Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10619 тіркелді.

      2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттары" бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 5 наурыздағы
№ 85 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық
ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға (бұдан әрі - ұйымдар) "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттары мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) "Академиялық" мәртебесін беру туралы қолдаухат (бұдан әрі - қолдаухат) ұсынады. Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) ұйымның ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға, насихаттауға және қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі мен құрылу туралы анықтама (өз қызметінде кәсібилікті, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін инновациялар енгізу, талантты жас кадрларды анықтауды және тәрбиелеуді жүзеге асыру, жаңа қойылымдарды қоса алғанда, жылына спектакльдердің немесе концерттердің саны);

      2) дипломдарының көшірмелері қоса берілген мәдениет пен өнер саласындағы жоғары білімі бар шығармашыл қызметкерлер туралы мәліметтер;

      3) КСРО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған шығармашыл қызметкерлер туралы мәліметтер және оларды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары болып табылатын шығармашыл қызметкерлер және (немесе) жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдар туралы мәліметтер және оларды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      5) соңғы үш жылда қызметі туралы республикалық және (немесе) шетелдік мерзімді баспа басылымдарында жарияланған басылымдардың тізімі және олардың көшірмелері;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қолдаухаттар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Министрлікке жіберіледі.

      4. Министрлік Қолдаухаттарды қарау үшін тұрақты қолданыстағы арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      5. Комиссия Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлері қатарынан қалыптасады.

      6. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.

      7. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      8. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделіп, ұсынымдық сипатта болады.

      9. Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қарашаға дейін ұйымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсынысты келесі құжаттар қосымшасымен енгізеді:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес құжаттар;

      2) қолдаухатты;

      3) Комиссияның хаттамасы.

      10. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес "Академиялық" мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.

3-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру шарттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Академиялық" мәртебесі өз саласында жетекші болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға, дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосқан ұйымдарға беріледі. Олардың елеулі үлес қосқаны келесі негізге сүйеніп анықталады:

      кемінде жиырма бес жыл үздіксіз қызметті жүзеге асырады;

      өз қызметінде кәсібилікті, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін инновациялар енгізеді;

      талантты жас кадрларды анықтауды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      жаңа қойылымдарды қоса алғанда, жылына кемінде екі жүз спектакльді көрсетуді жүзеге асырады немесе жылына кемінде алпыс концерт өткізеді;

      шығармашыл қызметкерлерінің кемінде сексен пайызы мәдениет саласындағы жоғары білімі бар мамандардан құралған кәсібі білікті құрамы бар, шығармашыл қызметкерлерінің кемінде жиырма бес пайызы КСРО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған, шығармашыл қызметкерлерінің кемінде жиырма бес пайызы республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары және (немесе) жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдар кемінде он республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары болып табылады;

      соңғы үш жылда қызметі туралы республикалық және (немесе) шетелдік мерзімді баспа басылымдарында жарияланған кемінде он басылымдар бар.

Об утверждении Правил и условий присвоения статуса "Академический" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным и творческим коллективам

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 5 марта 2015 года № 85. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 апреля 2015 года № 10619.

      В соответствии с подпунктом 11-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия присвоения статуса "Академический" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным и творческим коллективам.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно- правовой системе "Әділет";

      3) после официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, в течение десяти рабочих дней со дня исполнения мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на

      вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан Г. Ахмедьярова.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мухамедиулы


  Утверждены
приказом Министра культуры
и спорта Республики Казахстан
от 5 марта 2015 года № 85

Правила и условия присвоения статуса "Академический" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным и творческим коллективам
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила и условия присвоения статуса "Академический" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным и творческим коллективам определяют порядок и условия присвоения статуса "Академический" государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным и творческим коллективам (далее - организации).

Глава 2. Порядок присвоения статуса "Академический"

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Руководители республиканских государственных организаций культуры, а также руководители местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы подают в Министерство культуры и спорта Республики Казахстан (далее - Министерство) ходатайство о присвоении организации статуса "Академический" (далее - ходатайство). К ходатайству прилагаются следующие документы:

      1) справка о создании и значительном вкладе организации

      в формирование, развитие и пропаганду национальных культур и искусства (внедрение инноваций в деятельности, выявление и воспитание молодых талантливых кадров, количество спектаклей, включая новые постановки, или концертов в год);

      2) сведения о творческих работниках, имеющих высшее образование в области культуры и искусства, с приложением копий дипломов;

      3) сведения о творческих работниках, награжденных государственными наградами СССР и (или) Республики Казахстан, с приложением копий подтверждающих документов;

      4) сведения о творческих работниках и (или) отдельных профессиональных художественных и творческих коллективах, являющихся лауреатами и дипломантами республиканских и международных конкурсов и фестивалей с приложением копий подтверждающих документов;

      5) список публикаций в республиканских и (или) иностранных периодических печатных изданиях о деятельности и их копии за последние три года.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Ходатайства направляются в Министерство до 1 сентября текущего года.

      4. Для рассмотрения ходатайств Министерством создается постоянно действующая специальная комиссия (далее - Комиссия).

      5. Комиссия формируется из числа видных деятелей культуры Республики Казахстан.

      6. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      7. Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов

      от общего числа членов Комиссии. При равенстве голосов членов Комиссии голос председателя является решающим.

      8. Решения Комиссии оформляются протоколом и носят рекомендательный характер.

      9. Министерство вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о присвоении статуса "Академический" организациям до 1 ноября текущего года с приложением следующих документов:

      1) проект постановления Правительства Республики Казахстан и документы в соответствии c постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан";

      2) ходатайство;

      3) протокол Комиссии.

      10. В соответствии с пунктом 2 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" организациям статус "Академический" присваивается постановлением Правительства Республики Казахстан.

Глава 3. Условия присвоения статуса "Академический"

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Статус "Академический" присваивается организациям, являющимися ведущими в своей сфере, за значительный вклад в формирование, развитие и пропаганду национальных культур и искусства. Значительный вклад определяется на основании следующего:

      осуществляют деятельность не менее двадцати пяти лет;

      внедряют инновации в своей деятельности для повышения профессионализма, эффективности и качества работы;

      осуществляют выявление и воспитание молодых талантливых кадров;

      осуществляют показ не менее двухсот спектаклей в год, включая новые постановки, или проводят не менее шестидесяти концертов в год;

      имеют профессиональный квалифицированный состав, в котором

      не менее восьмидесяти процентов творческих работников с высшим образованием в области культуры, не менее двадцати пяти процентов творческих работников награждены государственными наградами СССР и (или) Республики Казахстан, не менее двадцати пяти процентов творческих работников являются лауреатами и дипломантами республиканских, международных конкурсов и фестивалей и (или) отдельные профессиональные художественные и творческие коллективы имеют не менее десяти званий лауреатов и дипломантов республиканских и международных конкурсов и фестивалей;

      имеют не менее десяти публикаций о деятельности за последние три года в республиканских и (или) иностранных периодических печатных изданиях.