2014 - 2015 оқу жылын аяқтау және жалпы білім беретін оқу орындарының білім алушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 сәуірде № 10736 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес және 2014 - 2015 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындары білім алушыларының аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Оқу жылын аяқтау және білім алушыларының аралық және қорытынды аттестаттауын өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:
      1) жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарының барлық түрлеріндегі мектепалды, 1-11 (12)-сыныптарда оқу сабақтары 2015 жылғы 25 мамырда аяқталады;
      2) 5-8 (9), 10 (11) - сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау 2015 жылғы 31 мамырға дейін өткізіледі;
      3) негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 9 (10)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 10-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2015 жылғы 30 мамыр - 15 маусым күндерінде, жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 11 (12)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2015 жылғы 1 - 20 маусым күндерінде өткізіледі;
      4) негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 9 (10)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 10-эксперименттік сыныбының білім алушылары үш міндетті емтихан және таңдау бойынша 1-2 пәннен ауызша емтихан тапсырады.
      Міндетті емтихандардың тізбесі, нысаны және өткізу мерзімдері:
      ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 30 мамырда (гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын мектептердің және гимназиялардың білім алушылары - шығарма, қалғандары - диктант жазады);
      алгебрадан жазбаша емтихан - 3 маусымда;
      орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан - 8 маусымда;
      қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 8 маусымда;
      5) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген 11 (12)-сыныптың және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының білім алушыларын қорытынды аттестаттау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
      Ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін білім алушыларды қорытынды аттестаттау ҰБТ нысанында 2015 жылғы 1 - 15 маусым күндерінде өтеді.
      Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 11-сынып оқушылары («Алтын белгі» аттестаты мен үздік аттестат алуға үміткерлерді қоспағанда) өз қалаулары бойынша ҰБТ тапсыруға қазақ немесе орыс тілінде қатыса алады.
      Оқу бітірген жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуді және ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12)–сыныбының және 12 жылдық білім берудің 12-эксперименттік сыныбының оқушылары төрт міндетті және таңдау бойынша 1-2 пәннен ауызша мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
      Міндетті емтихандардың тізбесі, нысаны және өткізу мерзімдері:
      орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан - 1 маусымда;
      қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 1 маусымда;
      ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан (кешкі жалпы білім беретін мектептер үшін - диктант) - 5 маусымда;
      алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 8 маусымда;
      Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 11 маусымда.
      2. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, республикалық мамандандырылған жалпы білім беру ұйымдары 2014 - 2015 оқу жылын жалпы білім беру ұйымдарында осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін (НҚА мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5191 тіркелген).
      3. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының білім басқармалары өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған емтихандық материалдарды 2015 жылғы 25 мамырға дейін дайындасын.
      4. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) республикалық мамандандырылған жалпы білім беру ұйымдарының 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, алгебрадан, алгебра және анализ бастамаларынан емтихандық тапсырмалар пакеттерін 2015 жылғы 25 мамырға дейін дайындасын;
      2) қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын Моңғолияның, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының Білім министрліктеріне 2015 жылғы 30 наурызға дейін жеткізсін;
      3) шығарма тақырыптарын жариялау үшін 2015 жылғы 30 наурызға дейін «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттерінің редакцияларына ұсынсын;
      4) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

О завершении 2014 - 2015 учебного года и проведении итоговой аттестации обучающихся общеобразовательных учебных заведений

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 апреля 2015 года № 10736

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и в целях организованного завершения 2014 – 2015 учебного года и проведения промежуточной и итоговой аттестации учащихся общеобразовательных учебных заведений независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Установить следующие сроки завершения учебного года и   проведения промежуточной и итоговой аттестации учащихся:
      1) учебные занятия в предшкольных, 1-11 (12) классах всех видов дневных и вечерних (сменных) общеобразовательных учебных заведений завершаются 25 мая 2015 года;
      2) промежуточная аттестация обучающихся в 5-8 (9), 10 (11) классах проводится до 31 мая 2015 года;
      3) итоговая аттестация учащихся 9 (10) классов и 10  экспериментальных классов 12-летнего образования, освоивших общеобразовательную учебную программу основного среднего образования, проводится с 30 мая по 15 июня 2015 года, учащихся 11 (12) классов и 12  экспериментальных классов 12-летнего образования, освоивших образовательную учебную программу общего среднего образования - с 1 по 20 июня 2015 года;
      4) учащиеся 9 (10) классов и 10 экспериментальных классов 12-летнего образования, освоивших общеобразовательную учебную программу основного среднего образования, сдают три обязательных экзамена и устные экзамены по выбору по 1-2 предметам.
      Перечень, форма и сроки проведения обязательных экзаменов:
      письменный экзамен по родному языку и литературе (по языку обучения)- 30 мая (сочинение - для учащихся школ с углубленным   изучением гуманитарных предметов и гимназий, диктант - для  остальных);
      письменный экзамен по алгебре - 3 июня;
      устный экзамен по казахскому языку в школах с русским, узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения - 8 июня;
      устный экзамен по русскому языку в школах с казахским языком обучения - 8 июня;
      5) итоговая аттестация учащихся 11 (12) классов и 12  экспериментальных классов 12-летнего образования, освоивших образовательную учебную программу общего среднего образования, проводится в форме единого национального тестирования (далее - ЕНТ) или государственных выпускных экзаменов.
      Желающие в текущем учебном году поступать в организации высшего образования Республики Казахстан, проходят итоговую аттестацию в форме ЕНТ с 1 по 15 июня 2015 года.
      Учащиеся 11 классов общеобразовательных школ с узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения (за исключением учащихся, претендующих на получение аттестатов «Алтын белгі» и с отличием) по желанию могут принять участие в сдаче ЕНТ на казахском или русском языках.
      Учащиеся 11 (12) классов организаций общего среднего  образования и 12 экспериментальных классов 12-летнего образования,  не желающие в год завершения обучения поступать в организации высшего образования Республики Казахстан и участвовать в ЕНТ, сдают государственные выпускные экзамены: четыре обязательных и устные экзамены по выбору по 1-2 предметам.
      Перечень, форма и сроки проведения обязательных экзаменов:
      устный экзамен по казахскому языку в школах с русским, узбекским, уйгурским, таджикским языками обучения - 1 июня;
      устный экзамен по русскому языку в школах с казахским языком обучения - 1 июня;
      письменный экзамен по родному языку и литературе (язык обучения школы) в форме сочинения (для вечерних  общеобразовательных школ - диктант) - 5 июня;
      письменный экзамен по алгебре и началам анализа - 8 июня;
      устный экзамен по истории Казахстана - 11 июня.
      2. Областным, городов Алматы и Астана управлениям образования, республиканским специализированным общеобразовательным организациям   обеспечить завершение 2014 - 2015 учебного года в общеобразовательных организациях в соответствии с требованиями настоящего приказа, Типовыми правилами текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации НПА за № 5191).
      3. Алматинскому, Жамбылскому, Южно-Казахстанскому областным     и города Алматы управлениям образования подготовить экзаменационные материалы по проведению письменных выпускных экзаменов для школ        с узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения до 25 мая 2015 года.
      4. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.):
      1) подготовить пакеты экзаменационных заданий по казахскому языку и литературе, русскому языку и литературе, алгебре, алгебре и началам анализа для учащихся 9 (10) и 11 (12) классов  республиканских специализированных общеобразовательных организаций  до 25 мая 2015 года;
      2) довести темы сочинений по казахскому языку и литературе до министерств образования Монголии, Республики Узбекистан и Российской Федерации до 30 марта 2015 года;
      3) представить редакциям газет «Қазақстан мұғалімі», «Учитель Казахстана» темы сочинений для опубликования до 30 марта 2015 года;
      4) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      5) после государственной регистрации настоящего приказа        в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить его официальное опубликование.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Имангалиева Е.Н.
      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого       официального опубликования.  

      Министр образования и науки
      Республики Казахстан                             А. Саринжипов