Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10537 тіркелді

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы      
министрінің         
2015 жылғы 20 ақпандағы   
№ 18-04/120 бұйрығымен  
бекітілген        

Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі

      1. Арал теңізі (халықаралық маңызы бар)
      2. Каспий теңізі (халықаралық маңызы бар)
      3. Жайық өзені (халықаралық маңызы бар)
      4. Қиғаш өзені (халықаралық маңызы бар)
      5. Ертіс өзені (халықаралық маңызы бар)
      6. Жайсан көлі (халықаралық маңызы бар)
      7. Ертіс езеніндегі Бұқтырма су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      8. Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      9. Ертіс өзеніндегі Шульбинское су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      10. Есіл өзені (халықаралық маңызы бар)
      11. Тобыл өзені (халықаралық маңызы бар)
      12. Сырдария өзені (халықаралық маңызы бар)
      13. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      14. Іле өзені (халықаралық маңызы бар)
      15. Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      16. Нұра өзені (республикалық маңызы бар)
      17. Сілеті өзені (республикалық маңызы бар)
      18. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар)
      19. Балқаш көлі (республикалық маңызы бар)
      20. Қаныш Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады