Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10829 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 216 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. «Энергетикалық ұйым басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8389 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28174) газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                                 В. Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 31 наурыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2015 жылғы 10 наурыздағы 
№ 184 бұйрығына     
1-қосымша        

Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан
өткізу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру үшін арналған.
      2. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу кезінде атқаратын лауазымының аясында кәсiби және бiлiктiлiк дайындығының деңгейi анықталады.

2. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау

      3. Энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу үшін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның (бұдан әрі – мемлекеттiк орган) аттестаттау комиссиясы құрылады.
      4. Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттаудан өткізу үшін мемлекеттік органының аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясы құрылады.
      5. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау келесі сатылардан тұрады:
      1) емтихан;
      2) аттестаттау комиссиясының шешім қабылдауы;
      3) Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте, аттестаттау парағын немесе аттестаттау комиссиясының отырыс хаттамасын беруі.
      6. Энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттауға мемлекеттік органның даярлығы келесі іс-шараларды қамтиды:
      1) энергетика ұйымдары берген өтінімдерге сәйкес энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесін қалыптастыру және бекіту;
      2) энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау бойынша мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясын құру;
      3) өзінің ресми интернет-ресурсында энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесін орналастырумен энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізу туралы хабарлау.
      Аттестаттау комиссиясының құрамы мен энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесі мемлекеттік орган басшысымен бекітіледі.
      7. Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттауға мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің даярлығы келесі іс-шараларды қамтиды:
      1) энергетика ұйымдары берген өтінімдерге сәйкес энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесін қалыптастыру және бекіту;
      2) энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау бойынша мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясын құру;
      3) өзінің ресми интернет-ресурсында Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесін орналастырумен энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттауды өткізу туралы хабарлау.
      Аттестаттау комиссиясының құрамы мен энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі басшысымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 184 бұйрығына    
2-қосымша      

Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу тәртібін және мерзімдерін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар қолданылады:
      1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттаудан өтетін тұлғаның атқаратын лауазымының көлемі бойынша білім деңгейін анықтайтын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен құрылған комиссия;
      2) энергетика ұйымдарының басшылары – электр шаруашылығына және сенімді және еңбекті қорғау қызметіне (бөлімдеріне) жауапты тұлғалар болып табылатын энергетика ұйымдарының бірінші техникалық басшылары, сондай-ақ олар уақытша болмағанда орын алмастыратын лауазымды тұлғалар;
      3) энергетика ұйымдарының мамандары – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді (диспетчеризацияны), тұтынушыларды сенімді энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергетика ұйымдарының жұмысшылары;
      4) бiлімді біліктілік тексеру – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру.
      3. Егер энергетика ұйымдарының аттестатталатын басшылары, мамандары жаңа лауазымға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды.
      4. Осы Қағидалармен белгіленген жағдайларды есепке алмағанда, аттестаттау нәтижелері оны өткеннен соң келесi үш жыл мерзімінде жарамды.
      5. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандары осы лауазымға орналасқан күнiнен бастап үш айдан кешіктірмей энергетика ұйымында әрбiр келесi үш жыл өткен сайын аттестаттаудан өтеді.
      6. Демалыстағы, оның ішінде бала күтіміне байланысты немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жоқ болған жағдайда энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандары қызметке шыққаннан соң алты айдан кешіктірілмей аттестаттаудан өтеді.

2. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын
аттестаттаудан өткізу тәртібі

      7. Энергетика ұйымдары ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін аттестаттауға жататын энергетика ұйымының басшылары мен мамандарын көрсетумен, энергетика ұйымының бірінші басшысымен (лауазымдық нұсқаулықтың бекіту мерзімін сақтаумен) бекітілген лауазымдық нұсқаулықтардың көшірмесін және энергетика ұйымының басшысы қол қойған энергетика ұйымының маманының қызметтік мінездемесін берумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) береді.
      Жіберілетін энергетика ұйымы маманының қызметтік мінездемесінде:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні;
      2) білімі туралы мәлімет;
      3) аттестаттауды өткізу мезетіндегі атқаратын лауазымы және осы лауазымға тағайындау күні;
      4) алдындағы аттестаттаудан өту бойынша ақпарат, егер аттестаттаудан өту алғашқы рет жүргізілмеген жағдайда;
      5) электр энергетикасы саласындағы еңбек өтілімі;
      6) атқаратын лауазымындағы кәсіби және іскерлік қабілетінің бағасы.
      8. Аттестаттаудан өтуге Өтінімді қабылдауды мемлекеттік органмен, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау кезінде білімді біліктілік тексерудің соңғы нәтижелері ескеріледі.
      9. Белгіленген нысандағы өтінімнің берілмеуі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүргізетін электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын растаумен білімді біліктілік тексеруден өту бойынша электрондық базасында деректердің болмауы аттестаттаудан өткізуден бас тартудың негізі болып табылады.
      10. Мемлекеттік органның басшысы жыл сайын мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленген бұйрықты шығарады.
      11. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы жыл сайын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленген бұйрықты шығарады.
      12. Емтихан билеттері атқаратын лауазымында қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін үш сұрақтан тұрады. Емтихан билеттерінің сұрақтарының тізбесінде электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Рпубликасы заңнамасының, электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарының нормалары білімнің болуы энергетика ұйымдарының басшылары, мамандарының сәйкес қызметтік нұсқаулығымен қарастырылған сұрақтар кіреді.
      13. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптар дайындауға 30 минут беріледі. Емтихан билеттерінің сұрақтарына аттестатталатын тұлғаның ауызша жауаптарының дұрыстығын аттестаттау комиссиясы мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
      14. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі, сонымен қатар аттестаттау комиссиясының төрағасы басқалардан тәуелсіз аттестатталатын тұлғаның жауаптарын бағалайды. Аттестаттау комиссиясы төрағасының, әрбір мүшесінің бағалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін аттестаттауға жататын тұлғаның бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) енгізіледі.
      Аттестатталатын тұлғаның емтихан нәтижесі бойынша аттестаттау комиссиясының мүшелері өздерінің бағалау парағын аттестаттау комиссиясының хатшысына береді.
      15. Емтихан қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің берген бағалау парақтарының қорытындысы бойынша нәтижені шығаруды жүзеге асырады және жалпы орташа балды шығарады.
      16. Аттестатталатын тұлғамен емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы аттестаттау комиссиясының отырыс хаттамасында көрсетіледі.
      Егер емтихан қорытындысы бойынша жалпы орташа балл кемінде он екі балды құраса, аттестатталатын тұлға аттестаттаудан өтті деп саналады. Ең көп мүмкін балл саны он бес.
      17. Дәлелді себептермен (аттестатталушы тұлғаның жеке қатысуына мүмкіндік бермеген еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты ауру, жақын туысының қайтыс болуы немесе қатты ауыруы, қызметтік іссапар, еңбек демалысы, әскери жиындарда болуы) аттестаттауда болмаған аттестатталушы тұлға аттестаттауды тиісті аттестаттау комиссиясымен айқындалған мерзімде жұмысқа шыққаннан кейін өтеді. Болмау себептері тиісті құжаттармен дәлелденеді.
      18. Дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмеген жағдайда энергетика ұйымының аттестатталатын басшылары, мамандары аттестатталмаған деп танылады.
      19. Тиісті аттестаттау комиссиясы емтихан нәтижесінде, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталған жоқ.
      20. Аттестаттау комиссиясының мүшелерімен және хатшысымен қол қойылатын, тиісті аттестаттау комиссиясының шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда аттестаттау комиссиясының отырыс хаттамасы екі данада ресімделеді. Бір данасы аттестаттау комиссиясының сақталуында қалады, екінші данасы аттестатталмаған басшы, маманға беріледі.
      21. Аттестаттаудан өткен энергетика ұйымдарының басшыларына, мамандарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша аттестаттау комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күнінің ішінде аттестаттау парағы (бұдан әрі – Аттестаттау парағы) беріледі.
      22. Порталда аттестаттаудың нәтижесі мемлекеттік органнын уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында аттестатталатын тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      23. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес энергетика ұйымдарының аттестаттаудан өткен басшылары мен мамандары электрондық журналының нысаны бойынша аттестаттау парағы тиісті аттестаттау комиссиясының хатшысы тіркейді.
      Аттестаттау парағының нөмірі энергетика ұйымдарының аттестаттаудан өткен басшылары мен мамандары электрондық журналын толтырғандағы реттік нөміріне сәйкес.

3. Аттестаттау комиссиясы

      24. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшы бұйрығымен құрылады. Тиісті аттестаттау комиссиясының төрағасы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе басшы бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлға болып табылады.
      25. Аттестаттау комиссиясы төрағасын қоса алғанда, аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес адам кіреді. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
      26. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      27. Аттестаттау комиссиясының отырысы, толық құрамы қатысса, заңдық күші бар деп есептеледі.

4. Аттестаттау комиссиясы шешіміне шағым беру

      28. Аттестаттау комиссиясының шешіміне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.

Энергетика ұйымдарының басшылары
мен мамандарын аттестаттаудан 
өткізу қағидаларына      
1-қосымша           

Нысан

Кімге: _______________________________
(мемлекеттік органның атауы 

Аттестаттаудан өткізуге
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
             (энергетикалық ұйымның толық атауы)
______________________________________________________ ______________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН))    (лауазымы)
_____________________________________ аттестаттаудан өткізуді сұрайды
      (аттестаттаудың түрі)

Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ______________________________________________________ __ парақта.
2. ______________________________________________________ __ парақта.
3. ______________________________________________________ __ парақта.

Ұйымның басшысы _____________________________________________________
     (лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы))

                                                                   МО

20__ ж. «___» ______________

Энергетика ұйымдарының басшылары
мен мамандарын аттестаттаудан
өткізу қағидаларына      
2-қосымша          

Нысан

Аттестаттауға жататын тұлғаны бағалау парағы*

_____________________________________________________________________
Аттестаттаудан өтетін тұлғаның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған
жағдайда))

Емтихан билетінің №

Cұрақ №

Аттестаттаудан өтетін тұлғаны бағалау (өте жақсы - «5», жақсы - «4», қанағаттанарлық - «3», қанағаттанарлықсыз - «2»)


1


2


3


Барлығы:


Аттестаттау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі:
_________________    ________________________________________________
      (қолы)          (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Күні «____» _____________ 20___ ж.

      *Ескертпе:
      Аттестаттау комиссиясының төрағасымен немесе мүшесімен толтырылады.
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптен басқа, бағалау парағы үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды, бағалау парағындағы мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.

Энергетика ұйымдарының басшылары
мен мамандарын аттестаттаудан 
өткізу қағидаларына     
3-қосымша           

Нысан

Аттестаттау комиссиясының отырыс хаттамасы
№ ___
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

«____» _____________ 20___ ж                       __________________
                                                      (өткізу орны)

«____» ___________ 20___ жылғы № _______
_____________________________________________ бұйрық негізінде қызмет
ететін аттестаттау комиссиясы
Жүргізілген емтихан негізінде ___________ жалпы орташа балды құрайды.

Аттестаттау комиссиясымен келесі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

_______________________________________________ аттестатталды немесе
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
аттестатталмады

Комиссия төрағасы: _______ __________________________________________
                    (қолы)     (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған
                                            жағдайда))
Комиссия мүшелері: ________ _________________________________________
                    (қолы)     (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған
                                            жағдайда))
___________________ _________________________________________________
      (қолы)         (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
___________________ _________________________________________________
      (қолы)         (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
___________________ _________________________________________________
      (қолы)         (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Хатшы: __________ ___________________________________________________
        (қолы)       (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Энергетика ұйымдарының басшылары 
мен мамандарын аттестаттаудан  
өткізу қағидаларына       
4-қосымша           

Нысан

№______ аттестаттау парағы

___________________
(өткізу орны)  

_____________________________________________________________________
   (мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

Аттестаттау түрі ____________________________________________________
             (аттестаттау түрін көрсету (бастапқы; кезекті; қайта))
_____________________________________________________________________
Аттестаттау тұлғасының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Аттестаттаудан өту кезіндегі лауазымы _______________________________
Аттестаттау комиссиясының шешімі ____________________________________
___________________ _________________________________________________
      (қолы)          (Аттестаттау комиссиясы төрағасының Тегі, Аты,
                          Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

МО

___________________ _________________________________________________
      (қолы)          Аттестаттау комиссиясы хатшысының Тегі, Аты,
                            Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Аттестаттауды өткізу күні «____» _____________ 20___ ж.

Энергетика ұйымдарының басшылары
мен мамандарын аттестаттаудан 
өткізу қағидаларына      
5-қосымша            

Нысан

Энергетика ұйымдарының аттестаттаудан өткен басшылары мен
мамандары электрондық журналы

р/с

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Жұмыс орны

Аттестаттау комиссиясының отырыс хаттамасының күні, нөмірі

Аттестаттау парағының нөмірі

1

2

3

4

5

6













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады