Байланыс формасы

«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10773 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға:
      9-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.»;
      15-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы
      ____________ Р. Бекетаев
      2015 жылғы 17 сәуір
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады