Байланыс формасы

Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10418 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-02/42 бұйрығымен
бекітілген

Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды
есепке алу, айқындау және өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 18-31) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорының аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.

      2. Орман өртінен келетін толық материалдық залал мыналарды қамтиды:

      1) тікелей материалдық шығын:

      орта жастағы, толысып келе жатқан, өсіп-жетілген және қураған екпелерде өсіп тұрған сүрек ысырабының құны;

      табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтардың, ұштаспаған орман ағаштары мен өскіннің зақымдануынан келетін залал;

      екінші дәрежелі сүрек ресурстарының зақымдануынан келетін залал;

      жанама орман пайдалану ресурстарының зақымдануынан келетін залал;

      жанып кеткен және бүлінген құрылыс объектілерінен, техникадан, жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтардан келетін залал;

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерін қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал;

      2) жанама материалдық залал:

      орман өрттерін сөндіруге жұмсалған шығындар;

      өрт зардаптарын жоюға жұмсалған шығындар (санитариялық іс-шаралар мен ормандарды молықтыру іс-шараларын жүргізу шығындары;

      орманның су қорғау, егістік және топырақ қорғау, генетикалық, санитариялық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да пайдалы функцияларының төмендеп кетуінен келетін залал.

      3. Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу және анықтау орман өрті жойылғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Бұл орайда өрт қамтыған орман қорының учаскесі мен алқабының орналасқан жері анықталады және нақтыналады, өрт шекарасы жақын маңдағы орман соқпақтарына, жолдарға немесе елдімекендерге ұштастырылып, оның мөлшерлі сызбасы жасалады. Жоспарлы-картографиялық материалға орман өртінің сұлбасы түсіріліп, от шарпыған табиғи жолмен өскен жас талдардың, тұтасқан немесе тұтаспаған орман ағаштарының алқаптары, табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөнінде іс-шаралар жүргізілген алқаптар нақтыланады.

      4. Орман орналастыру материалдары бойынша өрт зақымдаған орман екпелеріндегі басым тұқымды, орташа биіктігі, диаметрі және қоры анықталады. Зақымданған учаскелерде санитариялық іс-шаралар жүргізу жағдайлары мен мерзімі және ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар айқындалады.

      5. Орман өртінің түрі мен қарқындылығы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ағаштардың, олардың жекелеген бөліктерінің және биоценоздың әртүрлі компоненттерінің зақымдану немесе жану белгілері бойынша анықталады.

      6. Орман өртінен келген залалды есептегенде қолданыстағы:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексінің) 506-бабының 2-тармағында көзделген түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкалары;

      "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар (бұдан әрі – Базалық ставкалар);

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңың 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес белгіленетін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында Қазақстан Республикасы заңнамасына бұзу келтірген зиянды өтеу мөлшері (бұдан әрі – Зиянды өтеу мөлшерлері);

      Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (түбірімен босатылатын сүрек үшін ставкаларды қоспағанда) қолданылады.

2. Тікелей материалдық залалды анықтау тәртібі

      7. Өсіп тұрған сүректің шығындары сүректің жалпы қорына пайызбен есептегенде өрттің түрін, оның қарқындылығын, екпедегі басым тұқымдыны және ағаштың орташа диаметрін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген орман өрттері кезіндегі өсіп тұрған сүрек шығындарының көрсеткіштеріне сәйкес анықталады.

      8. Өрт болған алқаптағы сүректің жалпы қоры, от зақымдаған сүрекдіңнің басым тұқымдысының орташа диаметрі орман орналастыру материалдары бойынша анықталады.

      9. Егер өрт бірнеше таксациялық телімнен тұратын екпелерді қамтып, өрттің алқабы бір орамның мөлшерінен аспайтын болса, сүректің жалпы шығыны әрбір орам бойынша есептелген шығындар сомасы ретінде анықталады. Жалпы шығындар телімдегі немесе телімнің бір бөлігіндегі сүректің жалпы қорына немесе қор шығынының пайызына байланысты есептеледі. Есеп-қисап басым тұқымды бойынша оның орташа диаметрін ескере отырып жүргізіледі.

      10. Егер өрт бірнеше орамды немесе олардың бөліктерін шарпыса, сүрек шығыны орамдар немесе олардың бөліктері бойынша есептеліп, содан кейін қосылады. Мұндай жағдайда жалпы алғанда әрбір орам немесе оның бөлігі үшін сүрек қоры, басым тұқымды және оның орташа диаметрі анықталады.

      11. Сүрек шығынына келетін залал түбірімен босатылатын сүректің бір текше метрі үшін төлемақы ставкасын сүрек шығынының көлеміне көбейту жолымен анықталады.

      12. Табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтар, тұтаспаған орман ағаштары және өскін (бұдан әрі – жас шыбықтар) зақымданған кездегі залал өсірілген жас шыбықтарды бөрікбасының ұштасу жасына дейін өсіруге жұмсалған шығындар бойынша анықталады.

      13. Жас шыбықтардың зақымдануынан келетін залалды анықтау зақымданған жас талдардың жасын ескере отырып, 1 гектар жас талдарды бөрікбасының ұштасуы жасына дейін өсіруге жұмсалған шығындарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ормандарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардың тиісті коэффициентіне көбейту жолымен жүзеге асырылады.

      14. Екінші дәрежедегі сүрек ресурстарының зақымдануынан келетін залал түбірімен босатылатын отындық сүрек үшін төлемақы ставкасының 20 % мөлшерінде есептеледі.

      15. Орман қоры аумағындағы жанама орман пайдалану ресурстарын орман өртінің зақымдауынан келетін залал мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы ставкаларының негізінде жанама орман пайдаланудың әрбір зақымданатын ресурсы бойынша анықталатын залал сомасы ретінде есептеледі.

      16. Орман өртінің мемлекеттік немесе жекеше орман иеленушілердің ормандағы құрылыс объектілерін, техникасын, жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын (шектеу белгілері, аншлагтар, маңдайшалар, көрнекі үгіт пен насихаттың басқа да заттарын, шағын сәулет нысандары) зақымдап немесе жойып келтірген залалдың көлемі олардың нарықтық бағасы басшылыққа алына отырып анықталады.

      17. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерін қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал Зиянды өтеу мөлшерлеріне және Базалық ставкаларға сәйкес анықталады.

3. Жанама материалдық залалды анықтау тәртібі

      18. Орман өртін сөндіруге жұмсалған шығындар:

      1) орман өртін сөндіруге басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан тартылған қызметкерлердің, халықтың өзге санаттарының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес төленетін жалақысын;

      2) орман өртін сөндіру кезінде пайдаланылған машиналар мен тракторлардың, басқа да механизмдердің олардың иелері шот-фактура беріп растайтын олардың қызметінің құнын;

      3) орман өртін сөндіру кезінде жұмсалған жанар-жағармай материалдарының, өрт сөндіру құралдарының құнын;

      4) қызметкерлерді тамақтандыруға жұмсалған нарықтық бағалар негізінде есептелген шығындарды қамтиды.

      19. Орман өрті болған орман участкелерінде санитариялық ағаш кесулерді жүргізуге жұмсалған шығындар осы жұмыстарды жүргізуге арналған нормалар мен нормативтер бойынша анықталады, ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жұмсалған шығындар осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалар негізінде анықталады, бұл ретте 1 гектарға шаққанда көрсетілген іс-шараларды жүргізуге қажет шығындар өрт шарпыған алқапқа көбейтіледі.

      20. Орманның су қорғау, егістік және топырақ қорғау, генетикалық, санитариялық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да пайдалы функцияларының төмендеп кетуінен келетін залал осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептелген өсіп тұрған шығыны мен жас шыбықтардың зақымдануынан залалдардың сомасын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ормандарды қорғау санаты бойынша залалды айқындауға арналған экологиялық маңыздылық коэффициентіне көбейту арқылы анықталады.

4. Орман қорының аумағында өрт келтірген залалды есепке алу тәртібі

      21. Орман қоры аумағында өрт келтірген залал туралы мәліметтер осы Қағидаларға тиісінше 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша орман өрті туралы хаттамада, орман өрттерін есепке алу журналында көрсетіледі.

      22. Орман өрті туралы хаттаманы орман иеленуші екі нұсқада жасайды, бұл ретте бірінші данасы құқық қорғау органдарына беріледі, ал екінші данасы орман иеленушіде қалады.

      23. Орман иеленуші Орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді, тігіледі, орман иеленішінің қолымен және мөрімен расталады.

5. Орман өрті келтіретін залалды өтеу тәртібі

      24. Жеке және заңды тұлғалардың отқа абай болмауы немесе Орман кодексінің 63-бабының 2 тармағына сәйкес белгіленетін Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы салдарынан ағаштар мен бұталардың жойылуы және (немесе) зақымдануы нәтижесінде орман қорының аумағында өрттер келтіретін тікелей және жанама залал олардың өтеуіне жатады.

      Орман қорының аумағында өрт келтірілген залал ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен өтеледі.

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
1-қосымша

Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әртүрлі
компоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері

Өрт түрі мен оның интенсивтілігі

Өрт қауіптілігінің классы

Жанатын орман материалдарының түрі, олардың өзгешелігі мен жану ерекшеліктері

1

2

3

Төменгі жүгірмелі:

әлсіз

I-II

Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, өткен жылғы құрғақ шөп жанады, жалынның биіктігі 0,5 мерге дейін, оттың таралу жылдамдығы минутына 1 метр. 1 шаршы метр жану материалдарының запасы 0,3-1,2 килограмм.

орташа

II-III

Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, бұтақтар, шөп төсеніштерінің үстіңгі қабаты жанады, жалынның биіктігі 0,5-1,5 метр дейін, күйген ағаш діңінің биіктігі 1-2 метр, оттың таралу жылдамдағы минутына 3-5 метр. 1 шаршы метр жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.

күшті

III-IV

Жалынның биіктігі 1,5-2 метр, күйген ағаш діңінің биіктігі 2 метрден жоғары, оттың таралу жылдамдығы 3-5 метр. 1 шаршы метр жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.

Төменгі тұрақты:

әлсіз

II-III

Жоғарыда көрсетілген жану материалдарынан басқа топырақтың үстіңгі қабатындағы тірі төсеніштер, төсеніштің шіри бастаған қабаты жанады. 1 шаршы метр жану материалының запасы 0,5-3,6 килограмм құрайды.

орташа

III-IV

Қосымша орман төсенішінің жартылай шіріген қабаты жанады, ал ағаш діңгегі айналасындағы, түбір мен ағаштар қалдығы жердің минералдық қабатына дейін жанады, күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метр.

күшті

IV-V

Орман төсеніші жердің минералдық қабатына дейін толық жанып кетеді, ағаштардың тамыр жүйелері де күйеді, олардың жекелегендері құлайды. Күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метрден жоғары.

Топырақтық (топырақтық-шымтезек):

әлсіз

III

Сфагнум 7 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді, тамырлар арасындағы шымтезек 30 сантиметр тереңдікке дейін күйеді.

орташа

IV

Сфагнумнан басқа шымтезек 25 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді. Көптеген ағаштардың айналасында, олардың кесекті шымтезек бөлімі топырақтың минералды қабатына дейін жанады. Жекелеген ағаштар құлайды.

күшті

IV-V

Шымтезек қабаты толығымен топырақтың минералдық бөліміне дейін жанып кетеді. Ағаштардың жаппай құлауы байқалады.

Жоғарғы:

әлсіз

III

Ағаштың ұшар басының тұтастығы шамалы қылқан жапырақты, немесе құрамына жапырақ тұқымдылар кіретін екпелерде туындайды. Қылқан жапырақтылардың топтаса орналасқан учаскелері өрттен зақымданады.

орташа

III-ІV

Орман дақылдарында және табиғи жолмен өнген қылқан жапырақты тұқымдарда туындайды. Ағаштың үстіңгі қабатындағы өрт көлденеңінен де таралады, сонымен қатар төменгі қабат өртінен жиі алға шығып кетеді. Сүрекдіңнің басым бөлігі үстіңгі қабат өртінен зақымданады.

күшті

IV-V

Сүрекдің шымылдығы толығымен жанып кетеді. Күшті жел кезінде өрт тез таралады.

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
2-қосымша

Орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылу көрсеткіштері

р/с

Өрт түрлері мен олардың қарқындылығы

Орташа шеңбері, см

Тұқымдылар бойынша қураған сүректің және кейіннен жойылатын сүректің пайызы (жалпы қордың)

балқарағай

қайың

майқарағай

шырша

самырсын

ақ қайың

терек

қатты-жапырақты тұқымдылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Төменгі жүгірмелі:


1

әлсіз

12-16

5

10

15

20

25

17

7

-

2


17-24

-

5

10

15

20

12

-

-

3


25-32

-

-

5

10

15

7

-

-

4


33 және одан жоғары

-

-

-

5

10

5

-

-

5

орташа

12-16

10

15

20

30

35

25

12

5

6


17-24

5

10

15

25

30

20

7

-

7


25-32

-

5

10

20

25

15

-

-

8


33 және одан жоғары

-

-

5

15

20

10

-

-

9

күшті

12-16

15-

20

30

50

55

40

18

10

10


17-24

10

15

25

35

40

30

12

5

11


25-32

5

10

20

30

35

25

7

-

12


33 және одан жоғары

-

-

15

25

30

20

-

-


Төменгі қабат тұрақты:

13

әлсіз

12-16

20

30

50

80

85

55

25

15

14


17-24

25

25

40

70

75

45

20

10

15


25-32

10

20

30

50

60

35

15

5

16


33 және одан жоғары

5

15

25

35

50

30

5

-

17

орташа

12-16

30

40

60

90

95

65

35

20

18


17-24

25

35

50

60

85

55

30

15

19


25-32

20

30

40

70

75

45

25

10

20


33 және одан жоғары

10

20

35

60

70

40

15

5

21

күшті

12-16

55

65

85

100

100

90

60

40

22


17-24

40

50

70

95

100

80

45

35

23


25-32

30

40

60

80

85

70

35

25

24


33 және одан жоғары

20

25

50

75

80

60

20

15


Топырақтық (топырақтық-шымтезектік):

25

әлсіз

12-16

65

70

80

90

95

85

-

-

26


17-24

60

65

75

80

90

80

-

-

27


25-32

50

55

70

75

85

75

-

-

28


33 және одан жоғары

35

40

60

65

80

65

-

-

29

орташа

12-16

80

85

95

100

100

100

-

-

30


17-24

70

75

80

95

100

95

-

-

31


25-32

65

70

75

90

95

90

-

-

32


33 және одан жоғары

50

55

70

85

90

80

-

-

33

күшті

12-16

100

100

100

100

100

100

-

-

34


17-24

100

100

100

100

100

100

-

-

35


25-32

95

95

95

100

100

100

-

-

36


33 және одан жоғары

90

90

90

100

100

100

-

-


Жоғарғы қабат:

37

әлсіз

12-16

15

85

60

90

95

55

25

15

38


17-24

10

70

40

85

90

45

20

10

39


25-32

-

60

20

80

85

35

15

5

40


33 және одан жоғары

-

50

10

75

80

30

5

-

41

орташа

12-16

40

95

80

100

100

65

35

20

42


17-24

15

90

75

95

95

55

30

15

43


25-32

5

85

60

85

90

45

25

10

44


33 және одан жоғары

-

75

20

80

85

40

15

5

45

күшті

12-16

100

100

100

100

100

90

60

40

46


17-24

50

100

80

100

100

80

45

35

47


25-32

25

95

70

95

100

70

35

25

48


33 және одан жоғары

-

90

60

90

95

60

20

15

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
3-қосымша

Орманды қалпына келтіру шығындарына коэффициент

Жойылған жас шыбықтардың жасы, жыл

Қылқан жапырақты (майқарағайдан басқа) және қаттыжапырақты тұқымдалыр

Майқарағай

Жұмсақ жапырақтылар тұқымдылар

1

2

3

4

1-5

0,91

0,91

0,91

6-10

1,00

1,00

1,00

11-20

1,16

1,16

1,16

21-30

1,41

1,41

-

31-40

1,72

1,72

-

41-60

-

2,32

-

61-80

-

3,45

-

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
4-қосымша

Ормандардың қорғалу санаты бойынша залалды белгілеу
үшін экологиялық маңыздылық коэфициенті

Орман қызметінің түрлері

Жолдар №

Ормандардың қорғалу категориясы

Коэфициент

1

2

3

4

Суды сақтау

1

Өзендер, көлдер, су тоғандары, каналдар және басқа да су

қоры нысандарының жағалауындағы тиым салынған орман алқабы

2,5

Қорғаныш

2

Мемлекеттік орман алқабы қорғанышы

3,0

3

Эррозияға қарсы ормандар

3,0

4

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір және авто жолдар, магистральдық тасымал құбырлары және басқа да линиялық құрылыстарға бөлінген қорғаныш орман алқабы

3,0

5

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір жолы және автожолдар бойындағы қорғаныш орман

алқабы

3,0

6

Алқап- және топырақ қорғаныш орманы

2,0

Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру

7

Қалалық орман және орман паркі

3,0

8

Елді-мекендердің жасыл аймағы және емдеу-сауықтыру мекемелері

3,0

Генетикалық және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

9

Биосфералық және қорықтық-сепортерлікті қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар орманы

5,0

10

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орманы

4,0


11

Мемлекеттік табиғат резерві ормандары

4,0

12

Мемлекеттік табиғат парктер ормандары

4,0

13

Мемлекеттік қорықтық аймақтар ормандары

5,0

14

Мемлекеттік орманның табиғи ескерткіштері

5,0

15

Генетикалық орман резервін қосқанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері

4,0

16

Ерекше құнды орман алабы

3,0

17

Жаңғақ кәсіпшілігі аймағы

2,0

18

Орман жеміс-жидегі екпелері

2,0

19

Субальпілік ормандар

2,0

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (орман иесінің атауы)

Орман өрті туралы № ____ хаттама

      Осы хаттаманы 20 __ жылғы "___" _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      (хаттаманы жасаушысының аты-жөні, лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (хаттаманы толтырған жер)

      төмендегілер туралы толтырды:

      1. 20__ жылғы "__"_______ "__" cағат "__" минутта орман өрті байқалды

      _____________________________________________________________________

      (өрттің қайда байқалғаны – орамда, телімде, кеспеағашта, көрсетілсін

      _____________________________________________________________________

      жақын орналасқан елді мекеннен, су қоймасынан, жолдан қашықтығы)

      2. Өрт байқалды _____________________________________________________

      (орамдағы өрт бақылау мұнарасынан, патрульдік ұшақтан

      _____________________________________________________________________

      немесе тікұшақтан және қайсы авиа бөлімнен – көрсетілсін, егер өртті

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік орман қоры қызметкері немесе мемлекеттік инспектор,

      _____________________________________________________________________

      уақытша өрт күзетшісі байқаған болса немесе бөтен тұлға байқаған

      _____________________________________________________________________

      болса – қызметі, тегі, аты, әкесінің аты (болса), және мекен жайы

      көрсетілсін)

      3. Байқалған сәттегі өрттің ауданы __________________________________

      ("Қазавиаорманқорғау" Республиқалық мемлекеттік

      _____________________________________________________________________

      қазыналық кәсіпорны әуе кемесінен жеткізуіне немесе өртті байқаған

      ____________________________________________________________________

      тұлғаның хабарлауы негізінде өрттің ауданы га көрсетілсін)

      4. "Қазавиаорманқорғау" Республиқалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

      әуе ұшағының жеткізуі (хабарлауы)

      "__" _________ 20 __ жылғы "__" сағат "__" минутта алынды ___________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өрт туралы хабарлау немесе жеткізу және ол кімнен алынды,

      _____________________________________________________________________

      алынған уақыты және күні көрсетілсін)

      5. Өрт шыққан жерде табылған ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өрттің шығуына және оның себептерін

      _____________________________________________________________________

      анықтауға мүмкіндік туғызатын от қалдықтары, ауылшаруашылығы

      _____________________________________________________________________

      қалдықтары және басқа да табылған белгілер, көрсетілсін)

      6. Өрттің шығу себебі _______________________________________________

      (егер өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған болса,

      _____________________________________________________________________

      анықталған немесе болжамды себебі, заң бұзушылықтың жасалған уақыты

      _____________________________________________________________________

      және оған не себеп, ережелер атауы, оларды кім бекітті, қандай

      _____________________________________________________________________

      тармақ бұзылды – көрсетілсін)

      7. Өрттің шығуына кінәлілер:тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы__

      _____________________________________________________ тұрғылықты жері

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________ жұмыс, оқу орыны,

      атқаратын қызметі ___________________________________________________

      _________________________________________________ жалақысының мөлшері

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________ отбасылық жағдайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (отбасы мүшелерінің саны, асырауындағылар саны)

      өрттің шығуына кінәлілердің жеке басын куәландыратын құжаттар

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар атауы, олардың нөмірлері, кім және қашан берген)

      Өрт сөндіру орындарында кінәлілер анықталмаған жағдайда кінәлілерді

      айқындау мақсатында тиісті тексеру үшін қажетті деректер көрсетіледі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Өртті сөндіру басталды "__" ______20__ жылғы "__" сағат "__" минут

      9. Өрт жайлаған алаң, гектар:

Орман өртінің түрі және оның қарқындылығы

Орта жастағы, толысып келе жатқан, толысқан және қураған ағаштар

Орман көшеттері

Табиғи өнген жас шыбықтар

Өткен жылы жанып кеткен ағаштар

Сирек және орманы жоқ алқаптар

Орман алқабының барлығы

Орманы жоқ алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Төменгі жүгірмелі:

әлсіз










орташа










күшті










Төменгі тұрақты:

әлсіз










орташа










Күшті










Топырақты (топырақты – шымтезекті):

әлсіз










орташа










күшті










Жоғарғы:

әлсіз










орташа










күшті










Барлығы:











      (жерден және әуеден көзбен шолып тексеру әдісімен жиналған деректер

      бойынша таксациялық материалдар негізінде толтырылады)

      10. Өрт жойылды "__" __________ 20___ жылғы "__" сағат " __" минутта

      ____________________________________________________________________

      (кімдер екені көрсетілсін: мемлекеттік орман күзетінің, өрт сөндіру

      ____________________________________________________________________

      десант қызметінің қызметкерлері, өрт сөндіру орман стансасының

      ____________________________________________________________________

      командасы, тартылған тұлғалар)

      11. Өрт сөндіруге пайдаланылды: адам-күн ____________________________

      автомашина-ауысым ____________________________________ трактор-ауысым

      _____________________________________________________________________

      12. Өрт сөндіруге қолданылған құралдар және тәсілдер ________________

      _____________________________________________________________________

      (сабалау, құммен көму, өрт сөндіру машиналары, орман өрт сөндіргіш

      _____________________________________________________________________

      құралдары, мотопомпалар көмегімен су шашу, химикаттар қолдану)

      13. Өртті қарауылдауға қабылданған шаралар __________________________

      _____________________________________________________________________

      14. Қарауылдауға жауапты тұлға ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса),

      _____________________________________________________________________

      лауазымы және жұмыс орыны)

      15. Орман өрті келтірген зиян, теңге:

      а) түбірінен жойылған сүректер ____ текше метр, сомасы_______________

      б) жас шыбықтардың зақымдануы _______________________________________

      в) екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануы____________________

      г) орманды жанама пайдалану ресурстарының зақымдануы_________________

      д) жанып кеткен және бүлінген құрылыс нысандары, техникалар, қондырғылар және басқа да материалдық құндылықтардың зақымдануы

      ________________________________________________________________

      е) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ұ) орман өрттерін сөндірудің шығыстары_______________________________

      ж) ормандарды өсіру жөніндегі шараларды жүргізудің шығындары

      _____________________________________________________________________

      з) суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функцияларының төмендеуінен келетін залал

      _____________________________________________________________________

      и) залалдар жиынтығы ________________________________________________

      16. Орман өртін сөндіруге жетекшілік еткен тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      17. Хаттамаға қосымшалар:

      а) өрттің схемалық сызбалары;

      б) сүректердің түбірінен жойылуының, балауса ағаштардың зақымдануының, орман пайдаланудың жанама ресурстарының зақымдануының, нысандар мен ормандағы дайын өнімдердің зақымдануы және жойылуының, орман қорғау функциялары төмендеуінің, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының, сондай-ақ, орман өртін сөндіру және өртеңдерді тазалудың шығындары зиянының көлемін негіздеу және есептеу;

      в) өрттің (ауа-райының жағдайы бойынша өрттің қауіптілік класы, желдің бағыты мен күші, ормангидрологиялық ерекшеліктер мен жергілікті жердің рельефі) жағдайы және өртті сөндіру барысындағы қолданылған тактикалық әдістер, техникалық құралдар мен тәсілдер, иеліктегі күш пен құралдарды өрттің перифериясы бойынша бөлу,қосымша тартылған күш пен құралдардың саны мен мерзімі және оларды пайдалану туралы орман өртін сөндіру жетекшісінің баяндау жазбасы.

      18. Орман өртінің орын алуына кінәлі тұлғаның түсініктемесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Хаттаманы жасаушының қолы ___________________________________________

      Өрттің орын алуына кінәлі тұлғаның қолы _____________________________

      Ескертпе ____________________________________________________________

      (қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органына жіберілгені

      _____________________________________________________________________

      туралы хаттың нөмірі мен күні көрсетілсін)

      Ескертпе жасаған тұлғаның тегі, аты-жөні және лауазымы ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өрттің орын алуына кінәлі тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға бұл туралы жазылады.

  Орман қоры аумағында өрттер
келтіретін залалды есепке алу,
анықтау және өтеу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының орман қоры аумағындағы орман
өрттерін тіркеу журналы

      _____________________________________________________________________

      (орман иелерінің атауы)

      осы журналдың парақтары __________________ нөмірленген және тігілген

      (жазба түрде)

Р/н

Күні және уақыты

өрттің шыққан орны (орам, телім, филиал, мемлекеттік мекеме)

орман өрті туралы хаттаманың № және оның толтырылған күні

орман өртінің түрі және қарқындылығы

орман өртінің басталуы

орман өртін сөндірудің басталуы

орман өртін жайылтпаушылық

орман өртін жою

1

2

3

4

5

6

7

8










      кестенің жалғасы

Өрт жайлаған аумақ, га

орман өртінің шығу себебі және оған кінәлі тұлға

өрт кіммен және қандай құралдың көмегімен байқалды

орта жастағы, толысып келе жатқан, толысқан, қураған

балауса ағаштар

орман көшеттері

өртеңдер

орман өспеген аумақ

барлығы

орман емес аумақ

9

10

11

12

13

14

15

16

17











      кестенің жалғасы

Өрт сөндіруге пайдаланылды

Орман өртінен келген залал, мың теңге

Істі тапсыру туралы мәліметтер

адам-күні

автомашина-ауысым

трактор-ауысым

барлығы

оның ішінде орман өртін сөндіру

сотқа

құқық қорғау органдарына

18

19

20

21

22

23

24
















      кестенің жалғасы

Қылмыстық іс қозғау туралы мәліметтер

қаралу күні және сот шешімі

әкімшілік жазаға тарту және айыппұл өндіріп алу туралы мәлімет

талап қою және зиянды өндіріп алу туралы мәлімет

алқаптың өрттен кейінгі өзгерісі туралы белгі

25

26

27

28

29












      Ескертпе: журнал жетекшінің қолы және орман иесінің мөрімен расталады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады