Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10463 тіркелді

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторға (бұдан әрі - Инспектор) қызметтік куәлікнөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін анықтайды.
      2. Қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир лауазымға тағайындау туралы бұйрықта көрсетіледі және Инспектордың осы бұйрықпен танысуы кезінде қол қоюмен беріледі.
      3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органының (бұдан әрі - мемлекеттік орган) бұйрығымен қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді жою бойынша мемлекеттік орган басшының орынбасарынан, кадр қызметінің басшысынан, бухгалтерлік есеп басшысынан және олардың орнын басатын тұлғалардан кем дегенде үш қызметкерден тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.
      4. Қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир бес жылдық мерзімге беріледі. Көрсетілген мерзімнің аяқталуында Инспектордың қызметтік куәлігі, нөмірлік мөртабаны және пломбирді жою бойынша комиссиямен одан әрі пайдалану бойынша шешімі қабылданады.
      5. Берілген қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін есепке алу үшін мемлекеттік органның кадр қызметімен Инспекторға қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді берудің электрондық журналында жүргізіледі.
      Электр энергетикасы саласындағы Инспектордың қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін беру және жою электрондық журнал нысанының үлгісі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
      6. Инспекторға қызметтік куәлігін, нөмірлік мөртабанын және пломбирін беру электрондық журналы мемлекеттік органның кадр қызметімен бақылануы тиіс.
      7. Инспектордың жұмыстан шығу жағдайында қызметтік куәлігі, нөмірлі мөртабаны және пломбирі мемлекеттік органның кадр қызметіне Алып қою актіні екі данада жасаумен қайтаруға жатады. Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді алып кою актісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
      8. Жұмыстан шыққан Инспектордың қызметтік куәлігі, нөмірлі мөртабаны және пломбирі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес рәсімделетін Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді алып қою актіні жасаумен есептен шығарылуға және алып қоюға жатады, ол туралы электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналында тиісті жазба жасалынады.
      9. Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік техникалық 
инспекторға қызметтік куәлік,
нөмірлік мөртабан және пломбир
беру қағидаларына  
1-қосымша        

Нысан

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналының нысаны

№ р/с

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Берілген күні

Қызметтік куәліктің нөмірі

Нөмірлі мөртабанының нөмірі, (сканирленген бедері)

Пломбир нөмірі, (сканирленген бедері)

Берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолдануды бұзу бойынша шешімнің күні, нөмірі

Қызметтік куәліктерді, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді алып қою актісінің күні, нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Мемлекеттік техникалық 
инспекторға қызметтік куәлік,
нөмірлік мөртабан және пломбир
беру қағидаларына  
2-қосымша        

Нысан

№______
Қызметтік куәлікті, нөмірлі мөртабанды және пломбирді
алып қою актісі

__________________                                    _____________
(елді мекен атауы)                                     (күні)

_____________________________________________________________________
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі
мемлекеттік органының бұйрық № мен күні)
_____________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
___________________________________________________________қатысуымен
__________________________________________________________өкілі(дері)
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы
___________________________________________________________мақсатымен
келесі құжаттардың алып қоюы жүргізілді


р/с

Құжаттардың атауы (қызметтік куәліктің нөмірін, нөмірлі мөртабан мен пломбирді көрсете отырып)

Құжаттардың саны (санмен және жазбаша)










___________________________________________________________мақсатымен
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі
мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесінің атауы)

_____________________________________________________        ________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы және лауазымы
_____________________________________________________        ________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы
және лауазымы
_____________________________________________________        ________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы
және лауазымы

Таныстым_____________________________________________________________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады