Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10679 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-5) және 18-20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректі түбірімен босату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетін атқарушы
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/178 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-20) және 18-20) тармақшаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату мен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн, бiрақ темiр жолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және осы объектілердi қолайсыз табиғат құбылыстарынан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шу әсерiн азайтуға арналған басқа да желiлiк құрылыстардың белдеулерiнде орналасқан орман екпелерi үшiн осы Қағидалар өздерiнiң қорғаныш функцияларын және оларды пайдаланудың белгіленген тәртiбiн орындау үшiн осы екпелердiң мақсаты ескерiле отырып қолданылады.

      3. Шекаралық аймақтарда орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату кезiнде осы Қағидалар Кодекстің 83-бабына сәйкес айқындалған мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескерiле отырып қолданылады.

      4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де мақсаттарда ағаш кесу тәртiбiмен сүрек босату осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандарында және басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осы Қағидалар Кодекстің 92-бабына сәйкес осы аумақтардың режимiне, орман шаруашылығын жүргiзу және ормандарды пайдалану тәртiбiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

      6. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүректi түбірімен босату толысқан және қураған екпелерде жүзеге асырылады, бұл орайда бiрiншi кезекте, ағаш кесудiң жоспарына қарамастан, өздерiнiң жай-күйiне қарай (өрт, жел, жауын-шашын, орман зиянкестерi, ластайтын заттардың қалдықтары (тастандылары), басқа да қолайсыз әсер етулер салдарынан бүлiнген) кесу талап етiлетiн екпелердi, өткен жылдардан кесiлмей қалған ағашты, сөлi алынған сүрекдiңдердi кесу белгiленедi.

      7. Аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүректi түбірімен босату орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу (сирексiту, тазарту, сирету, өтпелiк кесу), санитариялық мақсатта iрiктеп ағаш кесу, қайта жаңарту үшiн ағаш кесу және құндылығы аз сүрекдiңдердi кесуге байланысты өзге де ағаш кесулер, сондай-ақ қорғаныштық, судан қорғау және басқа функцияларын жоғалта бастаған екпелердi кесу, жас шоғырлардағы жекелеген ағаштарды кесу кезiнде жүзеге асырылады.

      8. Басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүректi түбірімен босату үй және құрылыс салу, су тораптарының (cу қоймаларымен толтырылатын аймақтарды қоса алғанда), құбырлар, жолдар, байланыс және электр беру желiлерiн салу және пайдалану үшiн орман жерлерiн тазарту жүргiзген, пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде және орман жерлерiн орман емес жерлерге белгіленген тәртiппен көшiруге байланысты өзге де жағдайларда, сондай-ақ орман соқпағын салу өртке қарсы ор қазу, орман өсiру, өртке қарсы, орман-мелиоративтiк және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу, санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесу, жойылуға тиiс қоқыстарды жинау кезiнде жүзеге асырылады.

      9. Уақытша ағаш тұқымы учаскелері ретiнде бөлiнген екпелердi орман сүректi ағаштарының тұқымдарын дайындау мақсатында бiтiк шыққан жылдарда ғана кесуге жол берiледi. Ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде уақытша ағаш тұқымы учаскелерiн бөлу шартта көзделген жағдайларда жүргiзiледi.

      10. Cүpeк дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану мерзiмiне қарамастан, ағаш кесу билеттері бойынша ғана рұқсат етiледi.

      11. Есепке алудың барлық түрлері кезінде босатылуға тиіс сүрек мөлшері тығыз текше метрлермен айқындалады. Сексеуіл сүрегін босату кезінде массаны есепке алуды тоннамен жүргізуге рұқсат етіледі.

      12. Орман ресурстарын дайындалған өнім мөлшері бойынша босату кезінде мынадай өлшем бірліктері қолданылады:

      1) декалитрлер – сүрек сөлдері үшін;

      2) тығыз текше метрлер – сыпталған және бөрене күйіндегі ағаш материалдары үшін;

      3) жинап қою текше метрлері – кесу қалдықтары, шөпшек, бұталық жем, қылқан жапырақтылар табандары үшін;

      4) тонналар – шайыр, қабық үшін;

      5) дана – шыбықтар мен шөпшектерден, тал шыбығынан, сондай-ақ жаңа жылдық шыршалардан жасалған ұсақ сұрыптар үшін.

      13. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы сомасын есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 588-бабына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сүрек босату кезiнде орман пайдаланушыларға Кодекстің 38-бабында көзделген талаптардан басқа мынадай талаптар қойылады:

      1) ағаш кесу және жол бойын тазалау, орман қоймаларын орналастыру, құрылыстар салу кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ластауға, сондай-ақ кесiлген күйi салбырап қалған ағаштарды және үйiнділердi қалдыруға жол бермеу;

      2) қар жоқ кезеңде ағаштарды кесу мен кесiндi қалдықтарынан алаңды тазарту арасындағы алшақтықтың 15 күннен асуына жол бермей, кеспеағаш аймағын тазалау, сондай-ақ орманда өрт қаупi бар кезең басталғанға дейiн қысқы кеспеағаш аймағын тазалау;

      3) өзендер мен жылғалардың арнасын ағызу, сондай-ақ ағаш сүйрету және ағаш тасу жолы ретiнде пайдаланбау;

      4) сүректi әкеткен және өзге жүктердi тасымалдаған кезде жолдарды, көпiрлердi және орман соқпағын, сондай-ақ құрғату тораптарын, жол, гидро-мелиоративтiк және басқа құрылыстарды, суағарларды, жылғаларды, өзендердi сақтау және олар бұзылған жағдайда өз есебiнен тиiстi жай-күйiне келтiру;

      5) тұқымдық, артықшылығы бар және басқа да кесілуге жатпайтын ағаштардың, өскiндердiң кеспеағаш аймағына iргелес жатқан әрбiр жағынан алғандағы енi 50 метр белдеулердегi екпелердiң сақталуын, сондай-ақ орман орналастыру және орман шаруашылығы белгiлерiнiң, ағаштар мен түбiрлердегi жапсырмалардың бүтiндiгiн қамтамасыз ету.

2-тарау. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босатудың жыл сайынғы мөлшерiне Кодекстің 93-бабының 2-тармағына сәйкес орман орналастыру жобаларына, ағаш кесу жоспарларына, құрылыс объектiлерi үшiн орман алаңдарын тазалау жөнiндегi жобаларға, жаппай санитариялық ағаш кесудi жүргiзуге арналған рұқсаттарға сәйкес белгіленген басты мақсатта пайдалану үшiн (кеспеағаш қоры), аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң, өзге де мақсаттарда ағаш кесулердің жыл сайынғы көлемi кiреді.

      16. Мемлекеттiк орман иеленушілер ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға құқығы бар орман пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде, оларға басты, аралық мақсаттарда пайдалану үшiн ағаш кесу мен өзге де ағаш кесуге арналған өздерiнiң өтiнiмдерiн енгiзе отырып, өсiп тұрған сүректi жыл сайын босатуға жиынтық материалдар қалыптастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Сүректі түбірімен босату мемлекеттiк орман иеленушiлер орман орналастыру жобасына, ағаш кесу жоспарына сәйкес, сондай-ақ кеспеағаш аймағы ағаш кecугe түсуден бiр жыл бұрын жергiлiктi халықтың отындық ағашқа деген қажеттерiн ескере отырып әзірлейтін кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеу материалдарының негізінде жүзеге асырылады.

      Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Cүpeкті түбірімен босату мерзімі кеспеағаш ағаш кесуге белгiленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін, ал тасып әкету мерзiмi - келесi жылдың 1 мамырына дейiн белгiленедi.

      19. Сүpeктi түбірімен босату кезінде кесуге белгіленген ағаштардың алаңы мен санын ескере отырып сүректi тасып әкету оны дайындаумен бiр мезгiлде жүзеге асырылады.

      Сүректi түбірімен босату кезінде дайындалған сүректiң санын ескере отырып оны ағаш кесу билетiнде көрсетiлген уақытша орман қоймаларына тасу жүзеге асырылады. Осы сүректi тасып әкету дайындалған сүректiң мөлшерi куәландырылғаннан кейiн жүргізіледі.

      Өрттер зақымдаған екпелерде, сондай-ақ дауылдар мен жел сұлатқан ағаштарды жинау есебінен дайындалған сүректің мөлшерін ескере отырып сүрек босату босату кезінде оны тасып әкету осы сүректi есепке алу ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Егер сүрек темiр жолдар мен тас жолдар бойындағы қоймаларға, өңдеуге арналған қондырғылар мен құрылғыларға, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсiлген және ағаш кесу билеттерiнде көрсетiлген орындарда орналастырылған жыл бойы жұмыс iстейтiн ағаш тасу жолдарының бойындағы аралық қоймаларға тасып әкелiнсе, ол ағаш кесілген жерден тасып әкетiлген болып есептеледi.

      20. Су тораптарын, құбыр желілерін, жолдар, байланыс және электр беру желiлерiн салуға, карьерлер аршу мен пайдалы қазбалар өндiруге байланысты тазартылуға тиiс алаңдарда, сондай-ақ орман алаңдарын ормансыз жерлерге ауыстыруға байланысты ағаш кесудің өзге де жағдайларында cүpeк босату жобалау құжаттамасында осы жұмыстарды атқару үшін белгіленген мерзiмдерде жүргiзiледi. Ағаш кесу билеттерi бұл орайда жыл бойы ағымдағы жылда игеру көзделген сүрек мөлшерiне жазылады.

      21. Піскен сүрекдіңдер қорларынан құралатын басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді (кеспеағаш қоры) жүргізу кезінде сүрек босату көлемі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау орман орналастыру кезінде айқындалатын және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) бекітетін есептік кеспеағаш шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі орманға күтім жасау үшін ағаш кесудің, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық функцияларын жоғалтып бара жатқан екпелерді қайта жаңартумен байланысты ағаш кесудің белгіленген нормаларын басшылыққа ала отырып, орман орналастыру материалдары бойынша айқындалады.

      Ескерту. 2-тарау 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу, құрылыс объектілері үшін орман алаңдарын тазарту, орман жолдарын тарту және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстардың көлемімен айқындалады.

      Ескерту. 2-тарау 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Орман орналастыру жобаларына енгізілмеген санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу Ағаш кесу қағидаларына сәйкес ұсынылып отырған іс-шараларды негіздей отырып, табиғи және антропогендік сипаттағы жағдайлардың туындау фактілері бойынша тағайындалады.

      Ескерту. 2-тарау 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Орман жолдарын тартуға және өртке қарсы орлар қазуға байланысты ағаш кесу орман орналастыру материалдары және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастырудың бас жоспарлары бойынша тағайындалады.

      Ескерту. 2-тарау 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің жиынтық материалдарын қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тарау 26-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін кеспеағаштар бөлу материалдарының негізінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемінің жиынтық материалдарын (бұдан әрі – жиынтық материалдар) қалыптастырады.

      28. Мемлекеттік орман иеленушілер беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған жергілікті атқарушы органдардың атына ілеспе хат;

      2) жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы;

      3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      4) іріктеп санитариялық мақсатта кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 121-тармағына сәйкес сүрекдіңнің санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы.

      29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген материалдардан басқа, жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемін қарау және бекіту үшін:

      1) кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 150-тармағына сәйкес сүрекдіңнiң санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық тұрақтылығынан айырылған екпелерде отырғызылған сынама алаңдарының жиынтық ведомосы;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесуді қажет ететін екпелердің жиынтық ведомосы;

      4) телімдерді, олардың алаңдарын көрсетіп және сынама алаңдарын енгізе отырып, жаппай санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге белгіленген учаскелерге планшеттен алынған көшірме;

      5) орман өрті туралы хаттама ұсынылады.

      30. Мемлекеттік орман қорының мына санаттарында:

      1) ерекше қорғалатын орман аумақтарында, оның iшiнде:

      мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында;

      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандарында;

      мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандарында;

      мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандарында;

      мемлекеттiк қорық аймақтары ормандарында;

      табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерiнде;

      орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерiнде;

      аса құнды орман алаптарында;

      жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарында;

      орман-жемiс екпелерiнде;

      аса биiк тау ормандарында;

      2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерiнде;

      3) қала ормандарында;

      4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтарында;

      5) эрозияға қарсы ормандарда;

      6) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердің құрылымын қайта жаңартуға байланысты ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін көрсетілген ағаш кесулер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

      31. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ведомствоның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тексеру үшін мемлекеттік орман иеленушілер және филиалдар бойынша материалдар жібереді.

      32. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілердің аумақтық органға ұсынатын материалдары мыналарды қамтиды:

      1) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ілеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес берілетін жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар.

      33. Аумақтық орган ұсынылған ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің материалдарына тексеру жүргізеді және оларды ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде ведомствоға ұсынады.

      Аумақтық орган ұсынатын жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ведомствоның атына ілеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;

      3) жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ұсынылады.

      34. Мемлекеттік орман иеленушілер және филиалдар бөлінісінде басты, аралық мақсаттарда пайдалану үшін және өзге де мақсаттарда ағаш кесу көлемдерін ведомство ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде жылына бір рет бекітеді. Ағаш кесу көлемдерін түзету бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      35. Аумақтық органдар ағаш кесу көлемдерін жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік орман иеленушілерге жеткізеді.

      36. Ұсынылған материалдар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда ескертулерді жою туралы материалдарды ведомство пысықтау үшін жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге қайтарады.

      37. Пысықталған материалдар оларды ведомство жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге жіберген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
1-қосымша
Нысан

_________________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану кезінде сүрек дайындаудың 20__ жылға арналған көлемі

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:





  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
2-қосымша
Нысан

___________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ арналған көлемі

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

қылқан жапырақты

жарықтан-дыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты 

Жиыны:





      кестенің жалғасы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты

жарықтандыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

жарықтандыру

тазарту

сирету

өтпелі ағаш кесу

7

8

9

10

11

12

13

14

15

мемлекеттік орман қорының санаты 










  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
3-қосымша
Нысан

__________ облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл


1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:





  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
4-қосымша
Нысан

___________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  алымында алаң, гектар
  бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан жапырақты

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты, сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу

Жиыны:





су тораптарын, құбыр жолдарын, жолдар салумен байланысты орман алаңдарын тазарту

Жиыны:





орман соқпақтарын салу, өртке қарсы орлар қазу кезінде орман алаңдарын тазарту

Жиыны:





өтімді қалдықтарды жинау

Жиыны:





Барлығы:





  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
5-қосымша
Нысан

____________________________________облысы ___________________________________бойынша (мемлекеттік орман иеленуші) биологиялық орнықтылығын жоғалтқан екпелер құраған сынама алаңдардың жиынтық ведомосі

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Орманшылық

Сынақ алаңының №

Орамның №

Телімнің №

Сынамадағы ағаш саны, дана

Басым зиянкестер және аурулар атауларын көрсете отырып, сүрекдіңнің әлсіреу себебі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Сынамадағы жалпы санның пайызға шаққандағы жай-күйі санаттары бойынша ағаштардың бөлінуі

Кесілуі тиіс, пайыз

тұқымды

I

II

III

IV

V

VI

7

8

9

10

11

12

13

14









  Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
6-қосымша
Нысан

____________________________облысы _______________________________ бойынша (мемлекеттік орман иеленуші) жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу қажет етілетін екпелердің жиынтық ведомосі

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Орманшылық

Орамның №

Телімнің №

Алаң, гектар

Телімнің қысқаша таксациялық сипаттамасы

құрамы

жасы

толысуы

бонитеті

1

2

3

4

5

6

7

8










Телімнің қысқаша таксациялық сипаттамасы

Сүрек қоры

Орман түрі

Жаңарудың қамтамасыз етілуі

Сүрекдіңнің әлсіреу себебі

орташа биіктігі, метр

орташа диаметрі, сантиметр

1 гектарға

Телімде барлығы

оның ішінде өтімді сүрек

орташа биіктігі, метр

9

10

11

12

13

14

15

16









      Мемлекеттік орман иеленушінің басшысы:

      Инженер-орман патологы (орман қорғау жөніндегі маман)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады