Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10509 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 413 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.04.2020 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және
банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды
өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 61-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімімен өтеу тәртібін айқындайды.

      Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) болып табылады.

      2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімі бойынша аумақтық органдары, егер мынадай:

      1) борышкерде активтердің болмауы;

      2) борышкерде жарамсыз деп тануға жататын мәмілелердің болмауы;

      3) міндетіне Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін борышкердің лауазымды адамдарында активтердің болмауы мән-жайларының жиынтығы болған жағдайда өтейді.

2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімді
жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі

      3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы сот шешімін орындау мақсатында аумақтық органдары банкроттықты басқарушы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде онымен банкроттық рәсімдерді жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.

      4. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді аумақтық органдары республикалық бюджеттен осы Қағидалардың қосымшасында белгіленген банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхатты ұсыну негізінде сот шешімі бойынша жүргізеді.

      5. Аумақтық органдарының әкімшілік шығыстарды өтеуі туралы көрсетілген, заңды күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі әкімшілік шығыстарды өтеуге негіз болады.

      6. Банкроттықты басқарушы аумақтық органдарына борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн, ал банкрот дара кәсіпкер болып табылған жағдайда – банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін ұсынады.

      7. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу аумақтық органдармен банкроттықты басқарушының Шартта көрсетілген банк шотына ақшалай қаражатты аударуы арқылы жүргізіледі.

      8. Банкроттықты басқарушы банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды уақытша басқарушының банк шотына аударады.

  Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
кредитордың банкроттық туралы іс
қозғауға және банкроттық рәсімін
жүргізуге байланысты әкімшілік
шығыстарды өтеу қағидаларына
Қосымша

      ________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар

      қала атауы)

      Мамандырылған ауданаралық

      экономикалық сотына

      ________________________________

      ________________________________

      (аумақтық органның атауы)

Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхат

      _____________________________________________________________________

      (аумақтық органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (борышкердің атауы)

      банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді міндтіне алады.

      Борышкер туралы қысқа мәлімет:

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi (БСН)/ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      _____________________________________________________________________

      Ұйымдық-құқықтық нысаны _____________________________________________

      Заңды мекенжайы, телефоны____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрі ____________________________________________

      Салықтық берешекті өндіру бойынша қабылданған шаралар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Борышкердің Заңның 45-бабы 2-тармағына сәйкес келуін дәлелдейтін құжаттар тізбесі:

      1. Борышкерде активтердің болмауы туралы мәліметтер _________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Борышкерде жарамсыз деп танылуға жататын мәмілелердің болмауы

      туралы мәліметтер ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Борышкердің Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында

      көзделген талаптарды орындау міндетіне кіретін лауазымды адамдарында

      активтердің болмауы туралы мәліметтер _______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Борышкер туралы өзге де мәліметтер________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Ұсынылатын құжаттар нөмірленген және ______ бетте тігілген.

      Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын растаймын.

      ______________________________________

      (аумақтық орган басшысының Т.Ә.А.)

      Күні

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады