"Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10754 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 853 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 853 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 13 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің м.а.
2015 жылдың 20 қаңтарындағы
№ 26 бұйрығымен бекітілген

"Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіптік стандарты оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беруге, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.

      2. Осы кәсіпітік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаматтық авиация - "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағымен қарастырылған мақсаттарда қолданылатын, эксперименттік және мемлекеттік авиация құрамына енбейтін авиация;

      2) әуе кемесі - жер (су) бетінен шағылысатын ауамен өзара әрекетті жоққа шығара отырып, ауамен өзара әрекет есебінен атмосферада ұсталатын аппарат;

      3) біліктілік - қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайындық деңгейі;

      4) біліктілік деңгейі - күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне және дайындық деңгейіне қатысты талаптар жиынтығы;

      5) еңбек функциясы - еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жинағы;

      6) кәсіп - адамның еңбек қызметінде белгілі білім мен практикалық дағдыны талап ететін, арнайы даярлық нәтижесінде алынған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталған негізгі қызмет түрі;

      7) кәсіптік стандарт (КС) - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік, мазмұн, сапа және еңбек жағдайлары деңгейлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;

      8) негізгі топ - өндірілетін өнімнің, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдылардың ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

      9) кәсіби топ - ортақ интеграциялық негізі бар кәсіби кіші топтар жиынтығы (ұқсас немесе жақын тағайындаулар, объектілер, технологиялар оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттіліктерінің болжамды ұқсас жиыны;

      10) салалық біліктіліктің шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау.

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      1) АА - азаматтық авиация;

      2) БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы;

      3) БА - басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

      4) КС - кәсіптік стандарт;

      5) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;

      6) ИКАО(ІСАО) - халықаралық азаматтық авиация ұйымы.

2. Кәсіптік стандарт төлқұжаты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

      5. Кәсіптік стандартты әзірлеудің мақсаты: оқыту бағдарламаларын, оның ішінде құрамды кәсіпорындарда оқыту бағдарламаларын қалыптастыру, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беру, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу.

      6. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Әуе кемелерінің экипажын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

      7. Негізгі топ: әуе көлігі.

      Кәсіби топ: аэронавигациялық қызметтер жұмысы.

3. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіптер тізбесі:

      аэронавигациялық ақпаратты әзірлеу, құжаттаманы ресімдеу және есебін жүргізумен айналысатын қызметші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі.

      Кәсіптер карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында беріледі.

  "Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету"
кәсіптік стандартына қосымша

"АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ӘЗІРЛЕУ,
ҚҰЖАТТАМАНЫ РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ҚЫЗМЕТШІ" КӘСІБИ КАРТОЧКАСЫ

кәсібінің коды

4190

кәсібінің атауы

Аэронавигациялық ақпаратты әзірлеу, құжаттаманы
ресімдеу және есебін жүргізумен айналысатын
қызметші

СБШ бойынша
біліктілігінің
деңгейі

4

БА бойынша
біліктілік
деңгейі

4

кәсіби білім деңгейі

Орта (техникалық және кәсіби) немесе жоғары
(бакалавриат) білім, немесе азаматтық авиация
саласында өкілетті органмен сертификатталған немесе ИКАО тіркелген азаматтық авиацияның оқу мекемесінің аэронавигациялық ақпарат қызметінің қызметкерлерін дайындау жөніндегі бағдарламаға сәйкес арнайы пәндер.

Еңбек функциясы

1) Аэронавигациялық ақпараттар пакетін дайындау

2) ӘК экипажымен брифинг өткізуді қамтамасыз ету

1-еңбек функциясы Аэронавигациялық ақпараттар пакетін дайындау

Білімі және дағдылары:
1. Аэронавигациялық ақпараттарды, оның ішінде шет мемлекеттер мен өңірлік халықаралық орталықтардың аэронавигациялық ақпараттар қызметтерінен алынған ақпараттарды жинау, өңдеу және тарату.
2. Аэронавигациялық құжаттар мен ақпараттардағы жедел өзгерістерді тарату.
3. Оның қызметіне қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды қолдану.

Білімі:
Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясына 15-қосымша, Бос 8126 ИКАО құжат, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының "Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру" 3-тарауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелері, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды әуенавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету ережелері (№ 10605 нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде тіркелген), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуларды дайындау ережелері (№ 7102 нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде тіркелген)

2-еңбек функциясы
Әуе кемелері экипаждарымен брифинг өткізуді қамтамасыз ету

Білімі мен дағдылары:
1. Нормативті актілерге сәйкес әуе кемелері экипаждарының қауіпсіз үшуын қамтамасыз етуі үшін аэронавигациялық ақпараттар пакетінің толықтығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету.
2. Аэронавигациялық ақпараттардағы өзгерістерді алу және тарату.
3. Қызметтердің аэронавигациялық ақпараттар мәселелері бойынша басқа ведомстволармен және мекемелермен өзара әрекеттесу.
4. Әуе кемелері экипаждарын акпараттық-кеңес беру қызметімен қамтамасыз ету

Білімі:
Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясына 15-қосымша, Doc 8126 ИКАО құжат, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының "Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру" 3-тарауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелері, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды әуенавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету ережелері (№ 10605 нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде тіркелген), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуларды дайындау ережелері (№ 7102 нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде тіркелген)

Тұлғалық құзыреттілікке қойылатын талаптар

Тұлғааралық құзыреттілік.
Нәтиже мен тиімділікке бағдарлануы.
Өзін-өзі реттеу.

СБШ
шеңберінде
басқа
кәсіптермен
байланыс

3144

Диспетчерлер

Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

Әзірлеген

"Astana Scholl of Business and Technology" ЖШС

Нұсқасының нөмірі және шығарылған жылы

1-нұсқа, 2014

Қайта қараудың болжамды күні

2017


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады