Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10810 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 № 907 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына және 159-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Т. Дүйсенова
 

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 30 наурыздағы № 176
бұйрығымен бекітілген   

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны
тағайындау және төлеу қағидалары

      1. Осы Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындаудың және төлеудің тәртібін айқындайды.
      2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.
      3. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан туындаған кезде жәрдемақы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті болған кезде тағайындалады.
      4. Жәрдемақы еңбекке уақытша жарамсыздық парағында белгіленген мерзімге жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
      Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, жәрдемақы әрбір жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді.
      5. Кодекстің 177-бабына сәйкес еңбек шарты бұған заңды негізсіз тоқтатылғаннан кейін қызметкерді жұмысқа қайта алған жағдайда, жәрдемақы алуға құқығы пайда болған бірінші күнінен бастап жәрдемақы төленеді.
      6. Кодекстің 50-бабының 3-тармағына сәйкес қызметкер жұмыстан шеттетілген кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған кезде жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмысқа жіберілгеннен кейін де жалғасатын болса, жәрдемақы қызметкер жұмысқа жіберілген күнінен бастап төленеді.
      7. Жәрдемақы:
      1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
      2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшін;
      3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
      4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;
      5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшін төленбейді.
      Егер еңбекке жарамсыздық демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасатын болса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кіріскен күнінен бастап беріледі.
      8. Негізгі жұмыс орнындағы жалақысы толық немесе ішінара сақтала отырып, басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген, маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй қызметкерлеріне және үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, егер оларды курсқа жұмыс беруші жіберген және оқу кезеңінде олардың жалақысы сақталған болса, осы кезеңде болатын жәрдемақы олардың жұмыс орны бойынша төленеді.
      9. Қызметкерді протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызған кезде жәрдемақы стационарда болған барлық уақытына және стационарға баруға және кері қайтуға кеткен уақытына да төленеді.
      10. Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жұмыс берушіге еңбекке уақытша жарамсыздық парағында белгіленген жұмысқа шығатын күні не ол аяқталғанға дейін ұсынады.
      11. Жәрдемақы төлеу үшін ұсынылған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары жұмыс берушінің бухгалтериясында сақталады.
      12. Жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленеді.
      13. Қызметкердің өтініші бойынша жәрдемақы оның банктік шотына аударылады не жәрдемақыны алуға тиісті сенімхатты ұсынған сенімді адамға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды өкіліне беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады