Байланыс формасы

Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10395 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 116 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 5-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                            Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы   
№ 89 бұйрығына         
1-қосымша          

Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық
ресурстардың тізбесі

Р/c №

Ақпараттық ресурстар

Ақпараттық ресурстардың өлшемдері

1

2

3

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба

2

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

1. Почталық мекенжайы
2. Электрондық почтаның мекенжайы
3. Анықтамалық қызметтердің телефондары
4. Өкілеттіктерінің сипаттамасы
5. Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі
6. Мемлекеттік органның таңбасы (олар бар болған жағдайда)
7. Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама

3

Құрылымы

1. Ережелері
2. Құрылымдық бөлімшелердің тізбесі
3. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі
4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың почталық мекенжайы, электрондық почтаның мекенжайы, анықтамалық қызмет телефондары (көрсетілген ұйымдар бар болған кезде)
5. Бірінші басшылар туралы мәліметтер
6. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары туралы мәліметтер
7. Аумақтық органдардың тізбесі (олар бар болған кезде), аумақтық органдардың міндеттері мен функциялары, аумақтық органдардың почталық мекенжайы, электрондық почтасының мекенжайы, анықтамалық қызмет телефондары, аумақтық органдардың басшылары туралы мәліметтер

4

Ақпараттық қолдау

1. Мемлекеттік органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердің, деректер банкінің, тізілімдердің, тіркелімдердің тізбелері. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердің тізбесі.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын іске асыру және ақпараттық жүйелерді әзірлеу туралы ақпарат.

5

Статистикалық ақпарат

Органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер

6

Талдамалық ақпарат

Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар тоқсан сайын, бір реттен кем емес

7

Мемлекеттік органның норма шығару қызметі

1. Соңғы өзгерістермен мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер
2. Заңнамалық және заңға тәуелді актілер жобаларының мәтіндері

8

Бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын беру бойынша жұмыс

1. Мемлекеттік органның рұқсат беру іс-әрекеттерін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалары) жүзеге асыру тәртібі
2. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орган қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының нысандары
3. Міндетті ведомстволық есеп және мемлекеттік органның бақылау және қадағалау қызметінің нәтижелері туралы басқа ақпарат
4. Қауіптілік деңгейін бағалау, тексеру парақтарының нысандары және міндетті ведомстволық есеп өлшемдері бойынша бірлескен бұйрықтар

9

Мемлекеттік органның қызметі

1. Нысаналы бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жобалары туралы мәліметтер
2. Басшылар мен басшылар орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндері

10

Конкурстар, тендерлер өткізу

1. Ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер, сараптамалар және басқа да іс-шаралар туралы мәліметтер және оларды өткізу шарттары
2. Оларға заңды және жеке тұлғалардың қатысу тәртібі

11

Халықпен жұмыс жасау

1. Мемлекеттік органның азаматтарды қабылдау және олардың өтінішін қарау тәртібі
2. Құзыретіне азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және азаматтар мен ұйымдардың өтінішін қарауды қамтамасыз ету жататын бөлімше басшысының немесе өзге лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты
3. Мемлекеттік органның қызметі туралы ауызша нысанда ақпарат беретін құрылымдық бөлімшелердің атауы, лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты
4. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша азаматтарға ақпарат алуға мүмкіндік беретін байланыс телефондары, азаматтарды қабылдау жүргізілетін мекенжай, қабылдау уақыты, сондай-ақ қабылдауға жазылу тәртібі
5. Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органға өтініштеріне шолулар, мұндай өтініштерді қарау нәтижелері туралы және қабылданған шаралар туралы қорытылған ақпарат
6. Коммуналдық тұрғын-үй қорынан баспанаға немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын-үй қорынан жалға алынған баспанаға мұқтаждарды есепке алатын бөлек тізім (жергілікті атқарушы органдарға)
7. Баспанаға мұқтаждар есебінің тізімімен белгіленген олардың кезегін көрете отырып, коммуналдық тұрғын-үй қорынан баспанаға немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын-үй қорынан жалға алынған баспанаға қол жеткізген адамдардың тізімі (жергілікті атқарушы органдар үшін)

12

Кадрлық қамтамасыз ету

1.Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер
2. Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Бос лауазымдарды атқаруға қатысты ақпарат алуға болатын телефондардың нөмірі

13

Қоғамдық маңызды өлшемдер

1. «Сұрақ-жауап» сервисінің болуы
2. Жаңалыққа жазылу мүмкіншілігі
3. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі бөлімдердің болуы
4. Интерактивті сұрақтар
5. Жаңалықтар таспасы
6. Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы   
№ 89 бұйрығына         
2-қосымша           

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік
органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру қағидалары «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) атрибут – HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
      2) түпнұсқалық – орналастырған ақпараттың барлық мәлімделген тіл нұсқаларындағы сәйкестігі;
      3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
      4) глоссарий – қандайда бір білім саласында түсіндірме, түсініктеме және мысалдармен берілген тар шеңберде мамандандырылған сөздік;
      5) серпінді ақпарат – мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
      6) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
      7) инфографика – ақпаратты графикалық әдіспен ұсыну, яғни тек көлемді ақпаратты реттей қоймай, сондай-ақ зат пен деректердің байланысын, олардың үрдісін көрсете алатын әдіс;
      8) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат);
      9) тег – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;
      10) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
      11) эргономикалық дизайн – алғашқы мәліметтерді дайындау, өндеу және алынған нәтижелерді бағалау бойынша пайдаланушылардың әрекеттерін азайтуға мүмкіндік беретін дизайн стилі;
      12) Html (HyperTextMarkupLanguage – «гипермәтінді белгілеу тілі») – бет (бұдан әрі – HTML-бет) – Интернет желіде құжаттарды белгілеудің стандарттық тілі;
      13) Web Content Accessibility Guidelines (бұдан әрі - WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың қазіргі заманғы ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.

2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында электрондық
ақпараттық ресурстарды орналастыру тәртібі

      1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері электрондық ақпараттық ресурстарды дайындайды және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға аппарат басшысымен, жауапты хатшымен, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған лауазымды тұлғамен және вице-министрмен келіседі.
      2. Келісілгеннен кейін электрондық ақпараттық ресурстар оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.
      3. Серпінді ақпарат күн сайын жаңартылады.
      4. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
      Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар мынадай түрде беріледі:
      1) Word, Ехсеl, НТМL, PPT, PPTX, PDF6 ePub және басқа мәтіндік форматтарда;
      2) JPG, GІF және басқа форматтардағы графиктік файлдар.
      5. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргізіледі:
      1) безендіру мақсатында пайдаланылатын мәтіндік емес веб-контенттен басқа мәтіндік емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтінмен сүйемелденіп, бағдарламалық кодта тиісті атрибуттармен белгіленуі тиіс;
      2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсіне байланысты болатын мәтіндік емес және мәтіндік веб-контент мағыналық жүктемесі дәл сондай баламалы мәтінді қамтуы тиіс;
      3) нысанында, мөлшерінде және орналасуында мағыналық жүктесі бар веб-контент элементтері тиісті мәтіндік анықтамамен сүйемелденуі тиіс;
      4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуі тиіс;
      5) егер веб-контентті оқудың дұрыс дәйектілігі оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиіс;
      6) үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру қажет;
      7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиіс;
      8) уақыт бойынша шектелетін бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтін немесе шектеу мерзімін ұзартатын механизмді қамтуы тиіс;
      9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, автоматы түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті құру ұсынылмайды, ол қолданылған жағдайда осы веб-контентті тоқтату жөніндегі механизмді ұсыну қажет;
      10) үлкен көлемді графикалық элементтері немесе навигациялық сілтемелері бар веб-бетте көрнекі бөлігінде веб-контенттің негізгі бөлігіне өту үшін сілтеме жасау қажет;
      11) әрбір веб-беттебеттің мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиісті тегте көрсетілетін ақпаратты тақырып болуы тиіс;
      12) сілтеменің мақсаты сілтеменің өз мәтінінен не сілтеме мәтіні мен оның бағдарламалы анықталған контекстінен түсінікті болуы тиіс;
      13) веб-бетте негізгі қолданылатын тіл тиісті атрибуттың көмегімен бағдарламалық кодта анықталуы тиіс;
      14) пайдаланушының ақпаратты енгізген кезіндегі анықталған кез келген қате мәтіндік хабарлама түрінде ұсынылуы қажет.
      6. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік құпияларды құрайтын, жариялануы шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ басылымдық жариялануы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағы 2-бабына сәйкес тыйым салынған өзге де мәліметтерді орналастыруға рұқсат етілмейді.
      7. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында электрондық ақпаратты орналастырған кезде барлық тілдік нұсқаларда түпнұсқалық сақталады.
      8. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында пайдаланушыға бағытталған эргономикалық дизайн пайдаланылады:
      1) өзге тілдік нұсқаларға ауысқан жағдайда интернет-ресурстың ағымдағы беті сақталуы тиіс;
      2) интернет-ресурстың дизайнында айналма үшеуден аспауы тиіс;
      3) мәтіндік материалдар басты сөздермен (тег) сүйемелденуі және аталған тақырып бойынша ұқсас мәліметтерге сілтеме жасалуы тиіс;
      4) аса маңызды ақпарат: көрсетіліп жатқан қызмет тізбесі, заңнамадағы (жаңа таспада), байланыс ақпараттағы және тағы басқалардағы өзгерістер соған ұқсастар мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының басты бетінде орналастыруы тиіс.

3. Ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарының ақпараттық көздері:
      тиісті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері;
      тиісті мемлекеттік органның ведомстволары;
      тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
      тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары;
      басқа ұйымдар берген мәліметтерден құралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады