Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10746 тіркелді

      «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы  7 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Басшы                                      І. Испанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      _________Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 17 наурыз

Қазақстан Республикасы Жоғарғы  
Сотының жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаменті   
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының аппараты) басшысының  
2015 жылғы 12 наурыздағы    
№ 159 бұйрығымен бекітілген   

Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары

Бұйымдардың атауы

Бір адамға арналған бұйымдардың саны

Кию мерзімі

1

Кепка

1 дана

2 жыл

2

Жеңдері қондырмалы қысқа күрте

2 дана

3 жыл

3

Шалбар

3 дана

2 жыл

4

Ұзын қондырма жеңді жейде

2 дана

2 жыл

5

Галстук

2 дана

2 жыл

6

Қысқа қондырма жеңді жазғы күрте

2 дана

2 жыл

7

Қысқы күрте (астары алынатын)

1 дана

3 жыл

8

Шарф

1 дана

3 жыл

9

Қырықпа елтіріден жасалған құлақшын-бөрік

1 дана

3 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады