Байланыс формасы

Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10701 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.07.2019 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 214 бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер
учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы
жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы

      ___________________ қаласы 20__ жылғы "__" __________________

      (шарт жасалған орын) (шарт жасалған күн)

      _____________________________________________________________________

      (Басқарушы компания атауы)

      тұлғасында__________________________________________________________,

      (жарғы, ереже)

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Жалға беруші" деп аталатын ______

      бір тараптан және __________________________________________________,

      (жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)

      негізінде әрекет ететін ________________________________ тұлғасында

      бұдан әрі "Қосалқы жалға алушы" деп аталатын _________________ екінші

      тараптан, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы

      осы жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы

      жалға алудың) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Шарттың мәні

      1. Жалға беруші 20__ ж. _______ №___ арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шарты бойынша жалдаған жер учаскесін/жер учаскесінің бір бөлігін (бұдан әрі - жер учаскесі) ___________________ арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) аумағында қызметтiң басым немесе қосалқы түрлерiн жүзеге асыру мақсатында уақытша өтеулі қайталап пайдалануға (қосалқы жалға алуға) қосалқы жалға алушыға тапсырады.

      2. Жер учаскесінің орналасқан жері мен оның деректері:

      мекенжайы: _____________________________________________ облысы

      ________________________________________________________ ауданы

      __________________ қаласы, _____________________________ көшесі

      кадастрлық нөмірі: ____________________________________________

      алаңы _________________________________________________________

      нысаналы мақсаты: _____________________________________________

      пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: ____________________

      жер учаскесінің бөліну мүмкіндігі: ____________________________

      3. Жер учаскесінде ____________________________________________

      (жер учаскесінде орналасқан жағдайда жылжымайтын мүлік объектілері

      және олардың сипаттамалары көрсетілсін не ондайлардың жоқ екені

      туралы жазба жасалсын)

      жылжымайтын мүлік объектілері бар (жоқ).

      Жылжымайтын мүлік объектілерінің (олар жер учаскесінде орналасқан жағдайда) егжей-тегжейлі тізбесі техникалық сипаттамаларымен бірге осы шартқа қоса беріледі.

      Жер учаскесін беру екі данада (әрбір Тарап үшін бір-бірден) жасалатын және тараптардың қолдары қойылатын қабылдап алу-беру актісімен (жер учаскесінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) ресімделеді. Қабылдап алу-беру актісі осы шартқа қоса тіркеледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

2. Негізгі ұғымдар

      4. Осы шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ажырамас жақсартулар - жалға берушімен келісім бойынша қосалқы жалға алушы жүргізген, мүлік үшін зиянсыз ажырамайтын (жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар, ғимараттар) жақсартулар;

      2) АЭА қатысушысының шарты – АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруы туралы шарт;

      3) жалға беруші - Заңға сәйкес АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған басқарушы компания;

      4) жер учаскесі - АЭА-ның аумағындағы жер учаскесі;

      5) қосалқы жалға алушы - АЭА қатысушылары, сондай-ақ қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) қосалқы жалдау шарты - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалға беруші мен қосалқы жалға алушы арасында жазбаша нысанда жасалатын, Тараптар қол қойған, оның барлық қосымшаларымен және енгізілген толықтыруларымен бірге АЭА құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шарты.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Қосалқы жалға алушының:

      1) АЭА аумағында қызметтiң басым (немесе қосалқы) түрлерiн жүзеге асыру үшін жер учаскесін пайдалануға;

      2) жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар мен ғимараттар тұрғызуға құқығы бар;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.

      6. Қосалқы жалға алушы мыналарға:

      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;

      2) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;

      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны осы шартта белгіленген мөлшерде және шарттарда төлеуге;

      4) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      5) осы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша хабарламаны жалға берушіге кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей жіберуге;

      6) жер учаскесін пайдалану кезінде қала құрылысы регламенттерінің, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де қағидалардың, нормативтердің талаптарын сақтауға, оның ластануына, қоқыстануына жол бермеуге, жер учаскесінде және оның маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға;

      7) жалға берушіге өзінің деректемелерінің өзгергені туралы он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;

      8) осы шарт тоқтатылған жағдайда жер учаскесін осы шарт тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі негізінде тиесілі жай-күйде жалға берушіге қайтаруға міндетті;

      9) жалға беруші біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзған жағдайда Заңға сәйкес жалға берушіге АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтаруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Жалға берушінің:

      1) мынадай жағдайларда:

      қосалқы жалға алушы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;

      қосалқы жалға алушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт енгізбеген;

      Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;

      2) қосалқы жалға алушымен алдын ала келісе отырып, оны шарт талаптарының сақталуы мәніне тексеру мақсатында жер учаскесінің аумағына кіруге;

      3) қосалқы жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жер учаскесінің қасиетін және экологиялық ахуалды нашарлатумен келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша зияндарды өтеуге құқылы;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Жалға беруші мыналарға:

      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;

      2) белгіленген тәртіппен осы шарт мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жер учаскесін қосалқы жалға алушыға беруге;

      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны аудару үшін өз шотының нөмірі өзгергені туралы қосалқы жалға алушыға он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;

      4) қосалқы жалға алушыға жер учаскесін ажырамайтын жақсартуларға байланысты шығындарын өтеуге міндетті;

      5) АЭА қатысушы Заңға сәйкес біржақты тәртіпте шартты бұзған жағдайда АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтарып алуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Шарттың мерзімі

      9. Осы шарт Тараптар оны жасасқан күнінен бастап күшіне енеді.

      10. Осы шарт _________ жылға, бірақ __________________ АЭА-ның құрылу және жұмыс істеу мерзімінен, сондай-ақ 20__ жылғы ____________ № ___ АЭА құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.

      11. Осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және қосалқы жалға алушы өзінің осы шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындаған жағдайда, шарт қосымша келісілген талаптармен жаңа мерзімге жасалуы мүмкін. Шартты жаңа мерзімге жасасу ниеті туралы қосалқы жалға алушы жалға берушіге осы шарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) ай бұрын жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте қосалқы жалға алушы үшінші тұлғалардың алдында шартты жаңа мерзімге жасасуға басым құқыққа ие болады.

5. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақы

      12. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны есептеуге сәйкес ҚҚС-ті есепке алмағанда, айына/тоқсанында ________ құрайды.

      13. Жалдау ақысы теңгемен белгіленеді және қосалқы жалға алушының төленетін айдың _____ (__________) күнінен кешіктірмей жалға берушінің банктік шотына аудару жолымен төлеуіне жатады.

      14. Осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшері Тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгеруі мүмкін.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Осы шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      16. Осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны енгізу тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін қосалқы жалға алушы жалға берушіге _____ мөлшерде өсімпұл төлейді.

      17. Осы шарт бойынша міндеттемелерін еңсерілмес күштің әсеріне байланысты бұзғаны үшін Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      18. Жалға беруші осы шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жалға беруші қосалқы жалға алушының шеккен барлық шығындарын өтейді.

7. Осы Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары

      19. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптар осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда осы шарттың талаптарын өзгертуге және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін біржақты тәртіппен бұзуға жол берілмейді.

      20. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша ресімделген және Тараптардың осыған уәкілетті өкілдері оған қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.

      21. Осы шарттың қолданылуы:

      1) АЭА таратылған;

      2) 20__ жылғы ___________ № ___ АЭА құрылатын жеке жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шартының қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) осы шарт сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылған;

      4) Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шарты бұзылған жағдайларда тоқтатылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Дауларды қарау тәртібі

      22. Осы шарттың міндеттемелерін орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.

      23. Дауларды 3 (үш) ай ішінде келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар оларды Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.

      24. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенше, осы шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.

9. Форс-мажор

      25. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап тиісінше орындау еңсерілмес күштің, яғни төтенше және мұндай мән-жайда еңсерілмейтін болған (апатты зілзала, соғыс әрекеттері және т.б.) жағдай салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдемесе, мүліктік жауапкершілікке тартылады.

10. Қорытынды ережелер

      26. Тараптардың осы шартта айтылмаған құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. Қосалқы жалға алушының жер учаскесін қосалқы жалға алу шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға беруге, жер учаскесін кейінгі қосалқы жалға алуға, кепілге беруге, шаруашылық жүргізуші серіктестіктің немесе қоғамның жарғылық капиталына салым не өндірістік кооперативке пай жарнасы ретінде салуға, сондай-ақ оны ақысыз жедел пайдалануға беруге құқығы жоқ.

      28. Осы шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

      29. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша ресімделген және Тараптардың осыған уәкілетті өкілдері оған қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.

      30. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі қосалқы жалға алушыда болатын бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1285 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      31. Осы шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы __________ қаласында 20___ жылғы _______ (күні) ______ (айда) қол қойды.

      32. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

      Қосалқы жалға алушы: Жалға беруші:

      Атауы: ______________________ Атауы: ______________________

      Заңды мекенжайы _____________ Заңды мекенжайы _____________

      Есеп айырысу шоты ___________ Есеп айырысу шоты ___________

      ЖСН _________________________ ЖСН _________________________

      Банк ________________________ Банк ________________________

      Телефон/факс ________________ Телефон/факс ________________

      МО МО

      Қолы ________________________ Қолы ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады