Байланыс формасы

Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10481 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін күн тізбелік он күн мерзімде баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 13 ақпан


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 18-02/45 бұйрығымен
бекітілген

Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес
мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексі 1-тармағының 13-бабының 18-44) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырады.

      3. Орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға: жерлерді бұдан бұрын белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкін болмаған; қоныстану шегі өзгерген; елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгерген; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне жатқызылған жағдайда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарына сәйкес жол беріледі.

      Орман қорының жерлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін ауыстыру "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Өздерінің мүдделері үшін орман қорының жерлерін ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім беруші) орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес мемлекеттік орман иеленушінің есеп-қисаптары негізінде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтейді.

2. Орман қоры жерінің санатынан басқа санаттардағы жерге
ауыстыру тәртібі

      5. Өтініш беруші сұралып отырған жер учаскелері орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өтініш береді.

      6. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушіге орындалу мерзімі көрсетілген өтініштің көшірмесін жібереді.

      Мемлекеттік орман иеленуші өтініш берушімен бірге орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт жасап, оған сұралып отырған жер учаскесінің шекарасы көрсетілген орман картасының (планшетінің) көшірмесін қоса тіркеп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      7. Жергілікті атқарушы орган орман картасының (планшетінің) көшірмесі қоса тіркелген орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні алғаннан кейін орман қорының жерін ауыстыруға қатысты жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады.

      8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган мәселені қарау үшін арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның жұмыс органы жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.

      9. Комиссия құрамына:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;

      2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;

      3) жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің;

      4) мемлекеттік орман иеленушінің;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесінің;

      6) жұмыс органының;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері енгізіледі.

      10. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жер учаскелерін ауыстыру мәселесі бойынша жазбаша дәлелді оң немесе теріс қорытынды беріп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Қорытындыда қоғамдық тыңдаулардың шешімі ескеріледі, орман қорының жерін ауыстыру мақсаты, екпелерді сақтау немесе кесу туралы мәселелер көрсетіледі.

      Екпелер кесілген жағдайда кесуді өтініш берушімен шарт бойынша аумағында жер ауыстыру жоспарланып отырған орман иеленуші жүргізеді, бұл ретте алынған сүрек орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.

      11. Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      12. Өтініш беруші Комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөнінде шаралар қолданады, оның құрамында ауыстырылатын жер учаскесінің алқабы, оның шекарасы, орналасқан жері, жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар нақтыланып, кейіннен жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің бекітуі үшін келесі құжаттар қоса тіркеледі:

      1) орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;

      2) масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмелері;

      3) орман қорының жерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеудің орман иеленуші жасайтын есеп-қисабы;

      4) орман иеленушінің жазбаша келісімдеуі;

      5) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның жазбаша келісімдеуі;

      6) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімдеуі;

      7) Комиссияның оң қорытындысы;

      8) сұралып отырған жер учаскесінің экспликациясы;

      9) осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары келісімдеп, қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген сұралып отырған жер учаскесінің карталары;

      10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы;

      11) қоғамдық тыңдаулардың шешімі;

      12) орман қорының жерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмелері;

      13) аудандық маңызы бар қалалар кеңейтілген кезде облыстық және өкілді органдардың бірлескен шешімі және кенттер мен селолар кеңейтілген кезде аудандық (қалалық) жергілікті және өкілді органдардың бірлескен шешімі;

      14) орман қорының жері халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты ауыстырылған кезде тиісті құжаттың көшірмелері;

      15) жолдар, электр беру желiлерiн, байланыс желiлерiн, магистральдық құбырлар, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн салу кезінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы.

      13. Жерге орналастыру жобасын әзірлегеннен кейін өтініш беруші оны осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ілеспе құжаттарды қоса тіркеп, жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бекітуге жібереді.

      Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берушіден осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жерге орналастыру жобасы мен ілеспе құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде жерге орналастыру жобасын бекітеді.

      Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      14. Жергілікті атқарушы орган жерге орналастыру жобасының негізінде орман қорының жерін ауыстыруды мақұлдау туралы қаулы шығарып, он жұмыс күні ішінде осы қаулы мен жерге орналастыру жобасын осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдармен бірге келісімдеу үшін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына жібереді.

      15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға орман қорының жерін ауыстыруды келісімдеу нәтижелері туралы жауап береді.

      Уәкілетті орган материалдар пысықтауға қайтарған жағдайда өтініш беруші бір ай ішінде пысықталған материалдарды уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.

      16. Жергілікті атқарушы орган орман қорының жерін ауыстыру уәкілетті органмен оң келісімделген жағдайда бекітілген жерге орналастыру жобасы мен осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдарды орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісінің жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Орман қорының жерін басқа санаттағы жерге ауыстыруға Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.

  Орман қоры жерін орман
шаруашылығын жүргізумен
байланысты емес мақсаттар
үшін басқа санаттардағы
жерге ауыстыру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт

      Қазақстан Республикасы _________________ облысы ________ ауданы

      _________ жылғы _________________ айының ______________________ күні.

      Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін атынан мемлекеттік орман

      иеленушінің өкілі ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      бір тараптан және ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік

      органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі __________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      (бұдан әрі - өтініш беруші) (қажеттісінің асты сызылсын) екінші

      тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасады:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе мемлекеттік органның

      немесе заңды тұлғаның атауы)

      келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде

      тексеру жүргізілді.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды:

      1. Учаске _____________________________________________________

      (мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

      ___________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.

      2. Тексерілген учаскеде _____________ га алаң бар, оның ішінде:

      орман, орман көмкерген _________ га,

      орман, орман көмкермеген _______ га,

      оның ішінде орман ағаштары ________ га,

      алқаптар _________ га,

      шабындықтар ___________ га,

      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ га,

      жайылымдар _______ га,

      жолдар ___________ га,

      басқа жерлер ______ га.

      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын

1

2

3

4

5

6

7

8

9






































      4. Тексерілген учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында

      орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды.

      5. Орман қорының санаты ______________________________________.

      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________

      ____________________________________________________________________.

      7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай

      геологиялық-жер сипаттамасы бар: ____________________________________

      ____________________________________________________________________.

      8. Бұдан бұрын орман қоры жерінен орман шаруашылығын жүргізуге

      байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстырылған

      жер учаскелерінің болуы және орналасуы: _____________________________

      _____________________________________________________________________

      (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның

      атауы көрсетілсін)

      9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану

      мақсаттары, орман қорының жерін бұдан бұрын белгіленген нысаналы

      мақсатымен пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы,

      негіздеме: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Әкімшілік ауданның ормандануы _____________________________

      11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:

      а) беру мерзімі _______________________________________________

      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу

      мөлшері ______________________________________________________;

      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      12. Акт жасау кезінде мынадай, оның ішінде сұралып отырған

      учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы

      ескертпелер мен ұсыныстар жасалды:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қолдары:

      орман иеленушінің өкілі: ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

      өтініш беруші:

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Орман шаруашылығы ұйымының

      басшысы _______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады