Байланыс формасы

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10675 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 471 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.07.2019 № 471 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1) тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін
жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса
берілетін құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1286 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мынадай құжаттарды қоса береді:

      заңды тұлға үшін – салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстардың және/немесе қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;

      заңды тұлға үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;

      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, жеке куәлігінің көшірмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады