Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10479 тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен
бекітілген

      нысан

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік
шарты _________________________________

      (объектінің атауы)

      _____________қ. №_____ 20___ жылғы "____"____________________

      Бұдан әрі "жалға беруші" деп аталатын _________________________атынан

      (жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)

      ____________________________________________20 жылғы "____"__________

      №____________ бекітілген

      __________________________________________туралы 20___________жылғы

      "_______"__________ №_________Ереженің негізінде әрекет ететін басшы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "жалға алушы" деп аталатын

      ______________________________________________________________атынан

      (жалдаушының (жалға алушының) атауы)

      _____________________________екінші тараптан, бірлесіп "тараптар" деп

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) аталатындар, төмендегі

      туралы осы шартты жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      1. Бұдан әрі "баланс ұстаушы" деп аталатын____________________

      (баланс ұстаушының атауы)

      балансында тұрған, бұдан әрі "объекті" деп аталатын _________________

      (объектінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы)

      мекенжайында орналасқан______________________________________________

      (объектінің атауы)

      1) 20 "____"_____________№____________бұйрығының негізінде;

      (жалға берушінің атауы)

      2) 20 "____" _____________№ тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес

      тендер нәтижесі бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға)

      беру шарттың мәні болып табылады.

      2. __________________________________________________________________

      (объектінің белгіленуі не тендер шарттары)

      мақсатында пайдалану үшін, 20___________ жылғы "__"_________________

      бастап 20 жылғы "_____" аралығында объектіні жалға беруші мүліктік

      жалдауға (жалға алуға) береді, ал жалға алушы қабылдап алады.

      Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін аталған шарттың әрекет етуі

      тоқтатылады.

2. Жалпы шарттар

      3. Объектіні жалдауға беру жалға алушының, баланс ұстаушының өкілдері қол қоятын және жалға беруші бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша (беру сәтінде объектінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) жүзеге асырылады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      4. Жалға берушінің шартқа қол қоюымен және баланс ұстаушының жазбаша келісімімен тапсырылатын объектінің беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалармен шарттың әрекет етуі ішінде талап етілмейтіндігін куәландырады.

      5. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалға алу шарты "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Шартты мемлекеттік тіркеу Жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Жалға алушы өрт пен электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жалдап отырған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлік жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттардың тиісті түрде орындалмауының салдарына толық жауап береді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Жалға берушінің:

      1) баланс ұстаушымен келісім бойынша объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жалға алушыға жазбаша рұқсат беруге;

      2) жалдау ақысын аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыруға;

      3) жалдау ақысын уақытылы енгізбегені үшін өсімпұл есептеуге;

      4) тараптардың келісімі бойынша шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

      5) объектінің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.

      8. Жалға алушының:

      1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;

      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшін жалға берушіге өтініш жасауға;

      3) жалға берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

      9. Жалға беруші:

      1) шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға баланс ұстаушының объектіні беруін қамтамасыз етуге және оны бекітуге;

      2) шартта белгіленген тәртіппен жалға алушының объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге;

      3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жалға алушыға хабарлауға;

      4) жалға алушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті;

      5) объектіні қабылдау-тапсыру актісін бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы шарт бойынша мәліметтердің мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жалға алушы:

      1)__________________________________________ кешіктірмей ай сайын

      (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)

      жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) енгізуге;

      2) төлем тапсырмасына немесе жалдау төлемін төлегендігі туралы түбіртектегі "төлемнің мақсаты" жолына мынадай мәліметтерді:

      жалға алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес жеке сәйкестендіру нөмірін;

      тізілімнің веб-порталы беретін мүліктік жалдауға (жалға алуға) шартының сәйкестендіргішін енгізуге;

      3) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында шарт бойынша есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге;

      4) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;

      5) объектіні тиісті тәртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамауға;

      6) объектіні дұрыс жағдайда ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізуге;

      7) жалға алушының кінәсінен, сол сияқты табиғи тозуға байланысты объектінің жекелеген элементтері істен шыққан жағдайда, жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге;

      8) жалға берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;

      9) объектіге және объект орналасқан жер учаскесіне жалға берушінің, санитариялық-элидемиологиялық қадағалау қызметі және объектіні пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;

      10) шарт бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;

      11) осы шарттың аяқталу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш береді. Мұндай өтініштің болмауы жалға берушіге объектіні өзге заңды немесе жеке тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) негіз болады;

      12) шартты бұзған немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, жалға алушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде объектіні қайтаруды қамтамасыз етуге;

      13) жалға алушының кінәсінен объекті пайдалануға жарамсыз жағдайға келтірілген жағдайда, өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;

      14) объектіні жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық күйінде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртібі

      11. Объектіні мүліктік жалдау үшін жалдау (жалға алу) ақысының мөлшері айына ________ теңгені құрайды (жалдау ақысының есебі шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа қосымшада келтірілген).

      12. Мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдарды, объектіге көрсетілген қызметтер және қорғау үшін төлемдерді қамтымайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететін басқа да қызметтерге төлейді.

      13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жалға алушы жергілікті өзін-өзі басқару органының қолма-қол ақшасының бақылау шотына не "Республикалық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201501 бюджеттік сыныптама кодына не "Коммуналдық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201504 бюджеттік сыныптама кодына не "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201506 бюджеттік сыныптама кодына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201508 бюджеттік сыныптама кодына не "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201 бюджеттік сыныптама кодына бенефициар _______ БСК, бенефициар ____________ ЖСК аударады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жалға алушы жергілікті өзін-өзі басқару органының қолма-қол ақшасының бақылау шотына не "Республикалық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201501 бюджеттік сыныптама кодына не "Коммуналдық меншік иелігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201504 бюджеттік сыныптама кодына не "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201506 бюджеттік сыныптама кодына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, "Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" 201508 бюджеттік сыныптама кодына бенефициар ________ БСК, бенефициар ____________ ЖСК аударады.

      14. Тендер өткізбестен мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша жалдау ақысының мөлшері, базалық мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері өзгертілген жағдайда, жалға берушінің талабы бойынша қайта қаралады.

      Тендер өткізу арқылы мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша жалдау ақысының есебі, егер жалға алушы тендерде ұсынған жалдау ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 10467 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидаларының 49-тармағына сәйкес есептелген жалгерлік ақысының мөлшерінен төмен болған жағдайда жалға берушінің талабына сәйкес өткізіледі.

      Жалдау ақысының мөлшері өзгерген кезде жалға беруші жалға алушыны жалдау ақысын енгізудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жалға алушы Шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудің мерзімін бұзған жағдайда, жалға алушы әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген сомадан 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      16. Осы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу жалға алушыны орындалмаған міндеттемелерін тиісінше орындаудан босатпайды.

      17. Жалға алушының бастамасы бойынша шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары

      18. Жалға алушы шартты бұзғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бұл туралы жалға берушіні жазбаша ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      19. Жалға берушінің талабы бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты бұзылуы мүмкін және объект жалға берушіге мынадай:

      1) егер жалға берушінің жасаған жазбаша ескертуіне қарамастан, жалға алушы объектіні шарттың талаптарын немесе объектінің мақсатын елеулі бұза отырып пайдаланған;

      2) егер жалға алушы шарт бойынша берілген объектіні нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;

      3) егер жалға алушы қасақана немесе байқаусызда объектіні елеулі нашарлатқан;

      4) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі реттен астам объектіні пайдаланғаны үшін жалдау ақысын енгізбеген;

      5) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеттемесі жалға алушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімдерде объектіге күрделі жөндеу жүргізбесе, жалға беруші жалға алушыға өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімнен бұрын жоюды талап етуге құқылы;

      6) жалға алушыға басқа объектіні оның жазбаша келісімінен кейін берген;

      7) жалға беруші объектіні алып қою туралы шешім қабылдаған;

      8) жалға берушінің атына баланс ұстаушы жазбаша өтініш жазған жағдайларда қайтарылады.

      Шарт жалға алушының талабы бойынша мерзімінен бұрын мынадай:

      1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе объектінің мәніне сәйкес жалға алушының пайдалануына объектіні бермеген не объектіні пайдалануға кедергі жасаған;

      2) объектінің баланс ұстаушысы шартпен белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған жағдайда - ақылға қонымды мерзімдерде оған салынған объектіні күрделі жөндеу міндеттемелерін орындамаған;

      3) жалға алушыға берілген объектілердің оны пайдалануға кедергі жасайтын, олар шарт жасасқан кезде жалға берушімен келісілмеген ақаулары болған және шартты жасасқан кезде объектіні қараған және оның жұмыс істейтінін тексеру уақытында анықталуы мүмкін болмаған;

      4) егер объекті жалға алушының жауап беруі мүмкін емес жағдаяттар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылды.

      20. Шартты мерзімінен бұрын бір тарапты бұзу сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін. Сот шешімі күшіне енгенге дейін объекті жалға алушыда сақталады, ол шартқа сәйкес жалдау ақысын төлеуді жалғастырады.

6. Ерекше жағдайлар

      21. Шарт әрбір тарап үшін біреуден бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде үш данада жасалады.

      22. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың қосымша келісімге қол қоюы жолымен енгізіледі. Егер оларды осыған уәкілетті тұлғалар жасаған болса шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күші болады. Барлық қосымшалар мен қосымша келісімдер осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      23. Егер жалға алушы өз қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органдардың) жазбаша рұқсатымен объекті үшін зиянсыз ажырамас жақсартулар жүргізген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жалға алушы шарт тоқтатылғаннан кейін осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар. Жалға алушы жүргізген объектінің ажырайтын жақсартулары оның меншігі болып табылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жалға беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз жалға алушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.

      24. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні баланс ұстаушыға қайтару сәтіне дейін жүргізіледі. Жалға алушы мен баланс ұстаушы қол қойған және жалға беруші бекіткен объектіні қабылдау-тапсыру актісі мүліктік жалдау (жалға алу) шартының бұзылу және аяқталу фактісін растайтын құжат болып табылады.

7. Дауларды қарау тәртібі

      25. Осы шарттан немесе оған байланысты тараптар арасында туындауы мүмкін даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - сот тәртібімен шешіледі.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері

      ЖАЛҒА БЕРУШІ: ЖАЛҒА АЛУШЫ:

      Басшы_______________________ _________________________

      (жалға берушінің атауы)

      ____________________________ _________________________

      ____________________________ _________________________

      (орналасқан жері) (жалға алушының атауы мен

      орналасқан жері)

      ____________________________ __________________________

      (қолы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады