Тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10786 тіркелді

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      Қ. Қасымов ____________
      2015 жылғы 17 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы  
№ 153 бұйрығымен бекітілген

1. Тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптар

      1. Осы Тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.
      2. Тұрғын үйлер қала құрылысы талаптарының негізінде сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарына сәйкес тұрғын ғимараттардың сыныптамасы бойынша бөлінеді.
      3. Тұрғын үйлер пайдаланудың барлық кезеңі ішінде мақсатқа және оларға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      Ескертпе. Тұрғын үй-жайды жертөледе, техникалық және цокольдық қабаттарға орналастыруға болмайды.
      4. Тұрғын үйге мынадай техникалық талаптар қойылады:
      нақты аудандар мен өңірлерге тән әртүрлі факторлардың әсерін ескере отырып, тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігі, төзімділігі және сенімділігі;
      инженерлік жүйелердің тоқтаусыз жұмыс істеуі;
      нормативтік шу, дыбыс оқшаулауға сәйкестігі;
      жылуды қорғаудың нормативтік көрсеткіштеріне сәйкестігі;
      өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі.
      5. Тұрғын үйдің тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігі, төзімділігі және сенімділігі талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін оларды тиісті жай-күйде ұстау қажет, оларды пайдаланған кезде өзгергіштік бөлігінде (сызатқа төзімділік бөлігінде темірбетон конструкцияларда) пайда болған бұзушылықтар адамдардың қауіпсіз тұруы үшін конструкциялардың жұмыс істеу қабілетінің және тіреу қабілетінің бұзылуына алып келмейді.
      6. Тұрғын үйдің негіздерінде және тіреу конструкцияларында конструкциялардың өзгеруіне немесе сызаттардың пайда болуына алып келетін, олардың тіреу қабілетін төмендететін және олардың пайдалану қасиетін нашарлататын бұзылулар мен зақымданулардың әртүрлі түрлеріне жол берілмейді.
      7. Тоқтаусыз жұмыс істеу талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдегі инженерлік жүйелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленген қауіпсіздік талаптарына және жабдықтарды дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орналастырылады және монтаждалады.
      8. Тұрғын үй жаңбыр, еріген және жерасты суларының кіруінен және инженерлік жүйелерден ықтимал тұрмыстық судың ағуынан конструктивтік құралдар мен техникалық құрылғылардың көмегімен қорғалады.
      9. Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің коммуникацияларын, кәріз тартуды көбіне ашық тәсілмен немесе құбырларды механикалық бүлінуден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізе отырып, қабырғалардың қорғаушы сылақ қабаты бар жерде, тегіс еденде, шахталарда, аспалы төбелерде көздеу керек.
      10. Тұрғын үйдің шу және дыбыс оқшаулау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленген шудың нормативтік деңгейін сақтау қажет.
      Тұрғын үйдің сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларының дыбыс оқшаулауы сыртқы шу көздерінен, сондай-ақ екпінді шудан және инженерлік жүйелер жабдықтарының шуынан болатын дыбыс қысымын төмендетуді қамтамасыз етуге тиіс.
      Пәтераралық арақабырғалар жоғарғы дыбыс оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
      11. Санитариялық-гигиеналық үй-жайларда гидро, шу және діріл оқшаулау жөніндегі нормативтік-техникалық талаптар сақталмаған кезде тұрғын үйдің пәтераралық қоршау қабырғаларына және арақабырғаларына, олардың бөлмеден тыс жалғасатын жерлеріне аспаптар мен құбырларды бекітуге болмайды.
      12. Тіреу және қоршау конструкцияларының жылу қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің қажетті температурасын қамтамасыз ететін және тұрғын үйдің конструкцияларында артық мөлшерде ылғалдың жиналуының алдын алатын жылу беру және ауа кіру кедергілеріне сәйкес келуге тиіс.
      Тұрғын үйдің сыртқы қоршау конструкцияларының жылу оқшаулауы 60 % аспайтын салыстырмалы ылғалдылықты, жылытылатын үй-жайлардың температурасы кемінде +180С, сондай-ақ сыртқы суық ауаның кіруінен сақтайтын оқшаулағышты қамтамасыз етеді.
      13. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады