Байланыс формасы

Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10587 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      Министрінің міндеттерін атқарушы

      __________________ А. Рау

      2015 жылғы 4 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      __________________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 2 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Биржалық тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Топ

Тауар

Тауарлардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары

1

2

3

4

5

6

7

1

Энергия тасығыштар

Көмір

Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері*

2701

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит
немесе қоңыр көмір*

2702

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0

600 тонна


Қант

Қант

1701

60 тонна


Арпа

Арпа

1003 10 000 0,
1003 90 000 0

600 тонна




Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

1201

60 тонна




Балғын немесе тоңазытылған картоп


0701

60 тонна




Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


5203 00 000 0

600 тонна


3

Минералды өнімдер

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер


2523

60 тонна


      ________________________________

      * – көрсетілген тізбе көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылмайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады