анықтау және/немесе өзгерту не болмаса осы объектілер бойынша тіркеу мәліметтері мазмұнының қажеттілігі туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, ол депозитарийге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. Жаңартылған депозитке берілген объектілерге жаңа депозиттік нөмір тағайындалады, ескірген депозитке берілген объектілер жойылмайды.
      20. Бағдарламалық өнім пайдаланудан алынып тасталған немесе депозитарийде тіркелген нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі бағдарламалық өнім пайдаланудан алынып тасталған немесе нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы жазбаша хабарлайды. Уәкілетті орган хаттың көшірмесін мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
      21. Мемлекеттік техникалық қызмет осындай хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді.
      22. Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың жаңартылған (өзекті етілген) сипаттамасын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оның иесіне депозитарийдің мәліметтерін жаңарту қажеттілігі туралы жазбаша ескертуді жібереді.
      23. Объектілерін сақтауына беру объектісінің меншік иесінің немесе иеленушінің атауын арнайы жәшіктерде көрсете отырып, оларды орналастыру жолымен жүргізіледі.
      24. Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама қағаз түрінде және компакт-дискілерде оларға рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етумен, материалдар мен компакт-дискілердің есепке алынуына және сақталуына байланысты әр түрлі операцияларды орындаған кезде тиісінше жұмысты қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған үй-жайда сақталады.
      25. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік емес бағдарламалық өнімнің меншік иесі немесе иеленушісі оны көшіруге құқық бермеген жағдайды қоспағанда, компакт-дискілердің мерзімді тексерілуін қамтамасыз етеді және оларды сақталу мерзіміне сәйкес олардың қайта жазылуын жүзеге асырады.

Электрондық ақпараттық ресурстар   
мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік
тіркелімін және депозитарийді жүргізу
қағидаларына             
қосымша               

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Деректер қорын тіркеу




Деректер қоры туралы мәліметтерді жаңалау


Тіркеу нөмірі


Мәліметтерді ұсынған күн



1. Деректер қорының сәйкестендірілген деректері

1. Атауы


2. Аббревиатура


3. Нұсқасы


4.Автоматтандырылған жүйенің құрамына кіреді


2. Деректер қорының иесі туралы мәліметтер

1. Ұйымның атауы


2. Ведомствоның атауы

3. Иесінің мәртебесі


4. Басшысы


5. Мекен жайы


6. Телефоны


7. Сайт


8. Факсы


9. E-mail


3. Деректер қорының құрылымдық-мазмұнды сипаттамасы

1. Арнауы


2. Деректер қорының тақырыптамасы


3. Деректер қорын қолдану саласы


4. Түрі


5. Жазба тілі

6. Объектілері

Деректер қорының объектілік түрінің атауы

Объектілер саны



4. Деректер қорының көлемді-уақытша сипаттамасы

1. Көлемі (Мегабайт)



2. Жаңалау кезеңі


3. Жаңалау тәртібі


5. Деректер қорының бағдарламалық-техникалық сипаттамасы

1. Операциялық жүйе

Операциялық жүйенің атауы

Операциялық жүйенің нұсқасы

2. Деректер қорын басқару жүйесі

Деректер қорын басқару жүйесінің атауы

Деректер қорын басқару жүйесінің нұсқасы

3. Электрондық-есептеу машиналар

Маркасы және түрі

Кескіні



4. Абоненттік пункттің техникалық құралы

Техникалық құралдың атауы

Саны



6. Деректер қорының қызметтік-пайдаланушылық сипаттамасы

1. Жеткізіп беру нысаны


2. Тасымалдаушының түрі


3. Баспасөз басылымдары


4. Қызмет көрсетудің түрлері


5. Пайдаланушылар саны


6. Пайдаланушылар


7. Деректер қорының авторлық-құқықтық сипаттамасы

1. Меншік иесінің құқығының негізі


2. Құқығының шектелуі


8. Қаржыландыру туралы мәліметтер

1.Құрылу кезеңі



2. Құрылуды қаржыландыру туралы мәліметтер

Қаржыландыру көзінің атауы


Құрылу құны, мың теңге

3. Қызмет көрсетуді қаржыландыру туралы мәліметтер

Қаржыландыру көзінің атауы


Қызмет көрсету құны, мың теңге

4. Қосымша мәліметтер


9. Ақпараттық қауіпсіздік туралы мәліметтер

1. Аттестация өту мерзімі


2. Аттестат туралы мәліметтер


10. Сынаулар туралы мәлiметтер

1. Сынаулар өту мерзімі


2. Сынақ хаттамасы туралы мәліметтер


                                           ________________________
                                                иесінің қолы

                              МО
                                           ________________________
                                                    күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады