Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10562 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 159 бұйрығымен бекітілген

Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Осы Қағидалар Авиация персоналын (бұдан әрі – авиация персоналы) кәсіптік даярлау тәртібін және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:

      1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;

      2) авиация персоналын қайта даярлауды;

      3) авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдауды қамтиды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіби деңгейін қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі – нұсқаушы);

      3) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, мынадай қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:

      әуе кемелерінде ұшуды орындау (ұшу экипажы және кабина экипажы);

      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету (әуе кемелерін ұшуға жарамды күйде ұстауды жүзеге асыратын персонал);

      әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету (әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчерлік персонал, авиация станцияларының операторлары, іздестіру және құтқару жөніндегі, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс жөніндегі персонал, радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және байланыс жөніндегі персонал, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі персонал);

      ұшуды қамтамасыз ету (әуежайларда, әуеайлақтарда, тікұшақ айлақтарында және теңіз қондырғыларында орналасқан тікұшақ алаңдарында ұшуды жерде қамтамасыз ету жөніндегі персонал, әуежайлардың ұшуды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі персоналы, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, азаматтық авиация ұйымдарының басшылары);

      3-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      4) аралас оқыту – кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;

      5) бастапқы даярлау – авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсіпті және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналы мен авиация инспекторларын мемлекеттік немесе белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, кәсіптік оқыту процесі;

      6) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын (бағалаушы) маман) – авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесіне кіретін тұлға;

      7) кәсіптік даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді қолдау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлері;

      8) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары – уәкілетті органдар бекітетін, авиациялық оқу орталығы мен азаматтық авиация ұйымы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін бейнелейтін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтай отырып, кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;

      9) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылатын, авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігіне негізделген, құжаттарды (куәлік, сертификат және оқытудың аяқталуын куәландыратын басқа құжаттар) бере отырып, авиация персоналын оқыту процесі;

      10) кешенді (үлгілік) оқыту – кәсіптік даярлықты белгіленген кезеңдегі оқытудың бүкіл бағдарламасын бір мезгілде іске асыру арқылы өткізу;

      11) қайта даярлау – құжаттарды (куәлік, сертификат және оқытудың аяқталуын куәландыратын басқа құжаттар) бере отырып, азаматтық авиация саласы мамандарын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі;

      12) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      13) модульдік оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдік жүйесін пайдаланып, үздіксіз білім беру әдісі, мұнда әрбір саты (модуль) алынған білім мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтік жүйесі бар аяқталған цикл болып табылады;

      14) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы әуе кемесінде, пайдалану объектілерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтік оқыту құралдарында, зертханалық және стендтік жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысы мен машығын игереді, қолдайды және жетілдіреді;

      15) тағылымдама – мамандықты пркатикалық игеру, қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның жетекшілік етуімен жұмыс орнында оқыту;

      16) теориялық даярлық – кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оларды бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетілдіреді;

      17) жаттығу құрылғысында даярлау – одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игеретін, қолдайтын және жетілдіретін авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

      18) ұшуға даярлық – одан өткен кезде білім алушы ұшуды орындауға дағдыланатын және машықтанатын әрі оны жетілдіретін ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау процесінің бір кезеңі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Авиация персоналын кәсіптік даярлау тәртібі

      Ескерту. 2-тарудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Қазақстан Республикасының авиация персоналын бастапқы даярлау, қайта даярлау және олардың кәсіптік деңгейін қолдау дегеніміз кәсіптік қызметте пайдаланылатын мамандандырылған білім, машық пен дағды алу, оларды кеңейту және растау мақсатындағы оқыту болып табылады.

      5. Авиация персоналына жататын адамдар өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықты жүргізеді.

      Авиация персоналына жататын тұлға дербес кәсіптік қызметке практикалық оқыту және/немесе тағылымдамадан өткеннен және практикалық оқытудан кейін және оқыту және/немесе тағылымдаманы өткізген лауазымды тұлғаның дербес кәсіптік қызметке рұқсат беру туралы шешімінен кейін жіберіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Авиация персоналы дербес кәсіптік қызметке авиация персоналының біліктілік деңгейін тексеруді және/немесе бағалауды жүргізген лауазымды тұлғаның (маманнан емтихан алатын немесе оны аттестаттайтын емтихан алушы, бағалаушы) дербес кәсіптік қызметке рұқсат беру туралы шешімінен кейін жіберіледі.

      7. Авиация персоналын кәсіптік даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсіптік даярлаудың әзірленген, уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) негізінде азаматтық авиация ұйымдары әзірлейді.

      Авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың кезеңділігі Авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларында айқындалады.

      9. Авиация персоналын кәсіптік даярлау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) тиісті құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұйымдарында немесе сертификаттары уәкілетті ұйым таныған шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында ғана жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және/немесе техникалық және әдістемелік мүмкіндігі мен тиісті мамандардың және/немесе оқытушы ұйымның тиісті саладағы кәсіптік даярлауды жүзеге асыруға заңды құқығы болған жағдайда, азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын уәкілетті ұйым танығаннан кейін ғана олар азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және олардың біліктілігін қолдауға жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарымен шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың авиация персоналын оқытуына рұқсат етіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тұтас авиация персоналын кәсіптік даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандары арқылы жүзеге асырылады:

      1) тұрақты күндізгі (халықаралық практикаға сәйкес, үлгілік);

      2) модульдік;

      3) сырттай;

      4) қашықтан;

      5) аралас;

      6) жеке;

      7) курстар, семинарлар, тренингтер;

      8) өз бетімен дайындалу;

      9) практикалық даярлық;

      10) тағылымдама;

      11) кешенді (үлгілік) оқыту.

      15. Таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклі қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Өз бетімен дайындалу тиісті техникалық құралдарды, бағдарламалық жасақтаманы және оқу әдебиетін пайдалана отырып жүргізіледі.

      17. Практикалық сабақтар әуе кемелерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивті оқыту құралдарында немесе тиісті техникалық (зертханалық) жабдықтарда жүргізіледі.

      18. Оқыту нысанына қарамастан, мамандық бойынша кәсіптік даярлау бағдарламасына сәйкес қажеттілігіне қарай даярлықтың мынадай кезеңдері қамтамасыз етіледі:

      теориялық;

      жаттығу құрылғысында;

      практикалық;

      ұшу.

      19. Азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдерінің шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындауға құқық беретін, уәкілетті ұйым әзірлеген және келісілген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша авиациялық оқу орталықтары және азаматтық авиация ұйымдарындағы кәсіптік даярлау аяқталғаннан кейін оқудың аяқталғандығын растайтын құжат беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.06.2019 № 433 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Авиация персоналын оқыту жөніндегі авиациялық оқу орталықтарының қызметкерлерін тарту мынадай талаптармен жүзеге асырылады:

      1) оқытуды толық немесе ішінара ағылшын тілінде өткізу, сондай-ақ өзінің кәсіптік қызметінде ағылшын тіліндегі құжаттама мен оқу әдебиетін пайдалану, негізгі оқыту тілі ретінде ағылшын тілі пайдаланылатын елдерде жыл сайын кәсіптік даярлықтан өту;

      2) халықаралық азаматтық авиация ұйымы не басқа да халықаралық авиациялық қоғамдастықтар мен қауымдастықтар өткізетін семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестерге және басқа да іс-шараларға жыл сайын қатысу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады